Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2803 0 пікір 2 Қазан, 2012 сағат 06:43

Шардараның даңқы енді күрішпен шығады!

Әу баста күріш дақылын өндіруге маманданған шардаралық диқандар егемендік алғаннан бергі уақытта жаппай мақтаға бет бұрып кеткен болатын. Алайда, соңғы бірер жылдан бері күріш өсіруге қайта ден қойып келе жатқан шаруалардың қатары молайып келеді.

Биылғы жылы аудан бойынша   966 гектар алқапқа күріш егілгені соның дәлелі. Атап айтқанда, «Қазақ мақта шауашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Шардара өкілдігіне қарасты шаруашылықта күріш ору жұмысы басталды. Мұндағы ұжым 44 гектарға күріш дақылын еккен екен. Сыр маржанының шығымы жаман емес. Бастарын көтере алмай тұрған дақылға қарап өнімнің мол болатынын аңғаруға болады. «Біз ұмыт бола бастаған күріш өсіруді 2008 жылдан бастап қолға алдық. Күріштің тиімділігі сол - бұл дақыл біріншіден, қол күшін көп керек етпейді. Жердің сорын мұқият шайып, агротехникалық талаптарға сай тұқым сеуіп, қалыпты деңгейде суға бастырсаңыз болды, егістік те бітік шығады. Уақтылы минералдық және органикалық тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру де егіс түсімін арттырудың бірден бір жолы», - дейді бас агроном Жұмахан Дүйсенов.  

Бұл шаруашылықта қазірше бір комбайн ғана күріш бастырумен айналысуда. Тағы да бір комбайн таяу күнде іске кіріспек. Бір кездері Кеңес Одағына күрішпен аты шыққан Шардара бүгінде сол шаруаны қайта қолға алып жатқаны көпті қуантып отыр.

0 пікір