Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5225 0 пікір 30 Қараша, 2012 сағат 08:19

Әбілқайыр мен Әбілмәмбет

Бұл мақаланы жазуға тарих ғылымда­ры­ның докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтар­дың «Әбілмәмбет хан» туралы «Егемен Қа­зақ­стан» газетінің 2012 жылдың 15 қарашадағы санында дүниесі себепші болды.

Жоғарыдағы мақалада Абылай ханның, Әбілқайыр хан мен Әбілмәмбет хандардың ауыздарынан «жүз» - деген сөз шығады. Аталған аталары­­­­мыз ол сөзді естімей кеткен. Өйткені, ол хандар­дың тұсында «жүз» деген сөз болған жоқ. Мен сол заманға қатысты мыңдаған хаттарды қолмен көшірдім, жүз­деген хаттардың көшірме­сін алдым. Бірде-бір хатта «жүз» деген сөз кездескен жоқ.

Автордың Әбілмәмбет ханның тарихтан алатын орнын ерекше дәріптеп Әбілқайырдан ке­йінгі бас хан болды деуі ешбір қисынға жатпайды. Әбілмәмбет ханның өте ақылды, сал­мақ­­ты, менмендігі жоқ, адам баласына жақсы­лық әкелсем деп тұратын жүрегі таза әрі ақкөңіл азамат екендігін архив материалдарынан аңғару қиын емес. Ол Абылай сұлтанды жақын інім деп есептеп онымен санасқан, Орта Ордадағы хандықты басқару­­­ды сеніп тап­сырған. Абылай да оның сенімін ақтады. Ресей канцлері, губернаторлар Абылайды Әбілмәм­бет ханға қарсы қоюға тырыс­ты. «Абылайды хан етіп сайлаймыз», - деді. Абылай сұлтан ешбір сөзге ермей, олардың ұсыныстарынан бас тартты, Әбілмәмбет ханға есеп беріп, қиын мәсе­лелерде ақыл­дасып барып шешім қабыл­дап отырды. Өйткені, ол заңды ханды аттап өтпеді.

Бұл мақаланы жазуға тарих ғылымда­ры­ның докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтар­дың «Әбілмәмбет хан» туралы «Егемен Қа­зақ­стан» газетінің 2012 жылдың 15 қарашадағы санында дүниесі себепші болды.

Жоғарыдағы мақалада Абылай ханның, Әбілқайыр хан мен Әбілмәмбет хандардың ауыздарынан «жүз» - деген сөз шығады. Аталған аталары­­­­мыз ол сөзді естімей кеткен. Өйткені, ол хандар­дың тұсында «жүз» деген сөз болған жоқ. Мен сол заманға қатысты мыңдаған хаттарды қолмен көшірдім, жүз­деген хаттардың көшірме­сін алдым. Бірде-бір хатта «жүз» деген сөз кездескен жоқ.

Автордың Әбілмәмбет ханның тарихтан алатын орнын ерекше дәріптеп Әбілқайырдан ке­йінгі бас хан болды деуі ешбір қисынға жатпайды. Әбілмәмбет ханның өте ақылды, сал­мақ­­ты, менмендігі жоқ, адам баласына жақсы­лық әкелсем деп тұратын жүрегі таза әрі ақкөңіл азамат екендігін архив материалдарынан аңғару қиын емес. Ол Абылай сұлтанды жақын інім деп есептеп онымен санасқан, Орта Ордадағы хандықты басқару­­­ды сеніп тап­сырған. Абылай да оның сенімін ақтады. Ресей канцлері, губернаторлар Абылайды Әбілмәм­бет ханға қарсы қоюға тырыс­ты. «Абылайды хан етіп сайлаймыз», - деді. Абылай сұлтан ешбір сөзге ермей, олардың ұсыныстарынан бас тартты, Әбілмәмбет ханға есеп беріп, қиын мәсе­лелерде ақыл­дасып барып шешім қабыл­дап отырды. Өйткені, ол заңды ханды аттап өтпеді.

Әбілмәмбетке мәселе шешілгеннен кейін хабарлап отырған. Әбілмәмбеттің өзі де қажет болғанда Абылайдан көмек сұраған, Абылай­ға: «Келіп кетші. Мына қарақалпақтар мен хиуа­лықтарды тәртіпке шақырып кетші», - деген де тілектері туралы хаттар бар. Олар бірінен бірі ақыл, көмек сұрауға арланған жоқ.

Қазақ халқының ғана емес түркі әлемінің мақтанышы, ақындардың дүлдүлі Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында Абылай ханды былайша жырлады:

Алыстан орыс, Қытай - ауыр салмақ,

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ,

Артында ор, алдында - көр, жан-жағы жау.

Дағдарған алаш енді қайда бармақ?

Сол кезде елге қорған болған Абылай

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап,

Күндердің бір күнінде хан Абылай

Қалмаққа - (ойына алды) - ойран салмақ,

Ханынан: «Аттан» - деген сөз шыққан соң.

Ордаға батыр, билер келді аңдап.

Әбілмәмбет хан Қалдан Сереннің қол ас­тын­да 1743-1757 жылға дейін Түркістан қала­сын­да хан болды. Сол кезде Орта Орданың хан­дығы толығымен Абылай ханға көшті (Әбілмәмбеттің тілегіне сәйкес).

Жоңғардың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін оның күңнен туған ұлы Дорчжи хандық­ты зорлықпен басып алғанын тарихшылар біледі. Тарихшы Әбілсейіт Мұқтар да Даваци және Амурсана деген ұлдарының Абылайдың қол ас­тына қашып келгенінен хабардар деп ойлаймын. Оларды қазақ жерінде қалдыру мәсе­лесін шешу үшін Абылай асқан данышпан­дықпен Ұлы­тауда «съезд» ашқан. Ал мақалада осы жай туралы ештеңе айтылмайды. Сонда ол кімдер­мен айтыс­ты, таласты, кімді жан тә­німен қор­ғады? Не үшін? «Даваци мен Амур­сананы қал­мақтарға қай­тар» - деп қаса­рысып отырып ал­ған Әбілмәм­бет хан мен Малайсары би болатын. Бұл мә­селеде Абылайды Бөгенбай батыр, Шақ­шақ Жәнібектің ұлы Дәуіт, Төле бидің қол­да­ғанын мен «Абылай хан» атты кітабымның 13-томында жазған болатынмын.

Әбілқайыр ханның тарихтан алатын орнын мен «Президент және Халық» газетінің 2011 жылғы ақпан-наурыз айларындағы төрт санында, сондай-ақ, «Ана тілі», «Түркістан», га­зет­те­­рінде «Алаш», «Дарабоз» журналдарында жаз­ған едім. Кітап­тарымда да келтірілген тың деректер аз емес.

Нақты деректерге жүгінейік. Атақты Төле би Әбілмәмбет хан Түркістанға хан болып сайлан­ғанда әдейілеп барып құттықтап, ханға біраз ақыл айтқан еді. Сол ақылын орындауға Әбілмәмбет ханның батылы жетпеді. Ол туралы жоғарыда аталған архивте (1744 ж. 24 маусым, қор 122 тізім 1 іс 1) былай деген (107 бетінде). (Архивтегі жазбаға түзету жасалма­ған. - Б.Н.).

«... 4. В бытность его Мансура тами, по приезде ихъ в другой месяц приезжалъ в Туркестан из Большой Орды знатнейший касаченинъ Тюля Би, который в Ташкенте больше хана владетъ почитается для свиданія с нимъ Абулмаметъ ханом, по приезде моему с нимъ Абулмаметъ наиболее в том, советовал его дабы они кайсаки от Российского государства не отставали, и против аного верно поступали, Чтобы не только им Средней и Меньшей Ордамъ въ пребываніи при Российской стороне, но и Большой бы Орде к переходу туда жъ свобода была объявлена, чтобы на Зенгорскихъ калмыкъ не надеялись, но больше опасались. Ибо де от нихъ добра не будетъ. От которых в случае утеснения и они Большой (стр 108) Орды кайсаки спасения себе более найтить не знаетъ какъ перекочевкою к Российской же стороне...»

Менің еңбектерімде Әбілқайыр ханның Әбілмәмбет ханмен Орта Орданың ханы болуды ойлап айтысқаны туралы өте көп құжаттар бар. Архивте 110 беттей екеуінің айтысы бар. Оны толық айтып жатудың қажеті жоқ. Әбілқайыр хан Әбілмәмбетті қорлап: «Сен хан бола ал­май­сың. Кет», - дегенге дейін барған.

Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтан Орынбор­­дың генерал-губернаторы Неплюевке бармады. Біз сөз етіп отырған мақа­ла­ның авторы қолында архивтің құжаты болмаған­дықтан, Ресей империясына сенімсіздікпен қарауды негізгі себеп ретінде қарастырып, оларды «өлтірмекші болды» дейді.

Әбілқайыр хан Тәуекел және Тәуке хандар­дың тілегін орындап, Ресейдің қол астына одақтас ретінде кіру мақсатында Ресей императорына: «Мен күллі қазақ халқы­ның ханымын» - деп хат жазды. Ол өзі Ресейдің елшісі Тевкелевке былайша мойындады (Архивке қалай жазылды солай беріп отырмын - Б.Н.): «...Объявляю якобы сущую свою правду ради чего один без согласия других пожелал быть в подданстве Всероссийскомъ. Первая притчина из древнихъ лет предки его и онъ Абылхайыр ханъ владели городами Ташкентъ, Туркестанъ, Сайрам принадлежащими деревнями и киргизами, казаками и учинили у него Абулхайыр хана войну с Хонтайшою многия годы. И не могъ с нимъ управится, принужденъ онъ был вышеозначенные города, оставя выехать къ кочевнымъ народамъ киргисъ-кайсакамъ. И потом многия годы имели с нимъ Хонтайшею войну и недовольствуя тем стали воевать и с Волжскими калмыками и Ордскими башкирцами и Бухарами и Хивой...»

Осылай Әбілқайыр хан Ресеймен одақтас болу үшін өтірік айтуға мәжбүр болған.

Ресейдің елшісі Тевкелев тағы да былай дей­­­­ді (Ресей Империясы сыртқы істер минис­тр­ліг­і­нің сыртқы саясат архиві, қор 122 тізім 1 іс 1): (хатта қалай жазылған солай жеткізіп отыр­мын - Б.Н.) «По неже киргисъ-кайсацкая Орда Государыни разделена на три части, а именно: Большая, Средняя, Малая Орда» (Әбіл­­сейіт Мұқтар архивтегі «орда» деген сөз­ді «жүз» - деп көрсеткен. Бұл дұрыс емес. -Б.Н.).

Сауатты адамға түсінікті емес пе? Тайға таңба басқандай анық жазылған: «Әбілқайыр хан ешуақытта қазақ халқының бас ханы болған емес, тіпті болуы мүмкін де емес. Ол хан болуды сұрап отырған жоқ. Әбілқайыр хан «бүкіл қазақ әскерінің қолбасшысымын» деп өз арманын іске асырғысы келген.

Ресейдің қол астына одақтас болып кіруге сұранған кезде Әбілқайыр хан хатында және антында: «Қол астарыңызға 40 мың сарбазбен кіремін», деді. Күллі халықпен деген сөз жоқ. Ал ол Кіші Ордаға хан болған кезде Орта Ордада Сәмеке, Үлкен Ордада Жолбарыс хан болатын. Сонда ол қалайша күллі қазақ халқының бас ханы болмақ?

Әбілқайыр хан Кіші Орданың өзіне де толық хан бола алған жоқ. Батыр сұлтан бір­не­ше руды бөліп алып өзін хан сайлатты. (Ол Қайып ханның ұлы. Жол соныкі болатын  - Б.Н.). Адай елі тіпті ешбір хандарды мо­йын­­даған жоқ. Үлкен Ор­даның шын иесі Төле бидің өзі 1723-1757 жыл­дарға дейін жоңғар­лардың қол астында болды.

(1731 г. фонд 122 опись 1 дело 1 (Бұл хатпен ешкім таныспаған). Ресей императо­ры­ның өзі: «И мы Великая Государыня нижайше Императорское Величество тебя киргисъ-кайсацкого Абулхайыр хана назначаем старшиной Киргисъ-кайсацкого войска». Міне, күллі Қа­зақ халқы­ның ханын емес, әскер қолбас­шы­сына тағайын­даймыз деген сөз.

Абылай хан Әбілмәмбетті өте құрметтеді. Сол себепті Абылайды Ресей хан сайлаймыз дегенде одан бас тартқанын жоғарыда айт­тық. Оған менің кітабымдағы канцлердің хаты және Абылай ханның жауабы арқылы да көз жеткізуге  болады. Тіпті, Әбілмәмбет өлген­нен кейін хан­дыққа оның ұлы Әбіл­фейізді ұсынған да Абылай емес пе?!

Бірақ халық іс жүзінде Абылайды 1738 жылдардан хан деп есептеді. Солай санасты. Оның айтқанын екі еткен жоқ, құрметтеді. Абылай хан туралы бұрынғы мақалалары­мыз­да аз айтылған жоқ. Бұл арада оларды қайта­лаудың қажеті жоқ қой деп ойлаймын.

Мен кейбіреулердің Әбілқайыр хан мен Абылай ханды біріне-бірін қарсы қоюға тырысатындарын түсінбеймін. Әбілмәмбет хан мен Абылай хан ешуақытта бақталас болған емес. Барлық мәселені өзара ақылдасып ше­шіп отыр­ған. Архивте Әбілмәмбеттің Қытай елші­сіне берген жауабында: «Орта Ордаға байланысты мәсе­лелерді Абылай сұлтанмен шеші­ңіздер», деп оларды Абылай ханға жіберген хаты бар. Жо­ға­рыдағы сөздерімізге одан артық қандай дәлел керек.

Әбілсейіт Мұқтардың мақаласындағы та­ғы бір қисынсыз жайға назар аударғым ке­ле­ді. Автор: «...1740 жылдың күзінде Ералы сұлтан Орта жүздегі (Орда - Б.Н.) керей руы қазақ­та­рының ханы болып сайланды», деп жазады. Сірә, бұл өтірік Орта Ордада бірнеше хандық болды деген ұғым туғызу үшін айтылса керек. Ералыны Абылай хан өзінің туған інісіндей сыйлады. Ешқандай сайлау болған жоқ. Оны сол елге стар­шын етіп тағайын­даған Абылай хан. Архив­тің ешбір жерінде Ералы керейлерге хан болып сайланды деген сөз жоқ.

Тағы да қайталап айтамын, Әбілмәмбет хан­ның рөлін Абылай ханнан жоғары қоюға тырысып, сол арқылы Әбілқайырды аспандату - та­рих­қа қиянат. Әбілқайыр бүкіл қазақ халқы­ның ханы болды деу бұл ақты қара дегенмен тең. Ресей императоры да ондай жарлық берген жоқ. Мен Әбілқайыр ханды қазақ халқына адал, ерек­ше ерлігі сіңген батыр ретінде дәріп­теу­ші­нің бірімін. Оны қазақ халқының ерекше тұл­ғасы, батыры ретінде жазамын. Әбілқайырға астанадан көше беру, ескерткіш қою қажеттігі туралы ұсыныстар­ды да тиісті орын­дарға жаздым. Қорытынды шығар деген үміттемін.

Әбілқайырды алдыңғы қатардағы әскер қол­­­­­басшысы болған деп дәріптеу керек. Ха­лық­­тың жүрегінде батыр ретінде орын алған, алуға да тиісті. Оны Бөгенбай, Қабанбай, Шақ­шақ Жә­нібек, Баян, Жауғаш, Жарыл­ғап, Толыбай, Бөкенбай, Есет, т.б. батыр­лардың көшбасшысы болған еді деу орынды.

Абылай хан мен Әбілқайыр ханның, Әбіл­мәмбет хан және басқа тұлғалардың тарихтан ала­тын орындарын тарих өзі белгіл­е­ген. Оны ен­ді жаңартып өз ыңғайымызға бұруға болмайды.

Тарихи деректер Абылай хан мен Әбіл­мәм­бет ханның адамгершіліктері өте жоғары жандар екенін дәлелдейді. Абылай хан Әбілқайыр ханды әкесіндей сыйлаған. Тіпті сол заманда ол екеуі «хан» деген дәрежеге мән бермей, туыс­қандық жағына көп мойын бұрғанға ұқсайды (1741 жылы Орынбордың губернаторы Урусов­тың осы екі алыптарды қабылдаған есебі менің «Абылай хан» атты кітабымның 3-томында жа­рияланған. Әбілқа­йыр ханды Сырымбет батыр өлтіргеннен кейін (Барақ сұлтан емес) Абы­лай­дың отбасына жасаған жақсылығы да ұмытыл­мақ емес. Бопай шеше былай депті (1748 жыл қыркүйектің 13, қор 122 тізім 1 іс 3: "...Әдейілеп бізді өлтіруге жіберген жансыздарын Абылай сұлтан естіп, біздің арақаты­на­сымыз жақсы болғандықтан, өзінің әскерімен алып кетті. Абылай сұлтанға көп рахмет. Балаларымды ажалдан алып қалды...».

Бәріміздің міндетіміз халыққа шындықты жеткізу. Осы салада адал болайық.

Болатбек НӘСЕНОВ,

тарих ғылымдарының докторы,

құрметті профессор.

"Егемен Қазақстан" газеті

 

0 пікір