Жұма, 6 Желтоқсан 2019
Жаңалықтар 1415 0 пікір 29 Қазан, 2012 сағат 12:39

Қытай Зүлфия Чиншанлоны қайтарып алу әрекеттерін жалғастыратын болады

Қытай Лондонда өткен 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы қазақстандық Зүлфия Чиншанлоны отанына қайтару үшін әрекеттерді жалғастыратын болады.

Бұл туралы Russian.china.org.cn. хабарлады.

Басылымның мәліметінше, ауыр атлетикадан қытай қауымдастығы қазақстандық тарапқа екі мәрте ресми хат жолдаған, бірақ әлі күнге дейін жауабын алмады. Провинцияның ауыр атлетика бойынша команда бастығының орынбасары Хунань Чжоу Цзюньфу мәлім еткендей, Қазақстан Чиншанлоны жібермейтін болса, бұл мәселе дипломатиялық арналар арқылы шешілетін болады.

Еске салайық, бұған дейін қытайлық БАҚ-тарда 22 қазан күні Чанша қаласының Юйхуа Қоғамдық қауіпсіздік басқармасында ауыр атлетші қызымыз ҚХР-дың жеке куәлігін ресімдеп, Қытай құрамасы үшін қайта өнер көрсетуді ойластырып отырғандығы айтылды. Оған негіз - З.Чиншанлоның Қазақстанмен жасаған бесжылдық келісімшарт мерзімінің аяқталуы.

Дегенмен, 27 қазан күні Қытайдан Қазақстанға оралған Олимпиада чемпионы өзі туралы қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарында жазылғандардың барлығы қауесет екендігін айтты. «Қытайда мен туралы жазылғандардың барлығы өтірік. Мен мұны Қазақстанға қайтып келуіммен және осында тұрғаныммен дәлелдедім. Маған қолдау білдіргендердің барлығына алғысымды айтқым келеді. Қайталап айтамын, бұның бәрі қауесеттер және мен бұл сұраққа қайта оралуды қаламаймын», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір