Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6139 0 пікір 28 Тамыз, 2012 сағат 09:19

Біз білмейтін «Абай жолы»

Заманымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов өзінің «Абай жолы» атты 4 томдық даңқты тарихи роман-эпопеясын 15 жыл бойы жазды. Мұның «Абай» деп аталған бірінші кітабы 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы жарыққа шыққан еді. Орыс тіліне аударылған «Абай» романының екі кітабы 1949 жылы 1-дәрежелі КСРО Мемлекеттік сыйлығына, төрт кітаппен біткен эпопея 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. Ол дүние жүзі халықтарының 30 тіліне аударылып, өз оқырмандарының өте жоғары бағасын алды. Әлемдік классиканың 200 томдығына енген шығарма бертін келе бірсыпыра текстологиялық түзетулер жасалып, 1989 жылы «Жазушы» баспасында қайта басылды. Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жазушының өз мұрағатындағы араб, латын, кирилл қарпіндегі қолжазбаларының бұрын социалистік ұғымға келмейді деп қысқарып қалған нұсқаларын қалпына келтіру жүзеге асырылды. 5 баспа табақ көлеміндегі бұл шығарманы ғалым Талатбек Әкім 30 жылдай зерттеп, ойдағыдай атқарып шықты. 4 томдық «Абай жолы» роман-эпопеясының ең соңғы басылымы Қазақ радиосында тұңғыш рет аудио дискіге жазылып отыр.

Жобаның жетекшісі: Махат Садық.

Оқыған: Аманжан Еңсебайұлы Серіков.

Әуенмен әрлеген: Советхан Мейірханұлы Қоңырбаев.

«Абай-ақпарат»

0 пікір