Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2608 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 09:19

«Ақтау теңіз айлағы» арнайы аймағындағы 25 компания қызметін тоқтатады

«Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аймағындағы (АЭА) 25 компания қызметін тоқтатады, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жұмыс бағдарламаларын сақтамағаны және бөлінген жер телімдерін игермегені үшін 11 компаниямен келісімшарттар бұзылады. Ақтау қаласының әкімдігіне жер телімдерін тәркілеуге сұраным жолданды.
Сондай-ақ, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне бүгінгі күні жер телімін алмаған және жариялаған жобаларымен айналыспай отырған 14 компанияны АЭА қатысушысы статусынан айыру туралы хат жолданды», - деп мәлім етті «Ақтау теңіз айлағы» АЭА» АҚ басқарма төрағасы Әмірбек Төлегенов өткен сәрсенбіде арнайы аймақтың қызметіне байланысты өткен көшпелі кеңесте.

Оның айтуынша, «Ақтау теңіз айлағы» АЭА» АҚ -ының басымдықты қызмет түрлерін кеңейту биыл Ақтауда өткен инвестициялық форумның аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған инвесторлардың бастамаларын жүзеге асыру үшін де керек. Бұл компьютерлер мен перифериялық жабдықтардың өндірісі, әуе және ғарыштық ұшу аппараттарының өндірісі, автокөлік құралдарының, жаңартылатын қуат көздерінің өндірісі», - деді ол.

Өз кезегінде Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов «Ақтау теңіз айлағы» АЭА құру туралы»ҚР президентінің жарлығына түзетулерді мемлекеттік органдармен келісіп, оларды енгізу үшін арнайы экономикалық аймақтың басшылығына қолдау көрсету туралы тапсырма берді.

Дереккөз: ҚазТАГ

0 пікір