Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3710 0 пікір 3 Қыркүйек, 2012 сағат 09:14

Зайсанда кәсіп пен нәсіп түрлері көбейіп келеді

Кәсіп 2012 жылдың 1 маусымына Зайсан ауданы бойынша шағын бизнес субъектілерінің  тіркелген заңды тұлғалар саны - 68 (2011 жылы - 65 немесе 104,6%), оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 39, бұл 2011 жылдың (34) сәйкес мерзімімен салыстырғанда 114,7%, соның ішінде белсенді  жұмыс істеп тұрғаны - 31, бұл 2011 жылмен (31) салыстырғанда 100%.
Тіркелген кәсіпорындардың ішінде: 5 кәсіпорын - ауылшаруашылығында, бұл жалпы санның 7,6%; 6 -  өнеркәсіп өндірісінде, (9%);  6 - құрылыста (9%); 27 - саудада (41%); 3 - көлік және байланыста (4,6%); 19 - жылжымайтын мүлікпен жұмыс, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде (28,8%).
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2113 бірлікті құрап, бұл 2011 жылдың (2119 бірлік) сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,3%-ға төмендеді.
2012 жылдың 1 тоқсанына барлық шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінен жергілікті бюджетке түскен салық - 82601 мың теңгені құрап, бұл 2011 жылдың (77541 мың теңге) сәйкес мерзімімен  салыстырғанда 6,5%-ға артты. 
Зайсан ауданында бөлшек тауар айналымының өсу қарқыны байқалуда, бұған дәлелдеме бөлшек тауар айналымының көлемі 2011 жылдың 5 айына  678,1 млн. теңге, ал 2012 жылдың  5 айында 846,1 млн. теңгені құрайды, яғни 18,9%-ға жоғарлаған .  

2012 жылдың 01 маусымына аудан халқына  шағын бизнес саласынан 6 базар, 159 сауда үйлері мен дүкендері, 4 тойхана, 22 кафе, 8 асхана, 12 шаштараз, 5 тігін шеберханасы, 6 аяқ киім жөндеу шеберханасы, 7 қонақ үй, 3 көпшілік монша, 4 фото салон, 4 косметикалық қызмет көрсету салоны, 1 аудио- видео жөндеу шеберханасы, 2 ұялы телефон жөндеу шеберханасы, 4 компьютерлік қызмет көрсету орны, 3 тіс емдеу кабинеті, 8 жанар-жағар май құю станциялары, 1 пима басу шағын цехы, 12 май сығу цехы, 24 наубайхана, 2 халыққа техникалық қызмет көрсету орталығы, 8 автокөлік жөндеу шеберханасы, 17 дәріхана, 2 ветеринарлық дәріхана қызмет көрсетеді.
Қазақстандық мазмұнды арттыру бағытында «Зайсан Сулары» ЖШС-нің минералды сулары, «Рахат» кондитерлік цехының кондитерлік және нан өнімдері, «Құлынды су» ЖШС-нің ауыз суы, «Бекзат» ЖШС-нің лимонад және газдалған сусындары, сонымен қатар 12 май сығу цехтарының өсімдік майы өнімдері, 24 наубайхананың нан өнімдері, 1- кулинарлық, 2-тушпара цехтарының өнімдері ауданның және көршілес аудандардың тұтұнушыларының сұраныстарына ие болуда. 
Сонымен қатар, «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің темір-бетон және кірпіш, пластикалық есік, терезе өнімдерін, «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-нің асфальт-бетон, пластикалық есік, терезе өнімдерін, жеке кәсіпкер Р.Қадырхановтың ағаш өнімдерін шығаратын цехы - құрылыс материалдарын шығарып, тұтұнушыларға жеткізілуде.
2009 жылы  облыстық әділет басқармасында тіркелген «СҰҢҚАР» Зайсан ауданының кәсіпкерлерінің қоғамдық бірлестігі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің жұмысына қатысу үшін аудандық деңгейде аккредиттелді.
Зайсан ауданы бойынша бағаны тұрақтандыруға байланысты аудандық құнсыздану үдерістеріне бақылау жасау жөніндегі штаб отырысы тұрақты өткізілуде. Азық-түлік, өндірістік тауарларының, көкөністің, жанар-жағар май өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, үстеме бағаны 10%-дан асырмай тұтынушыға сату туралы жасалған  230 меморандумдардың орындалуы қадағалануда.
Ауданда ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында күнделікті «Айка» базарында шаруа қожалықтары және тауар өндірушілер өз өнімдерін делдалсыз арзан бағамен саудалауда.
2011 жылы «Туған елге - тағзым» акциясын өткізу жалғасуда, аудан әкімімен «Сайқан», «СМУ-Шығыс», «Зайсан» құрылыс компаниясы», «Нұр-Сервис» ЖШС-терінің басшыларымен өзара көмек және өзара әрекет ету туралы меморандумға қол қойылды.

0 пікір