Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3497 0 пікір 3 Қыркүйек, 2012 сағат 09:01

Жұмамұрат Шәмші. Ауыл ауыл емес – Ауғанстан

Биылғы жазда алыс ауылдарда тұратын ағайын-туыстарымды аралап келдім.

Есімізде шығар, тоз-тозы шыққан ауыл халқының әл-ауқатын көтеру мақсатында Елбасымыз 2003-2005 жылдар аралығын ауыл жылдары деп арнайы жарияланған болатын. Ауыл экономикасын көтеру үшін 3 жылға мемлекет бюджетінен арнайы түрде 150 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген еді. Сол қаржы ауыл-аймақты түгел қамти алмаған түрі бар. Жамбыл облысы Көктал ауылында тұратын әпкемнің үйінде болғанымда сол ауылдың тұрғыны Садықов Нартай ағамыздың айтқан сөздері жүрегіме қатты батты. «Ауыл ауыл емес,  - Ауғанстан, - деп бастады әңгімесін ағамыз. -  Жастарға жұмыс болмаған соң, ақша жоқ, бірақ әркімнің кіндік қаны тамған өңірі жердің жәннаты болғандықтан, жүрегіне нұр ұялатып, көкейіне сағыныш нәрін егетін туған жер кімге де болса да ыстық. Сондықтан, ауылды тастап жыраққа кеткің келмейді. Ауылда табысы барлар тек әкім-қаралар мен мектеп ұстаздары, дәрігерлер.

Басқа жұрт жұмыссыз. Біз сияқты үкіметтен көк тиын алып көрмеген, зейнеткерлікке жасы жетпеген 35-60 жас аралығындағы адамдардың елден алған қарызы шаш-етектен.

Биылғы жазда алыс ауылдарда тұратын ағайын-туыстарымды аралап келдім.

Есімізде шығар, тоз-тозы шыққан ауыл халқының әл-ауқатын көтеру мақсатында Елбасымыз 2003-2005 жылдар аралығын ауыл жылдары деп арнайы жарияланған болатын. Ауыл экономикасын көтеру үшін 3 жылға мемлекет бюджетінен арнайы түрде 150 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген еді. Сол қаржы ауыл-аймақты түгел қамти алмаған түрі бар. Жамбыл облысы Көктал ауылында тұратын әпкемнің үйінде болғанымда сол ауылдың тұрғыны Садықов Нартай ағамыздың айтқан сөздері жүрегіме қатты батты. «Ауыл ауыл емес,  - Ауғанстан, - деп бастады әңгімесін ағамыз. -  Жастарға жұмыс болмаған соң, ақша жоқ, бірақ әркімнің кіндік қаны тамған өңірі жердің жәннаты болғандықтан, жүрегіне нұр ұялатып, көкейіне сағыныш нәрін егетін туған жер кімге де болса да ыстық. Сондықтан, ауылды тастап жыраққа кеткің келмейді. Ауылда табысы барлар тек әкім-қаралар мен мектеп ұстаздары, дәрігерлер.

Басқа жұрт жұмыссыз. Біз сияқты үкіметтен көк тиын алып көрмеген, зейнеткерлікке жасы жетпеген 35-60 жас аралығындағы адамдардың елден алған қарызы шаш-етектен.

Қыста отын көмір сатып алуымыз керек, көмірдің тоннасын 12 мың теңгеге сатып алсақ, оны қаладан ауылға жеткізіп бергені үшін 3 мың теңге төлейміз. Ал, бір қыстан шығу үшін бір тонна көмір жетуші ме еді? Жарық энергиясы, телефон байланысы, жер, үй салығы, ішер ас пен киер киім тағы бар. Мысалы мен 5 тонна картоп ексем, соның өнімін сатқандағы пайдам  тұрмысымның жыртығына жамау да болмайды. Тек мал өсіріп қана жан сақтап отырмыз, балам.

Мал сатқан ақшадан нан-пұлымызды айырып, бағасы удай қымбат болса да, жанар жағар майымызды табамыз. Өз қолымызда болмағандықтан техниканы жалға аламыз. Ауылда техниканың жетіспеушілігінен оған деген сұраныс та көп. Кезекте тұрып жүріп, қолымызды әрең жеткіземіз. Трактор иесі бір гектар жер айдап бергені үшін 5 мың теңге алады. Қалаға апарып, өндірген картобымызды сатсақ, оның әр қабына 400 теңге төлейміз. Төлемесең, ұры итке ұқсап «қызыл әскерлер» жетіп келіп қабыңды тартып алады. Одан да беріп құтылайын деп ойлайсың.

Шынымды айтсам, Таразда жоғары оқу орнында оқып жүрген қызыма ақша тауып бере алмай қиналамын. Қатарынан кем  қылғың келмейді. Бұл тек қана мен емес, барлық ауыл халқының басындағы жайт.  Қала маңындағы ауылдар болмаса, шалғайдағы ауылдардың ешбірінің көсегесі көгергенін мен естігенім де көргенімде жоқ». Ағамыз осылай деп сөзін аяқтады.

Қала демекші,  XX-ғасырдың екінші жартысында-ақ қазақ елі бәрібір қалалық ұлтқа айналатын еді. Алайда, Кеңес одағының төлқұжат тәртібі (прописка) ұлттың көпшілік бөлігін шағын ауылдарға тарыдай шашыратып тастады да, қалаға көшуге тыйым салды. Кезінде Мәскеудің қаладағы қазақтың үлесін 17 пайыздан асырмау туралы нұсқауы да болғанын білетін шығарсыз.

Сонымен, 10 млн қазақтың тең жартысы 8- мыңға тарта үлкенді-кішілі ауылдарда нарықтан, техникалық дамудан, түрлі қызмет түрлерінен, динамикасы жылдам мәдени-ғылыми өмірден сырт қалып отыр. Ол ауылдың 600-ге жуығын қаусаған қарттар ғана мекендейді. Құдай қараспаса, үкіметтің дүрбісіне іліге бермейтін 5000-ға тарта ауылда ауыз су үлкен проблемаға айналған. 2000-нан аса елді мекенге байланыс телефоны орнатылмаған немесе дұрыс тартылмаған. Ауылдардың іші-сыртындағы тас жолдардың қандай жағдайда екенін жас бала да біледі. Ал ондағы ағайынның, әсіресе ауылдағы ана мен сәбилердің денсаулығы бөлек мақаланың жүгі.

Қалаға келген ауыл адамдарына баспана алу немесе пәтер жалдау үшін берілетін арнайы әлеуметтік төлем туралы Үкіметте не Парламент қабырғасында сөз қозғалған емес, қозғалмайды да. Үкіметтің «аграрлы жұрт боламыз ба? Халқы қалаға шоғырланған мобильді мемлекет боламыз ба?» деген сұрақтарға жауап іздейтін түрі көрінбейді. Осындай жауапсыздықтың кесірінен 20 жыл ішінде қаладан баспана тауып, нақты орналасқан халық саны 400 мыңнан әрең асып жығылды. Есесіне, қаладан 1млн адам шетелге көшіп кетіпті. 1990 жылы қала халқы жалпы жұрттың 56,5 пайызын,  2012 жылы бұл көрсеткіш 57 пайызды құрапты.

Ауылдардан Астана мен Алматыға жұмыс іздеп ағылған жұрттың санында есеп жоқ. Таяуда таңертең Алматының «Алтын Орда» дейтін базарының алдында  еңгезердей қазақ жігіттерінің қолдарына көк пакет ұстап алып жұмыс іздеп жүргенін көрдім. Ол базарды жергілікті халық «Құл базар» деп атап кеткен. Араларында өрімдей жас қыздар да жүр. Оларды көргенде жүрегім қанға толып кетті.

Жоғарғы биліктің ұлт пен мемлекетті біріктірмеу тұрғысында 20 жыл бойы жасап келе жатқан әрекетін айтпаған күннің өзінде халық өкілі болып саналатын парламент депутаттарының  қылығы саяси шешімдерді қабылдауда ауыл халқының пікірін, мүддесін мүлде есепке алмайтынын Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен оқиғасы анық көрсетті. Өйткені, ауылдағы жұрт саяси тұрғыда «өлі» жұрт, мылқау немесе жарымжан электорат қана.   Қыр өмірінің мүмкіндігі қазіргі заманда өте шектеулі. Мектептерде мұғалім жетіспейді. Мәдениет үйлерінде ешқандай үйірмелер жастармен жұмыс істемейді. Клубтары қашан барсаң, жабық тұрады.

Тәжірбиелі инвесторлар ауыл шаруашылығының жарымжан инфрақұрылымын көріп тұрып, ақшасын желге шашпайтыны тағы анық. Саяси партиялар, жастар ұйымдары, спорт мекемелері ауылға барып, тұрақты түрде жұмыс істемейді. Қалай десеңіз де, ауылдағы  қазақтың тұрмысы бүгінгі өмір талаптарына лайық болып тұрған жоқ. Керісінше, тағы сол тарихи мешеулікке бастап тұрғандай көрінеді маған.

Ауылдарда құмырсқаша жыбырлаған 5млн қазақтың неліктен жұмыссыз жүргенін шамалай беріңіз. Үкімет бұл жұмыссыз халықты жылына мөлшермен 1сиыр, 5-6 тышқақ лағын сатып, нан-шайын айырғаны үшін «үйіңе ақшалай табыс кіргізіп отырсың» деп жұмысы бар адамдар санатына енгізіп қойған. Сондықтан статистика агенттігінің «үй шаруашылығында өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар 70 пайыз» деген мәліметіне сүйеніп, ауыл халқының 70 пайызы жұмыссыз деуге толық негіз бар.

Ауылдағы жалақы 2010 жылы 15500, 2011 жылы 17000, 2012 жылы 20800 теңгені құрапты. Осы болар-болмас нәпақамен ауылдағы қалың халық қалай дамиды, қалай денсаулығын күтеді, ұрпағына қайтып сапалы білім береді? Мұндай жарымжан тіршілікпен қанша уақыт отырады? Осылайша құр күн көріспен ғана отырған ауыл халқының 48 пайызының табысы тек тамаққа ғана жетіп отыр.

Қалған 52 пайызының ақшасы екі-үш жылда бір рет өзінің және бала-шағасының киімін жаңалауға ғана жетеді. Электроникалық тауарлар мен тұрмыс техникасын алуға ауыл халқының 3 пайызының ғана жағдай жететінге ұқсайды. Ат төбеліндей 1 пайыз жұрт қана әкім қаралар мен кәсіпкерлер тұрмыс таршылығын сезінбейді. 20 жылдан бері  заманауи игіліктерден шет қалып келе жатқан ауыл халқының психологиясында әлеуметтік нигилизм тереңдей түскен. Ауыл халқы бизнеспен шұғылданып қомақты пайда тауып, байып кететініне, әкімшіліктен немесе банктен несие алып ол қарызды түгел қайтара алатынына сенімі жоқ. Өйткені әкімшілік пен банктерде құжат рәсімдеу, қожалықтың көптеген шаруаларына рұқсат алу тек пара беру арқылы ғана шешіледі деген пікір жұрт санасына берік орнаған. Бұл - ауыл халқының жаңсақ түсінігі емес, бұл - Ақордадан бастап  Шардарадағы бала бақшаға баласын орналастыру үшін ақшасыз іс бітпейтіндігін білетін жұрттың қанына сіңген әдет, бүгінгі өмірдің  шындығы.

Ауылдағы қордаланған мәселелерді, күрмеуі шешілмеген тұрмыс пен қаладағы баспана табу, жер алу қиындықтарын, орыс тілі мен бюрократияның ожар үстемдігін ескерсек, ұлттың «алды мұз, арты жалын» болып тұрғанын көресің. Жаңа қатынастарға негізделген инновациялық-индустриалды қоғам құрудан 3 ғасыр кешіккен халық 30-40 жыл ішінде ұлт ретінде дамуын тоқтатса, қалада тұратын орыстілді бөлігі ғаламдық поп-мәдениетсымақпен ауызданып өмір сүретін, ауылға қамалып отырған жартысы генетикалық тұрғыда тозыңқыраған «ауыл тілінде» сөйлейтін екі жүзді сатқынға айналса, ешқандай да таң қалуға болмайды.     Өйткені, елімізде түрлі этностарды араластырып қоныстандыру, сөйтіп Қазақстан халқын тұтсатандыру саясаты жүргізілмей келеді.

Тағы бір мәселе қала маңына өз күшімен келіп қоныстынып жатқан қазақтардың ахуалы. Мәселенки,  Астананың айналасындағы Қоянды, Талапкер, Қосшы елді мекендерінде қалай қаласа солай үй сала бергеннің 95 пайызы өзіміздің қаракөздер. Тіпті, көше мен қорған жоқ, базар, полиция пункті, аурухана, дәріхана, дүкен жоқтың қасы, ішетін су өте ащы, инфрақұрылым қалыптаспаған. Заңсыз үй салып алғандар қаншама. Мұның бәрін билік білмей отырған жоқ, біліп отыр, бірақ ұлттық экономикамызға жүйелі өзгерістер әкелетін, ұлтты жаңа сапаға көтеретін   қыруар қаржының белгілі бір бөлігін жымқырып қалудан жалығар емес.

Оймша, ұлттық апаттың алдын алу үшін елімізде мүйізі қарағайдай орган құрылып, ол өкілетті орган ретінде ұлттың қалаға бет алған көшін белгілі бір дайындықпен күтіп алып, жұмыспен қамтамассыз етіп, адамша орналастыру керек.

Сол баяғы келмеске кеткен Кеңес одағының қазақты аграрлық, ауылдық ұлтқа айналдырып, сол беті бытыраған басын қоспай қараңғы қырда, өркениет пен нарықтан сырт жырақта ұстау саясатын қазіргі билік жалғастырып отырғандай көрінеді маған. Ағайын-туыс ортасын аралап, ауылдарға барғанда көргенім мен түйгенім осы болды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір