Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3333 0 пікір 25 Қыркүйек, 2012 сағат 10:21

Азат Перуашев: «Провокациялық ақпаратқа ешқандай қатысым жоқ»

Өткен аптаның аяғында интернетте «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың қолы атынан ашылып сайрау мәтініндегі әлдебір хат пайда болған еді. Іле-шала бұл хаттың арандату мақсатындағы жалған хаты екені белгілі болып еді. Аталған жалған мәлімдемеге байланысты «Ақ жол» партиясының төрағасы, мәжіліс депутаты Азат Перуашев ресми жауап берді. «Мен бұл провокациялық ақпаратқа ешқандай қатысымның жоқ екендігін ресми түрде мәлімдеймін», дейді Азат Перуашев өзінің ресми мәлімдемесінде.

Төмен мәлімдеменің толық мәтінін ұсынып отырмыз.

«Abai.kz»

Барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға

Құрметті әріптестер!

Бүгін бірқатар ақпараттық агенттіктеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ жекелеген қазақстандықтардың электрондық пошталарына менің атымнан «Ағынан жарылу» деп аталған ЖАЛҒАН мәлімдеме таратылыпты. Бұл жалада еліміздегі белгілі адамдармен менің қарым-қатынасым туралы жалған ақпарат жасалып, өмірбаяныма қатысты кейбір фактілер жағымсыз көрсетілген.

Мен бұл провокациялық ақпаратқа ешқандай қатысымның жоқ екендігін ресми түрде мәлімдеймін.

Бірақта мұндай ақпараттың пайда болуының өзі «Ақ жол» партиясы мен осы партияның төрағасы ретіндегі менің саяси қызметімнің дұрыстығын  және принципшілдігін дәлелдейді деп санаймыз.

Біздің саясатымызға жол бермеу үшін қарсыластарымыздың осындай кір, төмен саяси әдісті қолданудан басқа амалдары қалмаған шығар.

Осыған орай, «Ақ жол» партиясы мен оның Парламенттегі фракциясы қатардағы қарапайым қазақстандықтар мен қазақ халқының мүддесі жолындағы қызметін әрі қарай жалғастыра береді деп сендіремін.

Ізгі ниетпен,  Азат Перуашев

2012 жылғы 22 қыркүйек

0 пікір