Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3427 0 пікір 24 Тамыз, 2012 сағат 12:49

Мұнайдар Балмолда. Тілім-тілім тілім бар...

Тілім десем, тілім-тілім тілім бар...

Шыңырауда шыңғырамын түбі ызғар.

Жоғарыда тас кереңдер отырса,

Бір Құдайдан басқа мені кім ұғар?

Ақ бесіктен шықпай жатып алданыш,

Болмасын деп батыр туған Алпамыс.

Үш түрлі ана емізеді таласып,

Әдірәм қап, ұлт уызы - ар-намыс!

Үш емшектің нәрін сорған нәрестем,

Өзгелерге енші бала емес пе ең?

Он үшіңе толмай орыс, ағылшын,

Тентегімен түрің құрсын теңескен.

Ана тілің жарап жалғыз жолдасқа,

Балиғатқа жетіп алсаң болмас па?

Содан кейін жеті жұрттың тілін біл,

Тегің тартып бір-ақ жүзді алмасқа!

Ата-ана боп саған сайқал саясат,

Отыр әне, кіл-кілдетіп май асап.

Өз туғанын теуіп тұрып өзекке,

Шалқаяды шетелдікке той жасап.

Зілі осы, еңсені басар кептің,

Талайың мұны төнген ажал депсің.

Жоқ! Өлмейді! Жасайды ана тілі -

Ұлы Абай, Шәкәрім мен Махамбеттің!

Орал қаласы.

"Абай-ақпарат"

Тілім десем, тілім-тілім тілім бар...

Шыңырауда шыңғырамын түбі ызғар.

Жоғарыда тас кереңдер отырса,

Бір Құдайдан басқа мені кім ұғар?

Ақ бесіктен шықпай жатып алданыш,

Болмасын деп батыр туған Алпамыс.

Үш түрлі ана емізеді таласып,

Әдірәм қап, ұлт уызы - ар-намыс!

Үш емшектің нәрін сорған нәрестем,

Өзгелерге енші бала емес пе ең?

Он үшіңе толмай орыс, ағылшын,

Тентегімен түрің құрсын теңескен.

Ана тілің жарап жалғыз жолдасқа,

Балиғатқа жетіп алсаң болмас па?

Содан кейін жеті жұрттың тілін біл,

Тегің тартып бір-ақ жүзді алмасқа!

Ата-ана боп саған сайқал саясат,

Отыр әне, кіл-кілдетіп май асап.

Өз туғанын теуіп тұрып өзекке,

Шалқаяды шетелдікке той жасап.

Зілі осы, еңсені басар кептің,

Талайың мұны төнген ажал депсің.

Жоқ! Өлмейді! Жасайды ана тілі -

Ұлы Абай, Шәкәрім мен Махамбеттің!

Орал қаласы.

"Абай-ақпарат"

0 пікір