Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2019
Жаңалықтар 2292 0 пікір 31 Тамыз, 2012 сағат 11:11

“Антифашистердiң” артында кiм тұр?

"Қазақстандағы антифашистiк ұйым" деген жұмбақ тiркестiң өзi - осы сөздiң мағынасына үңiлуге тырысқан адамды үреймен шырмап тастайды екен. Көз алдыңа ерiксiз тарихта қанды iзiн қалдырған Гитлер мен Муссолини келедi. Аллаға шүкiр, Қазақстанда жұрт тыныш, ел аман, сан ұлт кең­пейiлдi қазаққа риза көңiлмен жарасымды тұрып жатыр. Сонда ашық күнде қара бұлтты төндiрiп атой салу кiмге қажет болды екен?

"Антифашистердiң" Қазақстан Ресей және Беларусь сияқты славян мемлекеттерiмен түркi дүниесiнде дара озып кедендiк одақ құрғаннан соң, бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке бет алған кезiнде пайда болуы кездейсоқ емес сияқты. Өйткенi елiмiзде экономикалық жағынан тиiмсiз, кешегi одақтың күлiмсi иiсi аңқитын Кедендiк одаққа қарсылар аз емес. Ал бiрыңғай экономикалық Кеңiстiктен де кешегi Кеңес империясының сұлбасы көрiнiп тұр. Тәуелсiздiкке төнген қатердi сезiнген халықтың санасына ықпал етудiң ресейшiл саясаткерлер үшiн үйреншiктi әдiсi - идеология­лық насихат қылбұрауын қатайта түсу, iштен жау iздеу.

Отыз жетiншi жылы да тоталитарлық жүйенiң жендеттерi бас көтерер қазақ зиялыларын "ұлтшыл-фашистер" деп айыптап құртқанын ұмытпайық! Бiр қызығы, "ұлтшыл" деген ұғым Батыс елдерiнде Ресейдегiден басқаша қалыптасқан. Сексен алтыншы жылдың желтоқсанында тоталитарлық билiктiң өктемдiгiне қарсы көтерiлген қазақ жастарын Мәскеу "ұлтшылдар" деп айыптағанда оларды қылмыскерлерге теңегенi белгiлi. Ал "ұлтшыл" сөзiнiң мағынасына терең үңiлу үшiн ағылшын тiлiнiң Макмиллан түсiндiрме сөздiгiне көз жүгiртейiк: "nationalist 1. someone who believes that their group, state or nation should be independent: Serb/ Kazakh/ Zulu nationalists; 2.someone who feels that their nation's interests should be considered more important than those of other nations" (Macmillan English Dictionary, p.943). Яғни "ұлтшыл" сөзiнiң бiрiншi мағынасы - 1. Өз қауымы, мемлекетi, ұлты тәуелсiз болуы керек деп ойлайтын адам, мысалы: Серб/ қазақ\ зулу ұлтшылдары 2. Өз ұлтының мүддесi басқа ұлттың мүддесiнен жоғары тұруы керек деп сезiнетiн адам.

Ендеше "антифашистердiң" фашизм мен ұлтшылдықты қатар қоюға тырысуында қандай пиғыл жатыр? Осы "антифашист интернационалистер" Ресей қалаларында орыстың "тақырбастары" Қазақстан, Орта Азия, Қап тауы азаматтарын пышақтап жатқанда қайда болған? Неге әлi де Ресейдегi Батыс баспасөзi алаңдаушылықпен жазып жатқан нәсiлшiлдiктi, нағыз фашизмдi айыптап дауыс көтер­мейдi?

Дүниеде адам баласын алаламайтын нағыз бауырмал халық болса, аласапыран заманда қуғын­ға ұшырап жер ауып келгендердiң бәрiн құшағына тартқан қазақтай ғана болар. Бұл бауырмалдық Кеңес Одағы Коммунистiк партиясының бағдарламасында, «коммунизм кезiнде ұлт деген болмайды, барлығы бiр тiлде ғана сөйлейтiн Кеңес ұлты ғана болады" деп жар салатын социалистiк "интернационализм", еркiн сөзге тыйым салып, әркiмнiң аузын бағып, "фашис­тер­дi" iздейтiн "Антифашистердiң интернационализмi" де емес. Бұл қазаққа тән кеңпейiлдiлiк. Ал оған көлеңке түсiрiп,"антифашистiк" дүрмекпен ел iшiндегi татулықты, тыныштықты бұзуға ниеттiлер заң шеңберiнде жазалануы керек.

Марат ОМАРҰЛЫ,

Қызылжар қаласы.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір