Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2714 0 пікір 3 Қазан, 2012 сағат 15:51

Елбасы ОҚО студенттеріне дәріс оқыды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенттері атынан хат келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенттері атынан хат келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Біз Сіздің Назарбаев Университетіндегі «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісіңізді зор ықыласпен тыңдай отырып, ойымызда жүрген көптеген сұраққа толықтай жауап алдық. Бұл дәріс жастар үшін тағы да үлкен серпін беріп, келешекке деген зор сенімімізді ұялатты» деп жазады хат иелері.

Одан әрі студенттер Елбасының интерактивті дәрісінің басты ерекшелігі - өткенді саралай отырып, Қазақстан халқы, оның ішінде жастар, алдағы уақытта атқаратын міндеттерді белгілеп бергенін атап өтеді. Сондай-ақ ел дамуының жаңа кезеңі мен тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына бет бұрған тұста қоғамдағы ең ірі әлеуметтік топ - жастарға деген Президенттің сенімі мен қамқорлығы оларды одан әрі қанаттандыратынына тоқталған.

Студенттер жолдаған хатта Елбасы тапсырмасымен жастар саясаты жаңа серпін алғаны, бұл орайда жастар арасынан жаңа кәсіп иелері - менеджерлер мен спортшылардың жаңа буыны қалыптасып келе жатқаны атап өтілген. Олар білімді, тәрбиелі және өнегелі жастар дені сау ұлт қалыптастыратына сенім білдіреді.

«Біз, студент жастар, тәуелсіз еліміздің өркендеуі мен қарқынды дамуы жолында мемлекет алдындағы жауапкершілігімізді терең түсінеміз. Біздің міндетіміз айқын. Ендігі кезекте аянбай еңбек етіп, озат оқуымыз бен алған білімімізді еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуі жолына жұмсайтынымызға сендіреміз. Сіздей елі сүйген Елбасын біз әрдайым мақтан тұтамыз» делінген хатта.

0 пікір