Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3539 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 09:15

Корея Республикасы Президентінің кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Қазақстанда Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың «Өмірде ғажайып нәрсе өз-өзінен бола салмайды!» деген атпен қазақ тіліндегі кітабы жарық көрді.

Аударма авторы - жазушы-публицист, қазақстан-куба халықаралық достық қоғамының вице-президенті, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Бақытқожа Рүстемов.

Шындығында, Оңтүстік Корея экономикасының қарқынды дамуын «корейлік ғажайып» деп айтуға болады. Алайда Ли Мен Бак өз кітабында мұнда ешқандай ғажайыптың жоқ екендігін жазады. Кітапқа ең кедей әлеуметтік топтан шығып, жақсы оқып, қажырлы еңбек етіп, ақыры ірі компанияның президенті, сосын бір елдің Президенті болған қарапайым бала туралы әңгіме арқау болған. Мұндағы мәселенің мәнісі ғажайыпта емес, корей халқының еңбекқорлығында, әркімнің ел алдындағы жауапкершілігін жете сезінгендігінде.

Қазақстандық жазушы оңтүстіккореялық президенттің өмірін біздің Мемлекет басшысының тағдырымен салыстырған.

«Қазақстан тарихында мұндай халықаралық дәрежедегі үлкен публицистиканы қазақ тіліне аудару бұрын-соңды болмаған оқиға. Бұл кітапты аударуға мені ешкім қолқалаған жоқ. Ли Мен Бактың осы кітабын орыс тілінде оқыған кезде оның өмір жолынан біздің Елбасымыздың тағдырымен сабақтастық көрдім. Неге десеңіз, ол да, біздің Президент те - қарапайым жұмысшылардың отбасынан шыққан. Ауылдың қарапайым баласы өз еліндегі ең биік дәрежеге жетеді, Нұрсұлтан Назарбаев та дәл осындай өмір жолын жүріп өтті. Олардың тағдырлары сан қилы. Өйткені бір елді басқару оңай шаруа емес. Олардың өмірі әлем жастары үшін үлгі. Ли Мен Бактың өмірі қазақстандық жастар үшін үлкен өмір мектебі болар деген үміттемін», - деді Б. Рүстембеков ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, кітаптың орысша нұсқасын 2009 жылы оқып шығып, қазақшаға аударған. Аударма авторының ендігі мақсаты осы кітапты қазақстандық оқырмандар арасында кеңінен тарату.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір