Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3822 0 пікір 29 Қазан, 2012 сағат 06:58

Дос Көшім. Қазақтың бес парызы

Қазақ мәселесінің шешілмей жатқандығының бір себебі, мүмкін, басты себебі – біздің қазақтықтан алшақтап кеткендігіміз болар деп ойлаймын. Өзіміз қазақ болмай жатып, қазақтың ұлттық мәселелерін қалай шешпекпіз?

Бәріміз де саусағымыздың ұшын қимылдатпай, қазақ болғымыз келеді. Менің байқауымша, бұл – ақымақтың ісі. Отаршылдық та, тоталитарлық идеология да, біріншіден, ұлтсыздандыруға бағытталды және ол өзінің нәтижесін берген де сияқты. Сондықтан ҚАЗАҚТЫҚҚА қайтып келмейінше, бұл құрсауды бұзып шығу мүмкін емес. Бұл, сөз жоқ, өзін қазақпын дейтін әрбір адамға үлкен міндет жүктейді және ол міндетті бос сөзбен (немесе Абай. Кз. сайтына коммент жазумен жүзеге асыра алмайсың. Қысқасы, қазіргі кезеңде қазаққа қазақ болу да оңай шаруа емес, қазақ болмайынша ұлттық мемлекет құру да бос сөз. Енді қазақ болу дегенімізге келейік. Меніңше, мұсылмандықтың бес парызы сияқты, қазақ болудың да бірнеше нақты шарттары болуы қажет. Әрине, бұл шарттардың бесеуден көп те, аз да болуы мүмкін, менің мақсатым Сіздерге ой салу ғана. Өзімнің пайымдауымша, ол шарттар мыналар:

1-шарт
Айлап жүгіресің бе, жылдап жүгіресің бе, әйтеуір талай кеңсенің табалдырығын тоздырып жүріп, соттасып, алысып, жұлыса отырып құжаттардағы ата-тегіңдегі орыстандыру мақсатындағы жасанды түрде енгізілген «-ов» пен «-овалардан» құтылу. «-ов» пен «оваларды» маңдайыңа басқан құлдықтың белгісі ретінде қабылдау! Бұл іске тек өзіңді ғана емес, отбасыңды, жора-жолдастарыңды да тарту. «-ов» пен жүрген адамның «мен қазақпын» деп кеудесін қағуы ақиқатқа қарсы құбылыс екенін сезіну. Өзінің ата-тегіне оралуға шамасы келмей жүрген адамдардың ұлттың мәселені көтеруінің өзі ыңғайсыздық тудыратынын ұғыну. Ең бастысы, бұл шарттың талабына «Онда тұрған не бар» деп айта көрме, қазақты құртып жүрген сөз осы!

2-шарт
Балаларыңды, немерелеріңді қазақ балабақшасына, қазақ мектебіне беру. Бұл жерде де келінмен ырылдасып, балаңмен айқайласып, керек десең төсектегі әйеліңнің де теріс қарап жататындай жағдайларға қаларсың. Бірақ, бір қадам кері шегінбей, бұл шарттың қазақтың болашағына беретін пайдасын ұстамдылықпен түсіндіре біл. Қазақ мектебін бітірмеген қазақ – болшақта нағыз қазақ бола алмайды. Балаларын орыс тілінде оқытқан адамдардың қазақ тілінің болашағы, ұлттың мәселесі туралы «жүрегі ауыра» сөйлеуі – нағыз екіжүзділік болып табылады. (Бірде Қазақ тіліне қатысты кезекті бір комиссия құрылатын болғанда, қарап отырмай: «балалары, немерелері қазақ мектебінде оқымайтын жандар бұл комиссияға мүше болмауы керек» дегенім бар. Комиссияға кірейін деп отырған ағаларымыздың басым көпшілігі маған дүрдие қарады...). Кез келген ортада балаларды қазақтілді мектепке берудің қажеттігін насихатау, талап ету – азаматтық міндет болып саналуы керек. Балаларын не немерелерін әлі күнге дейін орыс мектебіне беріп жүргендерді масқаралап, сынап отырғанның да артықшылығы жоқ. Бұл бағытты да ұстанамын десең, Қазақты құртып жүрген «Онда тұрған не бар» деген сөзді айтпа!

3-шарт
Барлық жерде, барлық жағдайда тек қана қазақ тілін қолдан. Бастығыңнан ұрыс естірсің, кейбір жолдастарың теріс қарап кетер, алғашқы кезеңде тіпті балаларың да сенің бұл «қырсықтығыңды» түсінбес, бірақ ұлттық ерекшелік толық сақталмаған жерде ұлт та, қазақ та болмайды. Біреулердің жағасынан алып, «қазақша сөйле» деуге болмайды, бірақ өзің де да жан адамға «орыс тілінде жаз, сөйле» деген сөзді айтқызба! Ана тілінде жазу, сөйлеу – біздің Конституциялық құқығымыз. Егер бұл құқықты өзіміз ұстанбасақ, мемлекеттік тілімізді ешкім де мойындамайды. Балтық жағалауы елдері осы ұстаныммен орыс тілінің үстемдігін жеңе білді. Басқалардың аузына жармасып, олардан қазақ тілінде сөйлеуді талап етпей-ақ қоялық. Бірақ өзіміз оларға тек қана ана тілімізде (мемлекеттік тілімізде) жауап берелік. Бұл шарттың адам құқығы мен еркінідігіне негізделгенін естен шығармайық. Барлық қазақтілді азаматтар осы шартты орындауға көшкенде ғана мемлекеттің тіліміз өзінің күшіне енеді.

4-шарт
Өзіңнің ата-бабаларыңның дінін – ислам дінің ұстан. Әрине, діннің жолына біреулер ерте, енді біреулер кеш келеді. Бірақ дінді толық ұстануға әлі келмесең де, мұсылман екеніңді ұмытпауға тырыс. Құран оқуды үйрену мен жұма намазға барудан баста. Дін ұлттың бірлігінің өзегі ғана емес, имандылықтың көзі және ұлттық қайсарлықтың, рухтың да көзі екендігін ұмытпалық

5-шарт
Қазақ мәселесі көтерілгенде, сөз..

0 пікір