Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2589 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 15:19

«Сэнди»

«Сэнди» деп аталатын мұхит дауылы Құрама Штаттардың шығыс жағалауын астан-кестен қылып, шамамен 72 адамның өмірін жалмап кетті. Шығыс жағалауда 6 млн.ға жуық адам әлі де электр жарығынсыз отыр. Нью-Джерси штатының бірнеше қалаларын су басып қалған. Дауылдан батыс Вирджиния, Нью-Джерси, Нью-Йорк және Коннектикут қалалары ең көп зардап шегіпті.

Алып Америка табиғат апатынан келген зардаптарды жоюға кірісіп те кетті. Қазір көптеген қалаларға жарық беріліп, тіршілік қалпына келе бастады. «Сэнди» дауылынан келген шығын көлемін АҚШ Президенті Барак Обама 20 млрд. доллар шамасында деп бағалапты. Ал, экономикаға келген шығын есебі 10-30 млрд. долларды құрауы мүмкін екенін айтыпты.

0 пікір