Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2665 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 09:16

Елімізде жүкті әйелдердің тісін емдеу ақысыз ба?

Бұл туралы Раушан Жарасбекқызы есімді 28 жастағы жүкті әйелдің Қостанай облысы әкімінің жеке блогындағы шағымынан білдік. Ол: «Мен жүкті болғандықтан, жұмыстан демалыс алып шыққан едім. Үш күннен бері тісім ауырып жүргендіктен әйелдер кеңесіне барғанымда, онда тісімді емдемейтінін, тек қана қарап беретінін айтты. Сонда Қазақстанда жүкті әйелдердің тісін тегін емдейтіні қайда қалды?» депті.

Бұған Қостанай облысы әкімдігінің ресми сайтында әйелдер кеңесіндегілердің дұрыс нұсқау бермегендігін айтыпты.
«Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйелдер кеңесінің дұрыс бағдар бермегендігі үшін кешірім сұрайды. Сіздің айтып отырғаныңыз дұрыс. Жүкті әйелдердің тісін тегін емдеу туралы ҚР Үкіметі бекіткендей күшін жойған жоқ. Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы мен «Көктем-2» ЖШС арасында жүкті әйелдердің тісін тегін емдеу туралы келісім бар. Осыған байланысты, сізге қате бағыт сілтеген Ахметова есімді нұсқаушыға сөгіс жарияланды» депті.

Дереккөз: baq.kz

0 пікір