Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4096 0 пікір 24 Тамыз, 2012 сағат 12:40

Нұрлан Сәдір. Менің ағам - ақыран

Иә, менің «ақыран» деп отырғаным алабажақ киімді ағайындар - кәдімгі күзетшілер, оларды бірден күзетші деп атамауымның да себебі бар - ақырандар ренжіп қалуы мүмкін, олар қазіргі қызметін күзетшіліктен гөрі мәртебелілеу санайды. Бұл жерде мәртебе жөнінен келісе кету қиындау, ал екі ұғымның арасындағы айырмашылықтар туралы аз-кем әңгіме қозғай кетейін. Кешегі Кеңес кезінде күзетшілер тек қана қажеттіліктен ғана туындаған қызмет еді, яғни, олар аты айтып тұрғандай дүкен, қамба, кеңсе сияқты матери-құжати құндылықтардың қолды болмауын бақылайтын-ды. (Бір қызығы біз сөз қылып отырған күзетші орыс тілінде сторож, ал орысша охранаға қазақша сәтті балама тапқанша «ақыран» деп ақырын күттім.) Әдетте ол кезде күзетшілер халықтың шал-шауқан, кемпір-сампыр, ақсақ-тоқсақ категориясынан болды, бұл бір жағынан түсінікті де еді-қажыр-қайраты мол жандар күзетшіліктен гөрі әлдеқайда қиынырақ жұмыстарды кәсіп ететін. Шындығында да күзетшілікке қатты қара күш, палуан, шапшаң болудың аса қажеттілігі шамалы, болып-болғалы жатқан ұрлық-қарлық туралы тиісті орындарға дер кезінде хабар берсе болғаны. Ал қазір керісінше, ақырандар негізінен тепсе темір үзетін қол-аяғы балғадай азаматтар, алайда олардың қожайынының мүлкі үшін арыстандай алысып, жан қиятынына күмәнім зор.

Иә, менің «ақыран» деп отырғаным алабажақ киімді ағайындар - кәдімгі күзетшілер, оларды бірден күзетші деп атамауымның да себебі бар - ақырандар ренжіп қалуы мүмкін, олар қазіргі қызметін күзетшіліктен гөрі мәртебелілеу санайды. Бұл жерде мәртебе жөнінен келісе кету қиындау, ал екі ұғымның арасындағы айырмашылықтар туралы аз-кем әңгіме қозғай кетейін. Кешегі Кеңес кезінде күзетшілер тек қана қажеттіліктен ғана туындаған қызмет еді, яғни, олар аты айтып тұрғандай дүкен, қамба, кеңсе сияқты матери-құжати құндылықтардың қолды болмауын бақылайтын-ды. (Бір қызығы біз сөз қылып отырған күзетші орыс тілінде сторож, ал орысша охранаға қазақша сәтті балама тапқанша «ақыран» деп ақырын күттім.) Әдетте ол кезде күзетшілер халықтың шал-шауқан, кемпір-сампыр, ақсақ-тоқсақ категориясынан болды, бұл бір жағынан түсінікті де еді-қажыр-қайраты мол жандар күзетшіліктен гөрі әлдеқайда қиынырақ жұмыстарды кәсіп ететін. Шындығында да күзетшілікке қатты қара күш, палуан, шапшаң болудың аса қажеттілігі шамалы, болып-болғалы жатқан ұрлық-қарлық туралы тиісті орындарға дер кезінде хабар берсе болғаны. Ал қазір керісінше, ақырандар негізінен тепсе темір үзетін қол-аяғы балғадай азаматтар, алайда олардың қожайынының мүлкі үшін арыстандай алысып, жан қиятынына күмәнім зор. Тіпті кейбір қожайындар олардан ондай ерлікті талап етпейді де-көптеген кеңсе, маркеттерде ақырандарды дүние-мүлікті күзету үшін емес, өзінің дәулетін көрсету үшін ғана ұстайды. Бір сөзбен айтқанда олар есік күзететін құл-швейцар сияқты қажеттіліктен гөрі байлықтың-барлықтың атрибутына айналды. Қазір супермаркеттерде тауарлардың ұрланбауын негізінен ақырандар емес-видеобақылау мен ақысы төленбей кассадан өтіп бара жатқанда шиқылдап хабар беретін арнайы чиптер жүйесі қамтамасыз етеді. Осының бәрін ақыран бауырларымыз сезбейді емес сезеді, сонда оларды қоғамға қажеттілігі шамалы, ондай мәртебелі емес қызметте не ұстап отыр. Менің ойымша бұндай себептер бірнешеу: біріншісі-кәдімгі жалқаулық, көп кісі ақыранның бір күн істеп 2-3 күн демалатынына, жан қинап жұмыс істемейтініне қызығады. Бір қарағанда әжептәуір сияқты болып көрінетін бұл плюстер бір түрткенде қосарланған минустарға айналып шыға келеді: жан қинамау жағынан бастайық-неге жап-жас адамдар жан қинаудан қашады, бұл олардың қоғамға қызмет қылып қалатын дер шағы емес пе? Ертең қартайған кезде немереңнің «ата, сіз жас күніңізде кім болып істедіңіз?»-деп сұраса не жауап бересіз? Ақыран болдым, бір күн ұйықтап үш күн демалатын едім дейсіз бе?

Ақырандықтың айсберг - мұзтау сияқты көзге көрінбейтін тұстары аз емес, бұл істі ұзақ уақыт кәсіп қылу біраз жанды деградацияға итермелейді: менің біршама ақыран туыс-таныстарым уақыт өткізу үшін кезекшілік кезінде бірнеше сағаттап карта ойнайды, қолдарына компьютер тиіп қалатын жоғары дәрежелі ақырандар компьютер ойынынан бас көтермейді, әйтеуір хал-жағдайына қарай әрқайсысы әртүрлі нәрсені ермек қылады. Біреулері түнімен видео көрсе, келесісі ұялы телефонымен әуре-сарсаң, түрлі-түсті тырнақтай пайдасы жоқ журналдар мен сөзжұмбақтар, тағысын-тағы... Бәрі уақыт өлтіру үшін! Қандай сұмдық сөз?! Алтын уақытыңды өлтіру дегеніміз-өзіңді өлтірумен тең, және осы уақыт өлтіру әдеті сүйекке сіңіп кетіп кезекшіліктен тыс уақытта да жабысып қалмай қоятыны да бар. Бір күн кезекшілікте болғасын 2-3 күн басқа шаруаның бәрін оқсатамын,- деп өз-өзімізді алдамайық. Біріншіден кезекшіліктен кейінгі бірінші демалыс күн ұйықтауға кетеді, екінші күні мең-зең қалыпта әр нәрсенің басын бір шаласың, содан соң тағы баяғы бір сарын... Сосын айына он шақты мәрте түнде мүлде не дұрыс ұйықтамау-табиғаттың заңдылығын бұзу із-түссіз кетпейді, ұйқы-демалыс циклының бұзылуы бірте-бірте ұйқының бұзылуына, жүйке жүйесінің мезгілінен бұрын тозуына алып келеді. Ұйқымен алысуға жұмсалған стандарт арсенал: пәшке-пәшке темекі, күрең шәй-кофелер көп ұзамай көп органның көкесін көзіне көрсетеді. Түнгі ұйқының орын ертеңіне қанша ұйықтасаң да толтыра алмайсың. Көптеген нысандарда қазір видеобақылау жүйесі орнатылып жатыр, бұл көптеген ақырандардың ұйқы қандыру жоспарын көзден бұлбұл ұшыруы мүмкін, ертең бастығыңның пленканы қарап тексеретінін білгесін күні-түні ерсілі-қарсылы сенделіп жүруге тура келеді. Ақырандықтың басқа да келеңсіз тұстары баршылық: бірнәрсе жоғалып кете ме деген уайым-стресс бір жағынан жейді. Кейбір мекемелерде ұсталып қалам ба деп қорқатын шенеуніктер параны ақырандар арқылы алады деген сыбыс та бар, яғни кезінде арақ пен жезөкшелердің таксистер арқылы саудаланғаны сияқты ақырандарды қылмыстық жүйенің элементтеріне айналдыру талпынысы бар деген сөз.

Аталған арамға араластырмаған жағдайдың өзінде ақырандарды басшылық жиі-жиі басқа да міндетті емес «барып-кел, алып кел жұмыстарға», аула сыпыруға т.с.с нәрселерге жұмсайды. Ел демалып Наурыз, Жаңа жыл тойлап, айттап жүргенде кезекшілікке түсіп қалсаң көзің мөлдіреп жұртта қалғандай жаутаңдап қалатының тағы бар. Бұның бәріне шыдай беретіндей жалақысы да асып бара жатқаны шамалы 25-40 мыңның айналасы. Бір сорақысы соңғы кезде қалада ақырандарды істегеніне 10-11 ай болғанда отпускной төлемеу үшін сылтау тауып жұмыстан шығарып жіберу үрдіске айналып келеді. Бір таң қаларлығы осындай жаламен жұмысынан шығып қалған бауырларымыздың тағы бір жерде ақыран болып жүргенін көресің, бір кәсіп қылған адамды өзіне байлап алатын ақырандықтың не ғажабы бар: әскери форма ма (жалпы мемлекеттік емес үйымдарға осындай формамен жүруге рұқсат берілуі дұрыс па екен, қазір форманы екінің бірі кигесін кімнің кім екенін айырудан қалдық), кейбіреулеріне бұйыратын қару-жарақ па, әлде ақырандық- ерекше бір каста ма ?- білмеймін, бұл-әдейі зерттеуді талап ететін феномен. Менің байқағаным: ақыран болып істеген адамдар бір түрлі айналасына қызығушылығы азайып, тоңмойынданып, дөрекілене бастайды, бұл түнгі ермектердің бе әлде жұмыс сипатының жемісі білмеймін, әйтеуір біздің базардағы талтаң-талтаң, айналасына ажырайып қарап, күшеніп сөйлейтін кереметтерді көргенде олар ақыран емес ақырзаман соғысына қатысқан ардагерлер екен деп қаласың. Кейбір жастар олардың осындай жүрістеріне еліктеп, оны мәртебе көре ме екен, ақшасында айтарлықтай айырмасы болса да ақырандықта басқа кәсіптерден мысалы құрылысшылықтан, мұнай-газ кенішіндегі жұмыстардан артық көреді. Бір көңіл аударарлық жай-жобалау институттарынан қазақ баласын көрмесең, ақырандар қатарынан қазақтан басқа өзге ұлт өкілдерін көрмейсің. Соған қарағанда арбакеш, ақыран, мушкетерлер (бізде қалада көшеде үшкір темір таяқпен қоқыс жинап жүрген биржаның қызметкерлерін осылай атайды) қазақтың басына байлап қойған кәсіптер сияқты. «Мешкей деген жақсы атақ емес» дегендей бұлар мақтанатын мамандықтар емес, оларды кейбір жазушы-журналист бауырларымыз сияқты тым романтизациялап қажеті жоқ. Егер аға-інілеріміз жанға тыныш деп ақырандықты, тиыны тәуір деп арба сүйреуді, басқа салғаны деп биржашылықты місе тұтып жүре беретін болса болашағымыз бұлыңғыр. «Есектің артын жусаң да мал тап» деген мүмкін тоқсаныншы жылдарға аздап келетін шығар, ал қазір бұл мақал бізге қол емес. Аға-іні демекші мақала аты тектен тек ұйқас үшін қойылып отырған жоқ-бір ғана менің алты ағайын-туысқаным ақыран болып жұмыс істейді екен, мәселенің масштабын көріп отырсыздар ғой, бір үйден бірнеше кісі істейтін ақырандар династиялары да қалыптасып келеді, екі жерде ақыран болып жүрген адамдарды да білемін, бірақ оларды мен өте сирек көремін, олар ылғи ұйқыда...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2273
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590