Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5843 0 пікір 23 Тамыз, 2012 сағат 12:24

"Ұлт" порталы

Ақпарат ең өтімді тауарға айналған бүгінгі жоғарғы технологиялы заманда қазақ оқырманы өз қоғамындағы жайттарды жан-жақты, бүкпесіз жеткізетін ақпарат құралын іздейді. Бүгінгі таңда оқырманның бұл сұранысын қазақ тілді интернет ресурстары толық қанағаттандыра алмай отыр. Ақпараттың басым бөлігі орыс тілді интернет құралдары арқылы таралады. Мұндай ақпарат көп жағдайда ұлттық мүддеге сәйкес келе бермейтіні шындық.

Аталған мәселелерге жауап ретінде қазақ тілді  ғаламтор кеңістігі жаңа жобамен толықты.

WWW.ULT.KZ доменімен тіркелген жаңа интернет портал өз жұмысын 2012 жылдың 21 тамызынан бастады.

Ұлт порталының мақсаты - интернеттегі қазақша ақпараттық қорды сапалы, әрі мазмұнды ресурспен толықтыруға атсалысу болып табылады.

Жаңа портал Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуалды жіті бақылап, ел өмірінің барлық саласындағы соңғы тенденциялар мен жаңа бағыттар туралы жаңалықтарды жариялап, өзекті мақалалар мен талдау қорытындыларын ұсынып отыратын ұлттық интернет басылымға айналмақ.

Ult.kz порталы ортақ саяси кеңістікте мүдделі тараптардың бәріне ашық пікірталас алаңына айналуды көздейді. Қоғам мен билік арасындағы дәнекерлікті үлкен жауапкершілікпен атқаруға дайын.

Ult.kz - қазақ оқырманына ашық әрі сан қырынан талданған материалдар ұсынып, төл баспасөзіне айналуды мақсат тұтады.

Порталда «Саясат», «Экономика», «Әлеумет», «Бизнес» секілді негізгі бөлімдермен қатар, қажетті ақпаратпен ұдайы толықтырылып отыратын «Құқық», «Ғылым-білім», «Әдебиет», «Мәдениет», «Туризм» сынды танымдық айдарлар да бар. Кез-келген оқырман порталға тіркеліп, оның жұмысына өзі де атсалыса алады: пікір қалдырып, сауалнамаларға қатысуға, сондай-ақ автор немесе мобильді репортер ретінде өз материалдарын ұсына алады.

«ТВ бағдарлама» айдарында бүгінгі отандық телевизиядағы ең мазмұнды деген бағдарламаларға сілтеме қоюды жөн көрдік. Ал «Online радио» бөлімінде еліміздегі радиостанцияларды тыңдауға болады.

Алдағы уақытта порталдың шығармашылық ұжымы мультимедиалық құралдарды кеңінен пайдаланып, инфографикалық әдіспен талдау жариялап, «Видео» бөлімінде белгілі тұлғалармен эксклюзивті сұхбат жүргізуді жоспарлап отыр.

Ult.kz порталының ұжымы Сізбен әріптестік орнатуға дайын.

Ой-пікірлер бен ұсыныстар әрдайым ескеріледі.

Интернеттегі адресіміз: www.ult.kz

Электронды адресіміз:  1ult.kz@gmail.com

Байланыс телефондарымыз:   +77018387232

+77015587475

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3503