Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3606 0 пікір 24 Қазан, 2012 сағат 17:35

Чехия мен Шығыс Қазақстан халықаралық келісімге қол жеткізді

Чехияда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған қазақстандық делегацияның ресми сапарының аясында Шығыс Қазақстан және Чехияның Плзень өңірі арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды,
деп хабарлады бүгін облыс әкімінің ақпараттық орталығынан.
Бұрын хабарланғандай, Шығыс Қазақстан әкімі Бердібек Сапарбаев Чехияға сапар жасаған қазақстандық делегацияның құрамында болды. Сапар барысында атап айтқанда ШҚО-ның Чехияның Плзень өңірімен ынтымақтастығын тереңдету мәселелері талқыланды.
Белгілі болғандай, Чехия және Шығыс Қазақстан арасындағы әріптестіктің табысты дамып жатқанына бірінші жыл емес. Жемісін берген жобалардың қатарына автомобиль саласындағы ынтымақтастықты жатқызуға болады: Өскемендегі «АзияАвто» зауыты танымал «Шкода» моделін құрастыруда.
Бұдан басқа, Чехияға Шығыс Қазақстаннан крандар, вентильдер, құбырларға арналған аппаратура экспортталуда. Өз кезегінде Шығыс Қазақстан Чехиядан бульдозерлерді, экскаваторларды, автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құралдарды, азық-түлік өнеркәсібіне арналған жабдықтарды сатып алуда.

"Абай-ақпарат"

0 пікір