Жексенбі, 23 Ақпан 2020
Жаңалықтар 1520 0 пікір 29 Қазан, 2012 сағат 12:45

Украинада сайлаудың алғашқы нәтижелері шыға бастады

Украинада жексенбіде өткен парламент сайлауында берілген дауыстар саналып жатыр.

Әзірге бюллетендердің тек 5 пайызы ғана саналды. Оның қорытындысы бойынша, президент Виктор Януковичтің "Аймақтар партиясы" 40 пайыздан астам дауыс жинап алда тұр. Бірақ әзірге партияның ықпалы күшті елдің шығыс аймақтарында берілген дауыстар ғана саналды.

Оппозиция да дауыстарды орталық сайлау комиссиясына жанама түрде санап жатыр. Оппозиция мен экзит-поллдың есебі бірдей. Ол бойынша, "Аймақтар партиясы" шамамен 30 пайыз, оппозицияның біріккен "Батькивщина" партиясы 24 пайыз, танымал боксшы Виталий Кличконың "Удар" партиясы - 14 пайыз, ал "Свобода" радикалды ұлтшыл партиясы мен Коммунистік партияның әрқайсысы 12 пайыздан дауыс алып тұр.

Жоғарғы Рада депутаттарының жартысы партиялық тізім бойынша, басқалары - бір мандаттық округтер бойынша сайланады. Округтер бойынша сайлауда да "аймақтар партиясы" алда тұрса, олардан кейін өзін-өзі ұсынған үміткерлер жеңіске жетіп тұр.

Оппозиция бір мандатты округтер бойынша партиялық тізім бойынша жинаған дауыстар санынан да аз дауыс алып тұр.

Бақылаушылар жалпы сайлау барысына оң бағасын беріп жатыр. Бірақ оппозиция кейбір аймақтарда заң бұзушылықтар болғанын айтады.

Дереккөз: azattyq.org

0 пікір