Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2602 0 пікір 26 Қараша, 2012 сағат 07:15

«Сорос-қоры» адвокаттың ақысын төлеп бермекші

15 адамды «қолы қалтырамай» (өз сөзі) қырып салған Челахтың қорғаушысы Серік Сәрсеновтің қызмет ақысын  «Сорос-қоры» төлеуі мүмкін. Адвокатқа беретін ақшасы таусылғанын Челахтың атасы өткен аптада баспасөз арқылы жұртты құлағдар еткен. Соны ести салысымен халықаралық адам құқығын қорғау мен заңдардың сақталуын қадағалайтын бюроның Қазақстандағы директоры Роза Ақылбекова жанұшырып «Сорос-қорына» барған екен, аталған қордың өкілі келісім танытқан сыңайлы. Бүгін екі жақты келісім бір жақты тиянақталса, Джордж Сорос  Серік Сәрсеновке 7-8 мың доллар көлемінде қаржы береді. Сәрсенов өз қызметін 15 мың долларға бағалаған көрінеді. Сол ақшаның осы күнге дейін жартысы төленіп, жартысы төленбепті. 15 боздақты баудай түсіріп, артынан өлі денелерін өртеп жіберген «ақыл-есі түсіндіруге келмейтін» Челахты жанын салып қорғап жүрген адвокат қалған ақшасын қалтасына басса, бастаған ісін аяғына дейін жеткізері даусыз.

«Сорос-қорының» негізін қалаушы - американдық меценант Джордж Сорос. Ол жылына 300 миллион доллар көлеміндегі қаржысын әртүрлі қайырымдылық шараларына жұмсайды деген сөз бар. Қор 1979 жылдан бері жұмыс істеп келеді. АҚШ үкіметі содан бері Соросты «Конгресте наркобизнесті легализациялауға ықпал ететін лоббисттік күштердің басында тұр, ол штаттарда марихуананың сатылуын қолдайтын идея авторы»  деумен келеді. Ал, ТМД елдерінің ресми билігі аймақтарда болып жатқан «түрлі-түсті революцияларды «Сорос-қоры» қаржыландыруда» деп шошынады.

Қысқасы, Челахтың сұмдығы Қазақстан асып халықаралық деңгейге жетіп тұр. Бір таңқаларлығы естіген жұрт оны қарғап емес, қорғап жатыр. Бұ қалай? Шамасы, қазақстандық тергеудің ашықтығы мен тазалығына көпшілік сенбейтін болса керек. Ендеше, Челахтың қылмысын шоуға айналдырмай сот кәсіби тұрғыда шешім шығаруы керек.

«Abai.kz»

0 пікір