Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2676 0 пікір 9 Тамыз, 2012 сағат 08:07

Семейде сүт-тауарлық ферма іске қосылады

Семей өңірінде сауымы бойынша қуаттылығы әлемдік орташа көрсеткіштерге жететін сүт-тауарлық ферма құрылды.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл жоба мемлекеттік-әлеуметтік серіктестік аясында іске асырылады.

Бұл тың жобаны Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен қазақстандық «Еуразия-агроинвест» компаниясы іске асырмақшы. Бұл мақсатта инвестор-компаниясы Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қала әкімінің айтуынша, инвесторларға жер учаскелері беріледі, олардың арасында сатылып алынған немесе ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылған және осы күнге дейін пайдаланбай жүрген жерлер бар.

«Еуразия-агроинвест» ЖШС сүт-тауарлық ферманы Новобаженов ауылдық округінің аумағында салады.

Кадрларды даярлауға келетін болсақ. Инвесторлар жеке қаражаттары есебінен жергілікті тұрғындардың қатарынан болашақ жұмыскерлерді кәсіби даярлау және болашақта оларды жұмысқа тұрғызуды ұйымдастыруға дайын екендерін хабарлады. Бұған оларға келісім орнатылып үлгерген шетелдік мамандар көмектеседі.

«Малдың жалпы саны - 1200 сауын сиыры. Күніне 35-40 тонна сүт алмақшымыз. Бұдан басқа, азық базасын құрғанда біз егіс айналымына шамамен 5 мың гектар жерді, соның ішінде 4 мың гектар суармалы жерді кіргізбекшіміз», - дейді «Еуразия-агроинвест» ЖШС-нің бас директоры Зейнолла Қазиев.

Инвесторлар шетелдік мамандармен кеңесіп, осыншама үлкен нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігіне көздері жетті.

0 пікір