Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3680 0 пікір 23 Тамыз, 2012 сағат 08:33

Риддерде жұмыс бар

Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед кеше жергілікті активтің Риддер қаласының 2012-2015 жылдарға арналған кешенді даму жоспары бойынша кеңесіне қатысты.
Қала әкімдігінде өткен бұл басқосуға жергілікті билік органдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мекемелер мен кәсіпорындар жетекшілері келді.
Бүгінде Риддер қаласындағы халық саны 58 мыңға жеткен. «Қазцинк» кәсіпорны шаһардағы еңбек етуге қабілетті тұрғындардың 30 пайызын, яғни, 32 мың адамның он мыңын жұмыспен қамтуда. Мұнымен қоса, қала бюджетінің жартысы осы қалатүзуші кәсіпорын есебінен толы-ғады. Қазір өңірде үш кен орны жұмыс істеп тұр, олар жалпы алғанда жылына 3,5 миллион тонна кен бере алады. Алдағы уақытта кәсіпорын тағы төрт кен орнын іске қосып, жаңа технологияларды енгізбек. Өндіріс қуатының артуы арқылы 2015 жылға дейін 670, ал 2020 жылға қарай 1600 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Қала басшылығы тек кен байыту мен металлургия саласына арқа сүйемей, туризмді, ағаш және тамақ өнеркәсібін дамытуды көздеуде. Бұл алдағы үш жылда қосымша 700-ге жуық жұ-мыс орнын ашуға мүмкіндік туғызуы тиіс.

Бірақ, қаладағы басты мәселе - жұмыстың жоқтығы емес, жұмыс күшінің жетіспеушілігі. Қазірдің өзінде қала кәсіпорындарына 500 жұмысшы қажет.

- Шаһар тұрғындарының көшуі мен қартаюы салдарынан енді үш жылдан соң еңбек күші 700 адамға дейін қысқаруы ықтимал. Бұл шығынның орнын толтыру
үшін өзге өңірлерден жұмысшыларды тарту керек, - деді жиын барысында Риддер қаласының әкімі Манарбек Сапарғалиев.

Болашақта ашылатын жаңа жұмыс орындарын ескерсек, 2015 жылға қарай Рид-дерге 2 мыңнан астам еңбек адамы қажет болады.

- Риддер - еліміздегі байырғы қалалардың бірі. Бұл шаһардың көптеген шешімін күткен мәселелері бар екені де белгілі. Еліміздегі қалалардың басым бөлігі бір-екі кәсіпорынның маңына шоғырланып салынған-ды. Кеңес одағы ыдыраған соң аталмыш елді мекендердің осал тұстары анықтала бастады.

Елбасы тапсырмасы бойынша шағын қалаларды дамытудың арнайы бағдарла-масы қабылданып, Қазақстандағы 27 қала, оның ішінде Шығыс өңірінің 4 қаласы бар, аталмыш бағдарламаға енді. Рас, кейбір шағын қалалардың мүлдем болашағы жоқ екенін айтқым келеді, бірақ 50-60 мың халықты басқа өңірге көшіру мүмкін емес қой. Сондықтан мұндай елді мекендердің экономикасын әртараптандыру қажет. Ал, Риддердің келешегі - кемел. Жаңа кен орындары табылып, қалатүзуші кәсіпорын қуатын арттырып келеді. Облыс Әкімінің ыждаһаттылығы арқасында Риддер қаласы аталған бағдарламаға еніп, республикалық бюджеттен 36 миллиард теңге алатынын атап өткім келеді.

Соңғы жиырма жылда алғаш рет Риддерде көпқабатты тұрғын үйлер салынуда. Тіпті, жұмыс күшінің жетімсіздігі де қаланың келешегі бар екенін байқатады.

Мұнда шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша ауқымды істер қолға алыныпты. Алғашқы қадамдарыңыз мені шынымен де қуантып отыр. Өңірде жұмыссыздық мәселесі жоқ деуге болады, ал қосымша еңбек күшін сырттан тарту керек. Сондай-ақ, жұмысшыларды үймен, әлеуметтік нысандармен қамтуды ойластырған жөн, - деді өз сөзінде Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед.

0 пікір