Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3104 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 10:13

Домбырасы – 1 миллион доллар



«Қасиетті көк түйе» атты компози­ция­лық керемет туындыны көргенде аузымыз аңқайып қалды. Қорқыттың қара қобызы, қасиетті домбыра, қара шаңырақ, Қожа Ахмет Йассауи кесенесі сынды халқы­мызға тән қасиет пен киелердің бәрін ар­қалап, боздап тұрған көк түйе. Зер са­лып қара­саңыз, осы бір ғана түйенің бойы­нан 78 туындыны көруге болады екен.



«Қасиетті көк түйе» атты компози­ция­лық керемет туындыны көргенде аузымыз аңқайып қалды. Қорқыттың қара қобызы, қасиетті домбыра, қара шаңырақ, Қожа Ахмет Йассауи кесенесі сынды халқы­мызға тән қасиет пен киелердің бәрін ар­қалап, боздап тұрған көк түйе. Зер са­лып қара­саңыз, осы бір ғана түйенің бойы­нан 78 туындыны көруге болады екен.

Мәсе­лен, түйенің шудасы бір жерде қарлығаш, бір жерде барыс болып ширатылып жа­тады. Бір көріністің өзі төртке бөлініп кө­ріледі. Қобыздың басынан қос қар­лы­ғаш­тың бей­несі шығады. Екі қарлығаштың жиын­тығынан халыққа аяғының ұшымен қыз­мет етіп жүрген патша баланың бей­несі шығады. Патша баланың бір қолында кітап, бір қолын «сабыр» деп көтеріп тұр. Патша баланың ортасынан жарып шығып өрмелеп келе жатқан барыстың бейнесі. Азу тісін ақситқан көк бөрі, оның астында Күлтегін бабамыздың бала шағы, ана мен бала, аяғына сұр жылан оратылған қыран бейнеленген. Бірімен-бірі сабақтасып, тамырласып жатқан кереметтер. Өзімізді қойып, енді түйенің өзін сөйлетейік, не дер екен? Түйеміз бүй дейді: «Бұл бір жал­ған дүние тар секілді, суға құлап жоқ бол­ған жар секілді. Талай-талай сүрлеуден өтті-ау бабам, Ауыр жүкті арқалап нар секілді... Көптен күткен көк бөрі қайта оянды, қанын жұтып ішіне зар секілді. Көк бөрінің көк туы көкке өрлеуде, көк­тем-көңіл енді еріген қар секілді...».
Аталмыш туындыны бір жарым жыл бойы тынбай еңбектеніп жасаған қолөнер шебері Гауһарбек Күнхожаев Түркістан қаласында тұрады. Туып-өскен жері - Арыс қаласының маңайы. Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітіріп, мамандығы бойынша бірер жыл оқу орнында дәріс берген, кейін біржола қолөнерге ауысқан. Адам бойына кез келген өнердің алдымен атаның күші, ана­ның сүтімен сіңетіні анық. Әкесі Баянбай емші әулеттен шықса, шешесі Зәбира Номанқызы той-томалақта әуелете ән салатын, оған қоса сырмақ, кілем тоқитын ісмер жан еді. Нағашы атасы Күнхожа домбыра жасайтын шебер әрі күйші бол­ған, ел аузында ол кісінің желеп-жебеп жүретін «сары жыланы» болған деген де сөз бар.
Аталарының аруағы қолдаған болу ке­рек, Гауһарбек ең алғаш әскерде жүр­генде тылсым түс көрді. Түсінде үнемі домбыра тартып немесе ағаштан домбыра құрастырып жататын. Бұрын-соңды ағаштан мүсін ойып көрмесе де, «тәуекел» деп ең алғашқы домбырасын құр жалаң пышақпен ойып шығарды. Сол домбырасы әлі күнге сақтаулы.
2003 жылы «Киелі домбыра жасап ал» деген тылсым түс көрді. Сөйтіп, түсінде көрген туындысын құрма жемісінің сүйегімен сызып шықты. Тағы бірде таң намазы үстінде әлі жасалмаған ерекше домбыраның нұсқасы төрт рет өздігінен сәуле шашып жарқырады. Сол үлгі бо­йынша «Түркістан домбыра» жасап шық­ты. Домбырасын аттай қалап алғандардың ішінде белгілі мемлекет және қоғам қай­раткері Нұртай Әбіқаев, Голливуд жұл­дызы Стивенсон, т.б. бар.
Белгілі дизайнер, профессор Аманжол Найманбай аталмыш туынды жайында былай дейді: «Бұл - нағыз өнер туындысы. Оған күмән жоқ. Әрине, мамандардың әрқилы пікірлері болуы мүмкін. Ол мін­детті де. Дегенмен мұндай туындылар жиі туа бермейді. Бауырымыздың жасаған еңбегінде қазақтың тотемдік, киелі ұғым-түсініктерінің жиынтығы төрт көзі түгел тұнып тұр. Мұндай туынды осы уақытқа дейін болған емес».
Гауһарбектің өзі құнын бір миллион долларға бағалап отырған, кәсіби шебер­лердің таңдайын қақтырған туындысы­ның қондырмасын Сыр бойында өсетін тораңғыл ағашынан жасаған. Тораңғыл шегедей қатты әрі жұмсақ ағаш. Оның сырын ағаштан түйін түйетін шеберлер жақсы біледі. Тораңғылды ел киелі санап, отқа жақпайды. Қазақ жерінің әр аума­ғындағы «Бес тораңғыл әулие» деген жер аттары да тегін шықпаса керек.
Кейіпкеріміздің қолөнерден басқа ән­шілік, сазгерлік, ақындық өнері бар. Әр туындысын өлеңмен өрнектеп, «сөйтетіп» қояды. Астана қаласының 20 жылдығы кезінде өткен спорттық іс-шарада ауыр кір тасын көтеруден екі салмақ (16 және 24 келі) бойынша да бас жүлдені жеңіп алғанын да айта кетелік.
Астана демекші, Гауһарбектің біз сөз қыл­ған туындысын биіктігін он метр етіп көк тастан ойып, Астананың көрікті жері­не қояр ма еді, шіркін!...

Төреғали ТӘШЕНОВ

"Айқын" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616