Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2562 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 09:17

«Болашаққа» құжаттар қабылдау мерзімі өздігінен түсуші үміткерлерге ұзартылды

«Болашақ»  халықаралық шәкіртақысын тағайындауға құжаттар қабылдау мерзімі өздігінен түсуші үміткерлерге ұзартылды, тиісті бұйрыққа Қазақстанның Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қол қойды.

«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573  қаулысымен бекітілген «Болашақ»  халықаралық шәкіртақысын тағайындауға  үміткерлерді  іріктеу  Ережесін жүзеге асыру мақсатында  бұйырамын:  2012 жылғы 19-30 қарашада  өздігінен түсуші үміткерлер санаты бойынша  «Болашақ»  халықаралық шәкіртақысын тағайындау үшін  байқауға қатысуға  құжаттар қабылдаудың қосымша мерзімі  бекітілсін», - делінген сәрсенбіде Қазақстанның мемлекеттік  БАҚ -тарында жарияланған құжат мәтінінде.

Дереккөз: newskaz.kz

0 пікір