Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3211 0 пікір 26 Қараша, 2012 сағат 09:31

Қаланың атын өзгерту қисынды ма?

Жәнібек ҚОЖЫҚ, жергілікті қоғамдық белсенді:

Бұл бастама - ақсақалдардың қолымен Астанадағы «біреулердің» жасап отырған әрекеті. Ол керек десеңіз, Президент те емес. Елбасы жақтан дәл осы Бекет атаның атымен атауға тапсырма берілді деп ойламаймын.
Меніңше, бұл - үлкен қателік. Мұны Жаңаөзен басшылығының, ақсақалдардың аузымен айтқызды. Алайда, олардың бұл ұсыныстарын, бастамаларын қолдаған бірде бір жылы пікірді, қандайда бір ақпаратты ешбір баспасөз жариялаған жоқ. 

Осыны бастаған 40 шал қазір халықтың ортасына кіре алмай жүр. Кез келген жерде осы кісілерді күстаналап, ұрсып, ренішін білдіретін халық көп. Ең қуаныштысы, Жаңаөзен қалалық мәслихаты бұл мәселені күн тәртібінен алып тастады. «Халықтың үлкен қарсылығына қаламыз» деп жоғары жақтың шешімінен бас тартты. 
Біріншіден, Жаңаөзеннің атын өзгерту үшін жергілікті халықтың ой-пікірімен, көзқарасымен санасуы керек.

Екіншіден, бұл мәселе Жаңаөзен қалалық мәслихатының сессиясына еніп, депутаттар дауысының 51 пайызын алуы керек.

Үшіншіден, облыстық мәслихаттың келісімен республикалық ономастикалық комиссияға беруі керек. Бұл мәселе сонда ғана шешімін табады. 

Жаңаөзен халқы бұл атауға 100 райыз қарсылық көрсетіп отыр. Маңғыстау ауданы-ның ақсақалдары «Енді бұл мәселеге қайтып оралмаймыз. Бекет атаның есімін қалаға үзілді-кесілді берілмейді» деген ашық хатын жариялады. Осыған қарап, енді қаланың атауы Бекет атаға ауыстырылады деп ойламаймын. 

Бекет атаны Маңғыстау елі рухани күш ретінде бағалайды. Бекет атаның дүниеден өткеніне 199 жыл болды. Алла қаласа, келесі жылы 200 жыл болады. Осы уақыт аралығын-да жергілікті, осы өңірдің адамы атаның есімін баласына беріп көрген жоқ. Балаға ата-анасы тыйым салып, ұрысқан болса, онда Бекет атаға тіл тиеді. Сондықтан халық бұл әруақты құрметтейді. Осындай құрмет тұтатын тұлғаның есімін қалаға беруге, оның атына кір келтіруге жергілікті халық, біз, қарсымыз!

Светқали НҰРЖАН, ақын: Бұл Жаңаөзеннің атын өзгертуге ұсыныс білдірген ақсақалдардың артында басқа да ақсақалдар бар деп ойлаймын. Яғни, бұл мәселе саяси ойынға айналып отыр. Қанша бүркемелегенмен, «бүркеген жерді бүрге шығады» емес пе?!

Біріншіден, бұл қадам ұлттың намысына тие бастады. Жаңаөзеннің атын халықтың санасынан өшіруге тырысқан әлдекімдердің жымысқы саясаты бәрібір орындалмайды деп ойлаймын. Өйткені, Жаңаөзен тарихта қалайда қалады. Оны мақсат еткендердің барлығы ертеңгі күні тарихтың, қара халықтың, құдайдың алдында жауап береді. Жауырды жаба тоқып, өткенді ұмыттырамын деу - әбестік.

Менің бұған нақты дәлелім болмаса да, көзге көрініп, саналының өресі жететіндей бір шындықты айтқым келеді. Бұл - Бекет атамыздың есімін саудаға салу. Саяси саудалау. Оның кешегі келеңсіздіктен төгілген ұрпағының қанын осы атаның атымен өшіру. Бір ғана айтарым, Бекет ата ешкімнің құлдығына, құрметіне зәру емес. Өйткені, ол - Алланың сүйген құлы. Қазақ ол кісінің есімін онсыз да құрметтеп, қадір тұтады. Сондықтан бұл бастаманы көтеріп жүрген ақсақалдардың, оларды осы қадамға салып, жол көрсетіп жүрген жандардың имандары өздеріне жолдас болсын. Бұдан басқа айтарым жоқ!

Әзірлеген Гүлжан РАХМАН

"Ұлт таймс" газеті

0 пікір