Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3349 0 пікір 21 Қыркүйек, 2012 сағат 10:15

ҚЫТАЙДЫҢ ҚЫРЫҚ ТҮРЛІ АЙЛАСЫ БАР

Қытай үкіметі «Қазақстандағы қытай диаспорасына арналған» деген жазуы бар қытай, орыс тілдерінде  «Хасакэсытань хуацяо бао» газетін шығара бастады. «Синхуа» агентігінің ресми мәліметтеріне мән берсек, аталған газет Қазақстанда өмір сүріп жатқан 300 мыңнан аса қытай азаматтарына арнап шығарылуда екен. Осыдан кейін, бізге тіркелген 50 мың қытай азаматы бар деген ресми дерекке күмәнмен қарай бастайсыз. Бүкіл Қазақстан емес, бір Алматы қаласының өзінде жүзге тарта қытай кафесі мен мейрамханасы, 270 бірлескен касіпорын, екі банк, 48 жанармай құю бекеті, бір мәдениет орталығы, Қазақ ұлттық университетінің жанындағы қытай тілі орталығы, Конфуций институты, Ялянь сауда орталығы, Си Синхай, Бианху көшелері,барахолка және Сауран сауда нүктелері, оннан астам Қытай мидицина орталығы, Қазақстан азаматтығын алған бес мыңнан аса азаматын қосыңыз. Осыдан-ақ, қара қытайдың қарқынының қандай екенін аңғарамыз. Жылына шекарадан шамамен 50-60 мың қытай қазақ даласының түкпір-түкпіріне сіңіп кетеді де, соның 50 пайызының ғана қайтқан ізі бар көрінеді. Ал қалғаны қайда жүр? Белгісіз.Кезінде Тяньаньмен алаңында жас­тарды қырып салған Қытай үкіметіне әлем аталмыш демократияны желеу етіп,  адам құқығы туралы сөз бастағанда, Дэн Сяопин: «Егерде осы адамдардың құқығы Сіздерді қайғыртып отырса, осы тектес адам құқығы деп отырғандар 40 миллионнан асады.

Қытай үкіметі «Қазақстандағы қытай диаспорасына арналған» деген жазуы бар қытай, орыс тілдерінде  «Хасакэсытань хуацяо бао» газетін шығара бастады. «Синхуа» агентігінің ресми мәліметтеріне мән берсек, аталған газет Қазақстанда өмір сүріп жатқан 300 мыңнан аса қытай азаматтарына арнап шығарылуда екен. Осыдан кейін, бізге тіркелген 50 мың қытай азаматы бар деген ресми дерекке күмәнмен қарай бастайсыз. Бүкіл Қазақстан емес, бір Алматы қаласының өзінде жүзге тарта қытай кафесі мен мейрамханасы, 270 бірлескен касіпорын, екі банк, 48 жанармай құю бекеті, бір мәдениет орталығы, Қазақ ұлттық университетінің жанындағы қытай тілі орталығы, Конфуций институты, Ялянь сауда орталығы, Си Синхай, Бианху көшелері,барахолка және Сауран сауда нүктелері, оннан астам Қытай мидицина орталығы, Қазақстан азаматтығын алған бес мыңнан аса азаматын қосыңыз. Осыдан-ақ, қара қытайдың қарқынының қандай екенін аңғарамыз. Жылына шекарадан шамамен 50-60 мың қытай қазақ даласының түкпір-түкпіріне сіңіп кетеді де, соның 50 пайызының ғана қайтқан ізі бар көрінеді. Ал қалғаны қайда жүр? Белгісіз.Кезінде Тяньаньмен алаңында жас­тарды қырып салған Қытай үкіметіне әлем аталмыш демократияны желеу етіп,  адам құқығы туралы сөз бастағанда, Дэн Сяопин: «Егерде осы адамдардың құқығы Сіздерді қайғыртып отырса, осы тектес адам құқығы деп отырғандар 40 миллионнан асады. Осылардың барлығын өз қаржыммен Сіздерге жіберейін қазір», - дегенде барлығының аузы буылған екен. Демек, қытай билігі осы бір ауыз қитұрқы сөзге адалдығын дәлелдеп келеді. Жапония, Индонезия, Малайзия қытайлықтардың келуіне заң жүзінде қатаң тыйым салыпты. Ал біз қара құмырсқаның шымшылап шаға бастағанын да сезбей, қалғып барамыз.

Құрманғазы ЖҰМАҒҰЛҰЛЫ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

"Халық сөзі" газеті

0 пікір