Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3003 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 15:14

Елбасымыздың G-global жобасы әлем назарында

Өткен аптада Канаданың Квебек қаласында Парламентаралық одақ­тың 127-ші Ассамблеясы болып өтті. Әлемнің 120 елінен жиналған 2000-нан астам делегат ядролық қарусыздану саласындағы жаңа бастамаларды, жаһандық әлемде ұлтаралық және кон­фес­сия­аралық келісім, адам құқы мен бостандығын қам­тамасыз ету мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президентінің халықаралық бастамалары да Ассамблеяға қатысушылар на­зарында болды.

- Біздерді сіздердің елде­ріңіздің бейбітшілікті, келісім мен қауіпсіздікті қамта­ма­сыз ету мәселелеріндегі тә­жірибе­ле­­ріңіз өте қызық­ты­ра­ды. Өйт­­кені, сіздердің Пре­зидент­те­ріңіз Нұрсұлтан На­зарбаев­тың, сондай-ақ оның, әсіресе, ұлт­ара­лық үнқатысу ісі жө­нін­дегі жаһандық бас­тама­лары­ның арқасында Қа­зақ­станды қазір­де бүкіл әлем таниды, - деді қа­зақстандық делегаттарға ГФР Бундеста­гы­ның төрағасы Норберт Лам­мерт. - Және біз әр­қашан сіздердің елдеріңіз­дің барлық ұсыныстарын қы­зы­ғушы­лық­пен зер сала ба­қы­лап оты­рамыз.

Осындай ұсыныстардың қа­тарында, Нұрсұлтан Назар­баев­тың пікірінше, әлем үшін дағдарысқа қарсы шешімдерді іздестірудің коммуникативтік алаңы болуға тиісті жаһандық экономиканың G-global жо­ба­сы да бар.

Әр елдің парламентарийлері Қазақ­стан­ның ұлтаралық және конфессия­ара­лық үнқатысулар, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу жөніндегі тәжірибе­ле­рі туралы кеңінен әңгімеледі. Олардың пікірінше, мұндай бастамалар аса жо­ғары деңгейде бағалауға лайық.

- Әлемдік діндер үшін Қазақстанда қалыптасқан ғажайып үнқатысу алаңы сіздердің елдеріңізге ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісі бо­луға мүмкіндік береді. Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың баста­масының арқасында әлемдік және дәс­түрлі діндердің барлық көшбасшылары бір үстелдің басына жиналып, бүкіл планетада бейбітшілікті сақтаудың жол­дарын талқылайды. Мен мұндай бастамалар үлкен әлеуетке ие және олардың болашағы зор екеніне сенімдімін, - деді Канада Парламенті Сена­ты­ның спикері Ноэль Кинселла.

Парламентарийлер талқылаған та­қы­рыптардың ішінде ядролық қарусыз­дануға ықпал етудің жаңа тетіктері де болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың осы саладағы жаңа бастамалары хақында Қазақстан делегациясының басшысы, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төр­ағасы  Нұрлан Нығматулин айтып берді. Ерекше назар ядролық энергетика қағидаттарын жүзеге асыруға, халық­аралық антиядролық «АТОМ» жо­ба­сына аударылды.

- Сіздердің елдеріңізде ұсынылып отырған «АТОМ» жобасы бүгінде Қа­зақстан мен сіздердің Көшбасшылары­ңыз Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қа­рудан азат әлем құру үдерісіне белсенді қатысушылар болып табылатынының тағы бір жарқын айғағы. Және біздің планетамыздың болашағына бей-жай қарай алмайтын кез келген адам осы игілікті іске өзінің үлесін қоса алатыны өте маңызды, - деп атап өтті Бельгия Парламенті өкілдер палатасының жетекшісі, Египет, Франция және Германия парламентарийлері.

Ассамблея жұмысы аясында Нұрлан Нығматулин ауғанстандық, мысырлық, канадалық, пәкстандық, германиялық, оңтүстіккореялық әріптестерімен екі­жақ­ты кездесулер өткізді. Онда парла­ментаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытып, нығайту мәселелеріне назар аударылды. Нұрлан Нығматулин мен ГФР Бундестагының төрағасы Норберт Ламмерт мұндай басқосулар парламенттік дипломатияны халықаралық деңгейге көтеруге үлкен үлес қосады деген ортақ пікірге келді.

Келісімдік-құқықтық базаны кеңей­ту мен Президент Н.Назарбаевтың бас­тамалары Қазақстан Парламенті Мәжі­лі­сінің Төрағасы мен Канаданың экс-премьері Жан Кретьен арасындағы іскерлік кездесуде ортақ тақырыпқа айналды.

- Мен Қазақстанды жақсы білемін және өзімнің Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен достығымды мақтан тұ­тамын, - деді Ж.Кретьен. - Бүгінде сіз­дердің елдеріңізді іс жүзінде бүкіл әлем таниды және бұл сіздердің Пре­зи­денттеріңіздің күш-жігері мен халық­аралық беделінің арқасында мүмкін болып отыр. Қазақстан басшысының, әсіресе, G-global бастамасы әлемдік эко­номика үшін аса зор маңызға ие.

Қазақстан парламентшілерінің Пар­ла­ментаралық одақтың 127-ші Ассам­блея­сының жұмысына қатысуы қоры­тын­дысын шығара келіп, Нұрлан Нығ­ма­тулин төмендегіні атап көрсетті: «Өткен форумның қазақстандық депутаттар үшін өте пайдалы болғаны анық. Және бұл планетаның барлық құрлық­тары­нан келген парламентарийлерге Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың саясатының негізгі қырларын, әсіресе, тұрақты және қауіп­сіз әлем құру ісіндегі саясатын жет­кі­зудің тамаша мүмкіндігі болды. Ең бастысы - біз Қазақстан басшысының жоғары халықаралық беделіне көз жеткіздік. Және біз халықаралық парламенттік қоғамдастықтың Қазақстан Көш­­басшысының кең ауқымды баста­ма­ларына үлкен қызығушылық таны­тып отырғанын көрдік».

"Абай-ақпарат"

0 пікір