Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2793 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 09:19

Шымкент тұрғындары әкімнен тойханаларды жабуды сұрады

Шымкентте той көп. Оңтүстікте тойсыз өтетін күндер болмайды. Бұл халық арасында әзілге айналып кеткен әңгіме. Әйтсе де, халықтың той тойлаудан басқа жұмысы жоқ деуге болмайды.

Бірақ, халық көп болған соң, той да, тойхана да жетерлік. Тіпті, кейбір тойханалардағы күні-түні дүрсілдетіп билегендер, бақыртып-шақыртып әуен қосатындар елдің тыныштығын алып, түнде ұйқысынан айыратын көрінеді. Түнде ұйқысы қанбаған адам күндіз қалай күліп жүрсін?!

Міне, жақында Мақтарал ауданындағы Атамекен елді мекенінде қырық жыл көлеңке болған ағаштарды кесіп, орнына даңғазадай қылып тойхана салды. Тойхана салынғалы бері халықтың мазасы қашып, ұйқысы қанбай жүрген көрінеді. Атамекен тұрғыны Ескендір Шамсейідов ОҚО әкімінінің жеке блогында жазған шағымында"Айгерім № 2" тойханасы бала бақша мен № 3 аурухананың жанында орналасқан. Бірнеше рет аудан әкімі мен ішкі істер басқармасына хабарласқанмен, еш нәтиже жоқ екендігін де айтыпты.

Ауруханадағы науқастар емделудің орнына мазасы қашып, бала бақшадағы балаларға тойханадағы даңғырлаған дауыстар кері әсер етіп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, тойхана саябақтың орнына салынған деп көрсеткен.

Бұған облыс басшысы былай жауап беріпті: Мақтарал ауылдық округіне қарасты халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан "Айгерім-2" мейрамханасы орталық саябақ аумағында емес, оның жанында орналасқан. Аталған жер ауыл округінің 2003 жылғы 5 шілдедегі №115 шешімімен тиісті заңнамаларға сәйкес берілген. Тойханаға ең жақын орналасқан тұрғын үйлердің, аурухананың ара қашықтығы 100-200 тікелей көріністі емес метрді құрайды.

Сондықтан, тойханада өтіп жатқан той жиын дауысы арызда атап өтілгеніндей тыныштықты бұзбайтындығы анықталды. Сонымен бірге аурухана және бала бақша ұжымы, емделушілер, ата аналар тарапынан тойхана қызметіне ешқандай наразылық танытпауда. Оның үстіне тойханаға жақын жерде орналасқан полиция бөлімі азаматтардың, әсіресе жастардың бұзақылыққа баруының алдын алып жол бермеуін қамтамасыз етуде.

Дегенмен, тойхана басшылығына барлық тиісті талаптарды сақтап, заңнамаларға сәйкес жұмыс атқару жөнінде құқық қорғау органдарымен бірлесіп түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Дереккөз: nur.kz

0 пікір