Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3725 0 пікір 30 Қараша, 2012 сағат 08:45

ҚУАТТЫ АРМИЯ – ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН!

Гвардейск гарнизонында Қорғаныс министрлігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі алқасының көшпелі отырысы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес Қарулы Күштердің 2012 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылып, әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жай-күйі, жауынгерлік әзірліктің сапасын көтеру, сондай-ақ армия басшылық құрамының әскери тәртіп пен құқықты қамтамасыз ету бойынша жұмысы қаралды.

Гвардейск гарнизонында Қорғаныс министрлігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі алқасының көшпелі отырысы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес Қарулы Күштердің 2012 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылып, әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жай-күйі, жауынгерлік әзірліктің сапасын көтеру, сондай-ақ армия басшылық құрамының әскери тәртіп пен құқықты қамтамасыз ету бойынша жұмысы қаралды.

Алқа отырысын ашқан Қорғаныс министрі Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ:

- Біздің басты тапсырмаларымыздың бірі - әскерлердің жауынгерлік әзірлігінің сапа көрсеткішін арттырып, кәсіби әскери басқару корпусын құру, сондай-ақ қатер төндіретін кез келген қауіп-қатерлерге дер кезінде жауап беру болып табылады, - деп атап өтті. 
Жалпы ағымдағы жыл жауынгерлік әзірлікті жетілдіру және әскери жат­ты­ғу­л­арды өткізу шараларына толы болды. Оның барлығы жаңа Әскери доктрина ережелерінің талаптарына сәйкес, Қарулы Күштерді қолдану Жоспары аясында жүргізілді. 
Жыл бойы әртүрлі деңгейдегі 80-ге жуық жаттығулар өткізілді. Қорғаныс министрі жауынгерлік тапсырмаларды орындарда әскерлерді кез келген жағдайға яғни таулы жерде, теңіз жағасында, қала ішінде, күрделі ауа райында және тәуліктің кез-келген уақытына бейім болуға оқытудың қажет екенін атап өтті. 
Алдағы 2013 жылғы жауынгерлік жарыстың ұраны: «Қуатты Армия - Қуатты Қазақстан!» деп аталады.
Қорғаныс министрі:
- Ұшу, жүргізу көрсеткіштері көңіл көншітерліктей, енді Елбасы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы талап етіп отырғандай, жауынгерлік дайындықтың сапасына барынша көңіл бөлуіміз керек, - деді. 
Болашақта екіжақты жаттығулар өткізудің қажеттілігіне назар аударған министр жауынгерлік қимылдар театрындағы нақты жағдайды сезіну үшін шартты қарсыластың нақты адамдардан құралуын баса айтты.
- Биыл әскерлердің жауынгерлік қабілетін тексеру мақсатында жеке құрам марш жасай отырып, жоспарланбаған ауданда ең ауыр жауынгерлік қимылдарды тәптіштеді - деп атап өтті Қорғаныс министрі. - Осы тәжірибені алдағы жылы да жалғастыру қажет.
Қарулы Күштерді техникалық жарақ­тандыру жауынгерлік дайындықтың ажырамас бөлігі екені аян. Қарулы Күштердің басшылық құрамы қару-жарақ пен оқ-дәрілердің, әскери техниканың есебі мен оларды сақтау мәселелерін талқылады. Министр сеніп тапсырылған нысандар үшін жауапкершілік командирлерге тікелей жүктелетінін қадап айтты. 
Сонымен қатар, алқа отырысында­ әс­керлерді қамтамасыз ету, полигон­ жабдықтарына қызмет көрсету, халықаралық ынтымақтастық және әскери тәртіп мәселелері де қаралды.
Әскери тәртіпке жасалған талдау Қарулы Күштерде бұл тақырыпта айтарлықтай ілгерілеу барын көрсетіп берді.
Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің басшылық құрамына әскери бөлімшелерде тәртіпті нығайту бойынша нақты шаралар қабылдауға тапсырмалар берді. 
Күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталып келеді. 1-желтоқсан - Тұңғыш Қазақстан Президенті күні жас сарбаздар ант қабылдайды. Әскери резервті даярлауда атқарылған жұмыстардың ауқымы зор. Алқа отырысында запастағы офицерлерді шақыру және офицерлерді жоғарғы оқу орындарында даярлау жөнінде сөз болды. Мамандарымызды өз елімізде даярлауымыз керектігіне баса көңіл бөлінді.
Министр Қарулы Күштердің алдына алдағы 2013 оқу жылының тапсырмаларын нақтылап берді. Оның ішінде әскерлердің далалық білігін жетілдіру, жауынгерлік дайындық пен әскери кадрлардың сапасын арттыру, әскери гарнизондардың инфрақұрылымын дамыту, өндірістің жаңа технологияларын енгізе отырып, отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін қолдау шеңберіндегі жұмыстарды жалғастыру бар. 
Қорғаныс министрі қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстардың дер кезінде орындалуын баса айтты. Әрбір лауазымды тұлға Отан қорғау жолындағы ортақ ісімізге лайықты үлесін қосатынына сенімдімін деді. 
Алқа отырысы өтер алдында Жамбыл облысы Гвардейск гарнизонының «Мәтібұлақ» полигонында Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштері басшылық құрамының оқу-әдістемелік жиыны өткенін атап өткен жөн.
Генералдар мен офицерлер бірінші кезекте дене тәрбиесі дайындығы бойынша нормативтер одан соң атыс дайындығынан және жауынгерлік машиналарды жүргізуден сынақ тапсырды. Олар әскери техниканы күрделендірілген кедергілері бар жолдармен жүргізіп, өз шеберліктерін танытты.
Жиын қорытындысында атыс дайын­дығы бойынша Қазақстан Армиясы бас­шы­ларының жақсы нәтиже көрсеткендігі ата­лып өтті.

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ

"Түркістан" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610