Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4201 0 пікір 29 Қараша, 2012 сағат 08:32

Интерент-конференция: Молдияр Серікбаев

Конференциямыздың кезекті қонағы - геолог-картограф Молдияр Серікбаев оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға толық жауап беріп отыр. Молдияр ағамыз Жаңаөзен қаласының атауын ауыстыруға байланысты ойын айта келіп: «Жаңаөзен қаласының атауын өзгерту мәселесінде халықтың, жергілікті жұрттың, қоғамның пікірін, көзқарасын міндетті түрде есепке алып, санасу шарт», дейді. Молдияр Серікбаев өзгеде сауалдарға берген жауаптарын төменнен толық оқи аласыздар!

«Abai.kz»

Өмірбаян

Молдияр аға 1933 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Жаңаталап жеті жылдық мектебінде сауат ашып, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауылында Абай атындағы он жылдық мектепті тәмамдаған. 1951 жылы С. М. Киров атындағы Университеттің геологоия-география факультетінің геология бөліміне түсіп, аталған оқу орнын 1956 жылы 26 маусымда тәмамдаған. Мамандығын куәландыратын дипломы қолына тиісімен  Екатеринбург қаласында орналасқан КСРО-ның құрылыс минситрінің жанындағы Орал геолнерудтресстің  геологиялық экспедициясына қызметке тұрады.

Конференциямыздың кезекті қонағы - геолог-картограф Молдияр Серікбаев оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға толық жауап беріп отыр. Молдияр ағамыз Жаңаөзен қаласының атауын ауыстыруға байланысты ойын айта келіп: «Жаңаөзен қаласының атауын өзгерту мәселесінде халықтың, жергілікті жұрттың, қоғамның пікірін, көзқарасын міндетті түрде есепке алып, санасу шарт», дейді. Молдияр Серікбаев өзгеде сауалдарға берген жауаптарын төменнен толық оқи аласыздар!

«Abai.kz»

Өмірбаян

Молдияр аға 1933 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Жаңаталап жеті жылдық мектебінде сауат ашып, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауылында Абай атындағы он жылдық мектепті тәмамдаған. 1951 жылы С. М. Киров атындағы Университеттің геологоия-география факультетінің геология бөліміне түсіп, аталған оқу орнын 1956 жылы 26 маусымда тәмамдаған. Мамандығын куәландыратын дипломы қолына тиісімен  Екатеринбург қаласында орналасқан КСРО-ның құрылыс минситрінің жанындағы Орал геолнерудтресстің  геологиялық экспедициясына қызметке тұрады.

1958 жылдан бастап 1972 жылға дейін жерді картаға түсіру экспедициясында геолог болып қызмет атқарды. Бұл экспедицияның  құрамында Ленинградтан, Мәскеуден, Воронежден, Самарқанттан, Киевтен, Львовтан жоғары оқу орындарын  бітірген кешенді білімі бар геологтар жұмыс істеді.

1972-1991 жылдар аралығында Қ. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдыр иниститутында бас маман, жетекші инженер болды.

1991-1993 жылдар аралығында геология министрлігінің қазақ геология қорында жетекші маман болып істеді.

Картография-геодезия қорының шақыруы бойынша ол 1994-95 жылдары қазақ тілінде әкімшілік-аумақтық карта жасап шықты. 1995-2003 жылдар аралығында 14 облыстың аумақтық-әкімшілік картасын жасады. 2003 жылдан 2006 жылға дейін Қорғаныс министрлігінің картография саласымен айналысатын орталығында болып,  Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Қытаймен және Орта Азия  елдерімен шектесетін аймақтарын қамтыған  26 парақтан тұратын аумақтық-әкімшілік картасын қағазға түсірді.

 

- Молдеке, қазақ даласында Дегерес деген тау аттары көп. Дегерес деген сөз нені білдіреді?

- Дегерес  - моңғол тілінен алынған сөз. Ол - жабайы ешкі деген мағынаны білдіреді. Дегерес атаулы тау сілемдері Қаратауда, Шу мен Іле  айырығының құрамында Дегерес таулары бар. Сарыөзектің оңтүстігінде  Матай тауының жалғасы да Дегерес деп аталады.

- Қаратауда Торлан деген асу бар. Торланның мағынасы не?

- Торлан  - бүлінген атау. Оның тарихи атауы - 1390-ншы жылдарда Темірлан жорығымен байланысты пайда болған Темірлан асуы болуы керек. Бұл дерек - Иван Василиевич Бушкетовтың 1906 жылы жарық көрген «Түркістан» атты момнграфиясында көрсетілген. Челеби облысында Варна деген қала бар. Сонда Темірлан мұнарасы тұр. Жаңағы Торлан деген асу дұрыс атау емес. Өйткені, Ордабасы ауданының орталығы - Темірлан. Орысша шыққан газеттерде көптеген жер-су атауларын дұрыс жазбай жүр. Мысалы, Темір деген атты Тимур, Темірланды Тамрлан деп жүр.

- Аға, мен жер қойнауын пайдаланушыларға жобалар жасаймын. Әзірше көбінесе орысша талап етеді сол жұмыстарды тапсырыс берушілер. Сондағы жер, су атауларын қазақша Жамантұз, Кеңқия деп, мысалы, қазақша жазамын. Сонда мем.органдардағылар: олар бұрыннан орысша аталып кеткен, сондықтан адамдарды шатыстырмау үшін сол күйінде жазу керек дейді. Ал мен болсам, қазақша атаулар қашанғы бұрмалана береді, түсінбегендер басқа да источниктерден қарайды деп қырсығамын. Қайсымыздікі дұрыс?

- Оны қазақша жазу үшін жақсылап транскрипциялау керек. Сосын орысша аудару қажет.

- Қазір жер бедерелерін, мемлекетаралық шекара сызықтарын, бәрін-бәрін интернет арқылы ғарыштан көруге болады. Ғылым мен техника осынша дамыған заманда қолына қағаз бен қарындаш ұстап жүретін геолог-картографтарға жұмыс қалды ма, жоқ па, қалай ойлайсыз?

- Оның бәрін басқарып отырған ұйымдар бар,  ұйымдардың  бастығы бар. Басқармасы, комитеті, агенттіктері бар. Қызмет істері жөніндегі агенттік басшысы Әлихан Бәйменов сол ұйымдарға қызметкерлерді конкурс арқылы алуы тиіс. Мысалы, қандай мамандар керек, қандай мамандар жетіспей жатыр, соның бәрін координациялап отыруы қажет. Геолог ретінде айтарымыз, геологиядан тұғырлы классикалық мамандар дайындайтын факультет ашылуы керек. Картография, геодезия саласының мамандарын дайындайтын координациялық орталық жоқ. Мәселен, Ресейде картография, геодезия университеті бар. Ал, бізде картография, геодезия унверситеті түгіл, факультет те жоқ. Картография, геодезия саласынан ғылми зерттеу әдістемелік орталықтар жоқ. Ал, Ресейде Новосібір, Мәскеуде ғылыми зерттеу институттары жұмыс істеп тұр.

- Жаңаөзен қаласына Бекет Атаның атын берейік деп Маңғыстау облысындағы сізбен қатарлас кісілер Қазақстанды шулатты. Сіз әлгіндей ұсынысқа қалай қарайсыз?

- Оны салмақтау керек. Жаңаөзен кенін ашқан Жарылғасын Дәуітов болатын. Сондықтан бұрынғылардың еңбектерін сызып тастауға болмайды. Мәселен, Арыстан баб, Пір Бекет, Яссауи, Қошқар ата секілді атауи кесенелер бар. Белгілі қалаға немесе ауыл-ауданға ат берерде би-болыстардың, ұлы тұлғалардың атақты адамдардың халық үшін еткен еңбектерін бағалап беруге болады. Табиғи бедерлік аттарынан алшақтап кетпеуі керек.

Жаңаөзен қаласының атауын өзгерту мәселесінде халықтың, жергілікті жұрттың, қоғамның пікірін, көзқарасын міндетті түрде есепке алып, санасу шарт.

- Осы бір кісілер қазақта бұрын-соңды шекара болмаған деп жүр ғой. Осы рас па? Шекарасыз, қорғансыз мына далиған далада қалай өмір сүріп келдік? Маған осыны түсіндіріңізші.

Жандар

- Әр тайпаның, әр әулеттің, әр болыстың, әр аймақтың шекарасы болған. Әр ауылдың қыстауы, жайлауы, күзеуі, көктемесі болған. Оған қоса, бейіттер болған. Шекарасыз ел болмаған. Мәселен, Қазақ хандығының өз шекарасы болған.

- Қазақстанның геологиялық қорында не бар? Ол қор қазір қайда? Қалай жұмыс істеп жатыр?

- Қазақстанның геологиялық қорында барлық қазба байлықтар бар. Бірақ, байлық бір күні таусылады. Бізде қазба байлықты үнемдеу тұжырымдамасы қалыптаспаған. Мысалы, алтын қоры көп. Алайда, оны үндемдеуіміз керек. Сол сияқты мұнай, газ сияқты байлықтарымызды өзімізде өңдеуіміз қажет. Қазір шикізатты бізден алып, өңдеп, өзімізге қымбат бағамен сатып отыр.

Екінші бір мәселе - қазба байлықтарды кім иеленіп отыр? Қазба байлықтың жақсылығын кімдер көріп отыр, кімдеп байып отыр? Қазба байлықтан қазақтың үлесі қайда? Қазба байлық тапқандардың үлесін мен оның ұрпақтарының үлесі ше? Бұл сауалдар басы ашық күйінде қалуда. Бізден кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз? Соны осы бастан ойлануға тиіспіз!

- Молдияр аға, ізбасар шәкіріт інілеріңіз бар ма, әлде бұл салаға банкир, заңгер, кеденші, әкім болуды ғана армандайтын кейінгі жастар жоламай ма? Картограф мамандығы туралы сәл таратып айтыңызшы. Бұрынғы сіз оқыған оқу орынында (қазіргі әл-Фараби) аталған факультет бар ма? Болса, оны жылына қанша студент тәмамадайды екен?

Шағи

- Шәкірттерім болуы үшін үлкен бір салаларды басқаруым керек. Кезінде геологиялық картографияны дамыту үшін, арнаулы геологиялық картографияны дамыту үшін, үлкен ұлттық кадрларды шоғырландыру үшін үлкен партия құрмақшы болған едім. Сол кездегі геология басқармасын басқарған Қыдырбеков, Жаймин, Стеценко менің кандидатурама қарсы шығып, жаңағы жоспарды іске асыруға кедергі жасады. Содан кейін 20 жыл бірге істеген, мені геологияға үйреткен Вениамин Беспалов маған былай деді: «Жоспарлаған жұмысыңа екі қазақ, бір украиндық қарсы деді». Содан соң, мені геология институтына өзімен бірге алып кетті.

Қазіргі жастар әрине, геолгия-картогарфияға саласына барады.  Сондықтан, бұл саланы жан-жақты насихаттап, оқу бітіргеннен кейінгі тұрақты жұмыс орындарын кепілдікпен алдын-ала дайындау керек.

Картограф  ғылымның барлық саласында картографияны пайдаланады. Менің есебімде, картографияны пайдаланатын 20-дан астам сала бар.  Айтайын: геологиялық картография, топрықтану картографиясы, геоботаникалық картография, зоологиялық картография, гидрогеологиялық картаграфия, сейсмологиялық картография, археологиялық картография, тарихи картография... осылай жалғасып кете береді.

Новосібір, Киев, Львов, Петербор, Мәскеу, Ташкент университеттерінде геологиялық факультеттер сақталған. Ал, бізде 1961 жылы жойылған. Бұл - геология-география және биология топырақтану факультеттері 1948 жылы ашылған еді.

Аталған мамандықтар бойынша дайындайтын факультеттер біздің елде жоқ. Біздің Қазақстандағы университеттердің көбі тұғырлы классикалық білім беретін оқу орны болудың орнына ғылыми университетке айналып отыр. Білім болмай - ғылым болмайды.

- Өткенде біреу осы сайтта Жоңғар Алатауын Арқас Алатауы деп айту керек. Арқас - Алатаудың көне аты, қазір ұмыт болған деп жазды. Сіз бұған не дейсіз?

- Қазбек бек Тауасарұлының еңбегінде Жоңғар Алатауын - Арқас, Алматы Алатау жотасын - Лабас, Қаржантау, Өгем, Талас, Қаратауды - Шымбас деген. Бұл атаулар картографиялық деректерде жоқтың қасы.

Біріншіден, Жоңғар Алатауы - жоңғар шапқыншылығымен 1600-1700 нші жылдары жасалған карталарда Жоңғар Алатауы деген атау жоқ.  Сол карталарда Жетісу Алатауының шығыс жағын Қаптағай тауы деп көрсеткен. Қаптағай деген - найман тайпасының ұраны. Жетісу Алатауының батыс жағы - Үйсін тау деп атаған. Жалайыр, Суан тайпаларының орналасқан жері.

Ал, Лабасты  - Семенов Тян-Шаньскийдің  дерегінде, 1850 жылдары Қапшағай өткелінің немесе Құрсай өткелінен өтіп, Іленің солтүстігінен қарап, Хребет заилийсий Алатау деп атаған. Қазақтар орысшадан аударып, осы күнге дейін Іле Алатау жотасы деп жүр. Дұрысы, 9 - 13-нші ғасырлардан белгілі Алматы қаласының түбінде орналасқан тауды Алматы Алатауы деп атау керек.

Екіншіден, әр тау жотасы оңтүстіктен және солтүстіктен қарағанда, Алматы Алатау жотасы болып аталуы тиіс. Біздер, табиғаттың симметриясын бұзып отырмыз.

Ал, Шымбас құрамына орталық Тәңіртау құрамына кіретін үлкен Алатау, Қаржан тау, Өгем тауы, Майдантал, Піскен таулары кіреді. Шымбас деген ұғым аталған таулардың құрылымына, аумағына сәйкес келмейді. Бұрынғы Жоңғар Алатауын Жетісу деп атап, біраз қателіктер жібергенбіз. Жоңғар ойпаты - Үрімжі, Боғда тауларының солтүстігінде, яғни, Қытайдың қазіргі  аумағында орналасқан ойпат. Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Қазіргі Жетісу Алатауының жоңғар қақпасын - Жетісу қақпасы деп атадық. Қақпа болса, онда Қызылтұз, Ибінұр, Итішпес көлінен тұратын желді бүкіл Балқашқа дейін қақпа жібермес еді. Дұрыс аты  - Қаптағай- Алакөл аңғары деп атау керек.

- Ономастика мәселесін жергілікті билікке, облыстық Мәслихаттың шешіміне сілтей салу қаншалықты дұрыс?

- Барлық аудандық, облыстық, қалалық комиссияның білгір мамандардың, жергілікті тұрғындардың ойларын іске асыратын ұйым болуы керек. Жасанды, кеңселік тәсілмен табиғаттық-тарихи ерекшелігіне қарамай, аттар қойылып жатыр. Мысалы, тарихи аты  «Түрксіб» деп аталатын шипажай болды. Соны өзгертіп, Нұртөбе деп қойыпты. Ал, Құмдан төбесін тарихи археологиялық деректеріне қарамай Нұрлытау деп атап жіберіпті. Бұрынғы Каменксий платоның тарихи аты 1997 жылғы қаулымен қайтарылған еді. Соған қарамастан, Таусамал деп жаңадан ат берген. Тарихи аты - 1911 жылдан бері П.П.Румиянцовтың дерегі бойынша, Терісбұтақ тауы деп аталады.

Ал, Каменконың тарихи атауы И.В.Лушкетовтың 1887 жылғы дерегі бойынша -  Тастыбұлақ деп аталады. Оны да өзгертіп, Таусамал деп жіберген.

- Түлкібасты бір дөкейлер Түркібасы деп атап, жазу керек дейді. Сіздің пікіріңіз?

- В.В.Бартольдтің толық шығармалар жинағының төртінші томында «Шымкент, Әулиеата уездеріне саяхат» деген мақаласында Түлкібас деген әулиетөбенің атын Түрікбас деп атайды.

- Қостанай деген қаланың атын біреулер қос Тана яғни екі Тана деген қыздардың есімдерімен байланыстырады. Ал енді біреулер Тана мен Танай деген қыздар болған деседі. Осы есімге байланысты бірдеңе айта алар ма екенсіз. Әйтпесе әбден шатасып біттік.

Серік

- Екеуі де дұрыс.

- Алматыдағы Есентай өзенінің атын сіз тапты деп естимін. Есентай деген кім? Весновка бұрын Есентай өзені аталған ба?

- Иә, бұл өзеннің тарихи атауын  1996-1997 жылдары мен тапқан едім. Бұл өзен бұрын Есентай деп аталған.

- Осы сайтта Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаттары жарық көрген болатын. Сол хаттарға байланысты пікір қақ бөлінді. Біреулер Рысқұловты жамандаса, біреулер сол хатты тауып алып жариялаған Бейбіт Қойшыбаев пен Абай.кз сайтын жерден алып жерге салды. Сіз бұл мәселеде не дейсіз?

- Мұның бәрі талқыланған, көтерілген мәселелер. Әркім өз пікірін айтады. Олардың пікірі мен көзқарасына шек қоюға болмайды.

- Атауы түркі тіліндегі жер су аттарын Қытай мен Ресейдің қазіргі аумағынан көп кездестіреміз. Олар сол жер-су аттарын өзгертіп жіберсе, қайтеміз. Тағыда айырыламыз ба бөлшектеніп қалған жерімізден?

- Бұл - мемлекеттік мәселе.  Жер-су аттарын, соның ішінде суды қолдану, бөлісу мәселесін мемлекетаралық келісімдермен шешу керек.

Өз тарапымнан айтарым: Қытайдағы қазақ мектептерінің қытайлануы күшейіп барады. Қазақтар қоныстанған тарихи мекендердің, қалалардың атауы да қытайланып кеткен.

- Қазақтың жер-су аттарын келіп шығуын, мағынасын толық түсіндірген кітап бар ма?

- Көптеген кітаптар бар. Мәселен, геодезия-картография қоры мен география институты бірігіп дайындаған анықтамалық кітаптар көп. А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ономастика бөлімінің қызметкерлері де кітап дайындап шығарған. Қазақстандағы әрбір университеттер, облыстық тіл басқармалары да кітаптар дайындап шығарып жатыр.

- Сексенге келсеңіз де жас көрінесіз. Сыры не?

- Генетикалық, табиғаттық ерекшеліктер болар. Және геология саласында еңбек еткеніме өкінбеймін. Қазақстанның барлық аймақтарын, көршілес елдердің біраз жерін барып, геологиялық экпедицияларға қатыстым. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі білгір  мамандарымен пікірлесіп, таныс болдым.

- Жерiмiздiң асты-үстi байлығының рахатын халқымыз қашан көредi?

- Ол үшін жөнді заң және кепілдеме болу керек. Жер ресурстарына, жер байлығына, ел байлығына қызмет еткен тұлғаларды, таланттарды жоғары дәрежелі оқымыстыларды бағалау тұжырымдамасын қабылдап, жүзеге асыру керек. Халқымыздың ұлағатты істерін жоғары дәрежеге көтеріп, насихаттап отыруымыз керек. Жерiмiздiң асты-үстi байлығының рахатын халқымыз көру үшін құр уәден нақты іске, әрекетке көшуі керек. Жыл сайын көңіл бөлу керек.

- Ауылдың,темiржол бойының станциялардың көрiнiсi әлi 18 ғасырды елестетiп, шаңдағы шығып құлазып тұр. Жол,мектеп, су мәселесі әлi мәз емес.

- Су мәселесін шешу үшін - су ресурстары министрлігі құрылу керек. Сонымен бірге, бұрын қазақтың гидрология басқармасы болған. Ол басқарманың құрамында бірнеше экпедициялар болған. Қуаңшылық аудандарда суды бұрғылайтын партияларды, эксредицияларды,  минералды суларды басқаратын ұйым жоқ. Судың режимін тексеріп отыратын орган жоқ. Осының бәрін ескере отырып, арнайы министрлік құрылса, су мәселесі шешіледі. Бұған қоса, судың ащылығы мен тұщылығын тексеретін химиялық-аналитикалық лабораториясы болуы шарт.

- Ата, немерелерiңiз бар ма, болса қанша?

- Төрт немерем бар.

- Қазiр отбасын асырай алмай отырған адамдар өте көп,семья құра алмай жекебастылар да қиналып жүр. Сiз көптi көрген адамсыз ғой, ана алпауыт байлардан (сыртқа тасып отырған байлығымызды) зекет есебiнде заңдастырып,кедейлерге алып беру ретiне қандай ақыл айтар едіңіз?

- Айтар ақылым: байлардың байлығын есепке алып, мемлекеттік дәрежеде, ресми түрде халықтың тұрмысы төмен тобына бөліп беруі керек.

- Үржар, Мақаншы ауылының атауына қатысты қандай жауап айтасыз?

- Мақаншы аулының аты - Мақаншы емес, Мұқаншы. 1864 жылғы Потанин мен Струвенің дерегіне қарағанда, бұл жерде Мұқаншы бастауы деп көрсеткен. Атақты жазушы Қабдеш Жұмаділов Мақаншыны - Мұқаншы деп атайды.

Лепсі өзенінің үш саласы бар. Соның бәрін Мұқаншы деп атайды.

Ал, Үржарға келсек, Қазақстанда ұрыбұлақ, ұрысай деген тарихи аттардан қашыңқырап жүрміз. Үржар да сол атаулармен төркіндес. Жазушы Қабдеш Жұмаділов Үржарды - Ұрыжар деп атайды. Кейбір зерттеушілер Өрежар деп те атағысы келеді.

- Павлодар мен Петропавл қалаларының атауы қашан өзгереді?

-  Бұл атаулардың өзгеруі жоғарғы басшылыққа байланысты.

Ал, Қызылжар деген ат - табиғи атау. Өйткені, Есіл өзені қызылжарды тіліп ағып жатыр.

Павлодарға келсек, бұл жерде 9-11 ғасырларда Қимақ , Иемек деп аталатын түркі тайпалары мекендеген. Солардың ордасы тұрған жер. Бұл тайпалар кейін Қыпшақ тайпасына қосылған. Яғни, Павлодардың тарихи атауы - Қимақ болады. Біз ескі түркі атауларынан қашпауымыз керек. Бұл дерек академик Болат Көмековтің еңбектерінде және араб географ, тарихшысы әл Ыдырысидың да жазбаларында кездеседі.

- Риддер Германияға тәуелділік пе?

- Фальволтер Риддер кезінде Лениногорск болып өзгерді. Ленин Қазақстанның аумағының тұтастығына үлес қосқан кісі еді. Кейінгі кездерде Ленин мен Калинин қол қойып берген біраз аудандардан, аймақтардан айырылдық. Риддерге, Қапшағаймен қатар кезінде бүкіл халық Д.Қонаевтың атын беру керек деп бастама көтерген болатын. Осы бастаманы мен де қолдаймын!

- Тарбағатай тауының туралы қысқаша тарихын айтсаңыз?

- Тарбағатайды қазақ Барқытбел деп атайды. Әсіресе, қытайдағы қазақтар.

Екіншіден, Бұқтырма өзенінің бастау алатын жағында Тарбағатай деген жота бар. Оның тарихи аты - 1894 жылғы деректерді есепке алсақ, Таутекелі жотасы делінген. Оның үстіне Таутекелі деген өзен де бар.

 

Конференцияға қатысып, оқырман сауалдарына жауап беруімді қортындылай келе, Тұрар Рысқұловтың түркі тұтастығы мен Қазақстанның мемлекет болып қалыптасу жолындағы сіңірген еңбегі мен айтқан идеялары және ойларының бір парасын оқырман қауымға ұсынғанды жөн көріп  отырмын.

Молдияр Серікбаев.

 

1920 жылы 1-8 қыркүйекте Бәкі (Баку) қаласында Шығыс халықтарының  I  съезді болады. Сол съезде Тұрар Рысқұлов сөйлеген сөзінде батыс пен шығысты біріктіру керек деп ұран тастаған.

***

Т.Рысқұлов 1921 жылы Ресей Федерациясындағы Ұлттар комиссариятының Әзербайжандағы өкілі ретінде Әзербайжан компартиясының III съезінде сөйлеген сөзінде шаруашылық көтерілістің келешегін болжап, жеңіске жететіндігін айтқан. 1949 жылы Қытай, Үндістан мемлекеттері шаруалар көтерілісінің нәтижесінде билікке жетіп, Тәуелсіздікке қол жеткізді.

***

Біреу білсе, біреу білмейтін шығар, еуразиялық идеяның авторы -  Тұрар Рысқұлов. Ол 1924 жыл Лениннің қайтыс болуына байланысты «Правда» газетінде жарияланған мақаласында: «Еуропалық, Азиялық халықтарды бірін-біріне қарама-қарсы қоймай, біріктіру керек» деп жазған. Бұл - Еуразиялық идеяны бірінші болып айтқан тұлға.

***

1920 жылы Ленинге жолдаған ұсынысында Түрік Республикасы мен Түрік компартиясын, Түркі тілдес халықтардың конфедерациясын құру идеясын ұсынды. Түрік идеясын, Түрік халқының көсемі Ата Түрік Кемал башадан үш жыл бұрын ұсынған.

***

1922 жылы Сталин бас хатшылыққа сайлануынан бастап, партиялық дикатураны, партиялық репрессияны күшейте бастады. Түркі тілдес халықтардың өкілдерін әртүрлі ұлттық саясат ұстанд деп айыптап, репрессияға ұшыратты. Бірінші, Тұрар Рысқұловты татардың көрнекті қайраткері Сұлтанғалиев Мүрсәйітпен пікірлес деп айыптайды бастады. Сталиндік айыпты ресми түрде Тұрар Рысқұлов мойындаған жоқ. Керісінше, Сталин қателеседі деп ашық айтты. Ал, Сталин: «Ендеше, менің сөзім қате болсын деп Құдайдан тілейік», депті. Тұрар Рысқұлов болса, «Егер мен ұнамасам, барлық қызметтен алып тастауыңызды сұраймын», деген. Осы әңгіме айтылған кезде компартияның саяси бюро мүшелері түгелдей қатысып отырған.

***

1925-26 жылы коминтерннің Моңғолиядағы өкілі болып қызмет істейді. Осы жұмысы кезінде Моңғолияның орталығын Улаанбатаар (Қызыл батыр) деп атайды. Оған қоса, Моңғолияның компартиясының прорграммасы мен тұжырымдамасын жазып береді. Одан кейін Моңғолияның ұлттық валютасын ендіруге де үлесін қосады. Және сол кездердегі Қытай мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіріп, Қытайға Қазақбаев деген фамилиямен барып, қайтады.

***

Қоршаған ортаның экологиясын жақсартуды  көздеп, 1926 жылдан бастап, 1935 жылға дейін «Ақсу-Жабағылы», «Науырызым», «Илмен» қорықтырады құрған.

***

Ұлттық Республикаларды индустрияландыруды 1926 жылы ұсынған. 1923 жылы Болашақ бағдарламасының негізін қалаған.

Орта Азия және Қазақстан студенттерін Германияға оқу жіберген.

***

Түркістан мен Иран Республикасы арасында 1923 жылы кедендік одақты құру идеясын ұсынған. Жоғарғы оқу орындарын ашқан. Шығыс халықтары коммунисттік университетін 1924 жылы ашылуна нақты үлес қосты.

1928 жылы Қазақ университетін ашады. 1929 жылы ветеринария институтын ашқан. 1930 жылы ауылшаруашылық институтын ашты. 1932 жылы Оралдың педогогикалық институтын ашты.

***

Түркісб құрылысы кезінде Орталық Азияға, Батыс Қытайға, Батыс Моңғолияға, Батыс Сібірге экономикалық тасымалдық даңғыл дәліз ашады.

***

1927 жылы Каспий теңізі, Еділ өзені, Волго дон каналы, Азов және Қара теңіздері арқылы батыс еуропаға тасымалдық экономикалық даңғыл дәлі ашады.

***

1928-1931 жылдары геология комитет мен қазақ геология басқармасын ұйымдастырады.

Ертіс өзенінде 1928 жылы су электр станциясын салуды жоспарлайды.

***

Тың жерді игеруді, Солтүстік Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуды 1928 жылы ұсынады.

***

1930-ншы жылы Австралия, Жаңа Зеландия  мемлекеттерінің тәсілдерін пайдаланып, бүкіл шығыс өңірлерде, оның ішінде Қазақстанда қой шаруашылығын дамытуды ұсынады.

Орта шағын бизнестерді, экспортты, коммуналды шаруашылықтарды дамытуды ұсынған.

***

Мемлекеттер арасында жерлерді жалға беруді ұсынған.

****

Ұлы тұлғалардың еңбектерін мұрағаттардан жинап, толық жинақтарын шығаруды іске асыру керектігін айтқан.

***

1931 жылы әртүрлі шаруашылықтарды қайта құру бастамасымен қайта құру деген терминді айналымға ендірген.

***

Өндірістік қалалардың аумағында мүгедектердің ауылшарушылық қорын құрып, қосалқы шаруашылықты дамыту керектігін айтып, бастама көтерген.

***

Инновациялық терминнің негізін қалаған. Оны ғылыми-техникалық прогресс деп айтқан.

***

Ұлттық кадрларға қамқорлығы: Аспандияров, Диваев, Әуезов, Бағыспаев, Сармолдаев, Әбдірахманов, Қонаев, Сәтпаев, Мырзағлиев, Меңдешев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Жәленов, Есболов, Тынышпаев, Тыныспанов, Аққағаз Досжанова, Нұрмақов, Жылысбаев, Бауыржан Момышұлы, Төреқұл Айтматов, Гүлжиһан Қалиева соның бәріне қамқорлығы тиген.

***

Тұрар рысқұлов «Шығыс киносының», «Шығыс баспасының» негізін қалаған.

***

Тұрар Рысқұловтың ақылдылығын, іскерлігін Сталин, Орженекидзе, Рудзтак, Фрунзе, Куйбышев, Ефштейн, Лепишинский қолдаған.

***

Большевиктер партиясының 12 съездінде жоғарғы кеңес ұлттар - одақтар кеңесінен тұру керек деген бастаманы ұсынған. Және барлық республикаларды экономикалық аудандастыру қажет екенін айтады.

***

Шығыстану оқу орны, ғылыми зерттеу институтының өркендеуіне нақтылы көмек берген. Т.Рысқұловтың ұсынысы бойынша, Алматы қаласы - қазақтың үшінші астанасы болған.

Дүниежүзілік, халықаралық ұйымдар оның ішінде коммунистік интернационалдың белсенді қайраткерлері Т.Рысқұловапен тығыс қатынасты болған. Георгий Дмитриев, Сэн Катаяма, Бан Мин, В.Колоров достық қатынаста болған.

***

Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына байланысты минералдық тақталар Ташкентте, Бішпекте, Бәкіде, Улаанбатаарда қойылуы керек.

Ресейде және Өзбекстанда Тұрар Рысқұлов жылын өткізу.

Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізу.

 

***

Тұрар Рысқұловтың денсаулық сақтау, ғылым-білім, әртүрлі шешімдер, радиограмма, телефоннограмма, қаулылар, іс-әрекеттері Ленинге, Сталинге, Рудзтакқа, Икрамовқа, Молотовқа, Цюрупаға, Мирзоянға, Исаевқа, Нұрмақовқа, Мыңбаевқа, Әбдірахмановқа, Шахрайға, Казаковқа, Каменовқа, Сорокинке, Кириленкоға, Бауманға, Кагоновичке, Орженикидзеге, Голощокинге, Павловичке, Кристинкийге, Соколовниковаға, Петерсқа, Рыкова, Ноговицинаға, Эйхоға, Микоянға, Люмиовқа, Чечеринға, Кобозовқа, Куйбышевке, Зиновьевке, Колоровқа, Сұлтанғалиевке, Наримановқа, Мануильскогоға, Курцқа, Қорқымовқа, Досовқа, Эпштейнге, Қожановқа, Төреқұловқа, Жылысбаевқа, Сарымолдаевқа, Әуезовке, Мұқановқа, Сейфуллинге, Рыхамбабаевқа, Айтиевке, Тоқмағанбетовке, Юсуповқа, Констанипольскийге жіберіліп отырған.

***

Тұрар Рысқұлов туралы Назарбаев, Каримова, Кербебаев, Меңдешев, Мұстафин, Жанұзақов, Тынышпаев, Ахмет Заки Валидов, Үсіпәлиев, Бәйішев, Әбішев, Бейсенбаев, Құлбаев, Қабылов, Асқаров, Байжарасов, Келдьиев, Байжанов, Михаилов, Бейсенбиев, Нуруллина, Кенжин, Садуақасов, Абдулзейімов, Меркіш ибн Майлы Кенти,Сауытбек Ақын, Қозыбаев, Асылбеков, Нұрпейісов, Григориев, Омарбеков, Осадчий, Қойгелдиев, Есенқарин, Бурнашев, Мамыров, Устинов жазған.

***

Т.Рысқұлов Байтұрсынов, Тынышпаев туралы жазған.

***

Түркістан Республикасының құрамындағы Закаспий, Сырдария, Жетісу облыстарында негізгі халық - қазақ халқы болатын. Әрі қазақтармен бірге өзбек, түркімен, қырғыз, қарақалпақ және басқа халықтарда мекендеген. Ашаршылыққа тап болғандарды құтқару үшін арнайы асханалар ұйымдастырып, медициналық жақтан көмек көрсетіп бәріне жағдай жасап, осылайша, Тұрар Рысқұлов 1 млн. 200 мың адамды ашаршылықтан аман алып қалады. Сол жылдары Рысқұлов Түркістан Республикасының денсаулық сақтау халық комиссаритындағы қызметін тастап, аштыққа ұшыраған халыққа жәрдем беру комиссиясын басқару барады. Бұл туралы сол тұста шыққан бұйрықтар мен шешімдерде көрсетілген.

 

***

Түйінді ойлар

Тұрар Рысқұлов әлемдік, одақтық Орталық Азиялық, Ресейлік реформатор тұлға. Бұл кісінің 25 том болатын 1937 жылы 21 майды Кисловодск қаласында сағат 7-8 арасында КГБ өкілдері Т.Рысқұловқа қол қойдырып, үш томдық еңбегін алып кеткен. Соның бәрін қосқанда 20 томнан асатын еңбектері Ташкент, Бішпек, Мәскеу, Улаанбатаар, Уфа, батыс еуропа, солтүстік Америка университеттерінің қорында монографиялары сақталған материалдар жиналмай жатыр. Жинау үшін мемлекет тарапынан арнаулы қаулы шығуы керек. Сонымен қатар, тұрартану орталығы құрылып, шығармашылық топтар жасалу қажет. Арнаулы, тарихи кешенді мұражайы жоқ. Монументалды Астанада, Алматыда ескерткіші жоқ. 1993 жылғы 12 наурыздағы 198 нөмірлі үкімет қаулысы орындалмай, 20 жылдан бері Т.Рысқұловтың ескерткіші дүниеге келмей жатыр.

Тұрар еңбектерін толық шығару деген сөз, Ресей, Орталық Азия оның ішінде Қазақстанда тарихи ақтаңдақтардың көзін ашу дегенсөз.

Тұрар Рысқұлов халқымыздың қайталанбас ұлы тұлғасына, талантына, іскерлігіне, азаматтылығына терең сенген. Жеке басқа табынуға, жағымпаздыққа, екіжүзділікке, қанаушылыққа, отаршылдыққа, ұлттық саясатты бұрмаушылыққа шындықты цензура дамыған кезінде ресми орындарда ашық айтып, халқын, жерін, елін сатпаған, шетел тарихшыларының анализдері бойынша Сұлтанғалиев, Рысқұлов үшінші дүниенің көсемдері ретінде бағаланған ренесанстық тұлға.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522