Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3626 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 09:02

«Қасымның әндері-ай» атты ән кешіне шақырамыз!

Қан майданның қақ ортасында жүріп, қаруы мен қаламын қатар ұстаған қазақтың ержүрек ақындарының бірегейі - Қасым Аманжолов еді. Қасымның от пен оқтың арасында туған жалынды жырлары заман өзгеріп, буын ауысса да, тыңдарманын әсерсіз қалдыра алмайды. Қаншама жыр, дастан, аудармалар қалдырған ақын қысқа ғұмырында қазақтың ән айдынына да тамшыдай болсын өз үлесін қосып кетті.
Қасым Аманжолов  шығармаларын ұлықтап, бұқара халыққа насихаттау мақсатында, үстіміздегі жылы қарашаның 28 жұлдызында cағат 19.00-де Қарағанды қаласындағы Кеншілер сарайында  ақынның  өз әндері мен өлеңдеріне жазылған музыкалық шығармалардың концерті өтеді.
«Қасымның әндері-ай» атты бұл ән кеші Қарғанды қаласында тұңғыш рет  ұйымдастырылып отыр. Бастамашы топтың төрайымы - белгілі әнші, продюсер Гүлбаршын Тергеубекова.         
Атаулы кешке қазақ эстрадасының тарландары мен дәстүрлі әншілер және қарағандылық белгілі ақындар қатысады.  Ақындар қауымы Қасым Аманжоловтың рухына бағышталған жалынды жырларын  оқиды.

Ұйымдастыру комитеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544