Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3217 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 09:10

2012 жылғы қазанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 18 238 теңгені құрады

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2012 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда 1,1%, 2011 жылғы қазанмен 8,5%-ға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,6%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны 14,5%, жемістер мен көкөністерді 14,8%, нан және жарма өнімдерін 7,1%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2%-ды құрады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Азық-түлік қоржынына 43 тамақ өнімдерінің атаулары кіреді. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың белгіленген үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы Қазақстан Республикасының (1999ж. 16 қарашадағы №474-I) «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» Заңының нормаларына сәйкес есептелінеді.

Дереккөз: ҚР статистика агенттігі

0 пікір