Жұма, 15 Қараша 2019
Жаңалықтар 1770 0 пікір 22 Тамыз, 2012 сағат 08:16

Рүстем Әбдіқадыров. Интернетке және ұялы телефонға бейімделген қазақ әліпбиі

Қазіргі қазақ әліпбиін қолданып Интернетке кіру, ұялы телефонмен  СМС   жіберу қиындығы бәрімізге аян. Осы мәселені аз да болса жеңілдету мақсатында, латын әліпбиі негізінде жасалған мына жаңалығымызды жұршылық талқысына  салуды жөн көрдік.

ХХ ғасырдың басында кемеңгер Ахаң (Ахмет Байтұрсынов)  араб   әліпбиін қазақшаға бейімдеп, төте жазуды жасағанда, қазақ тіліне тән, бірақ арабшада жоқ әріптерді шекесіне дәйекше қойып белгілеген болатын.

Қазіргі қазақ әліпбиін  Интернетке  бейімдеу мәселесіне келгенде, біз де Ахаңның сол ұстанымына сүйенсек, қателеспейтін шығармыз.

Әріптің үстіне қос нүкте, немесе апостроф (дәйекше)  қойған  әліпбилер әлем тілдерінде көптеп кездеседі. Кейбір елдер ұлттық әліпбилеріне түрлі шартты белгілер енгізіп, Интернетке бейімдеген.

Біз де сол Ахаң әдісімен, қазіргі қазақ әліпбиінің  латында жоқ әріптерін   жазылуы да  дыбысталуы да ұқсас латын әріптерімен оң жақ шекесіне апостроф (') белгісін қойып таңбалауды ұсынамыз. Мысалы, латын әрпімен берілген,оң жақ шекесінде апостроф (') белгісі бар А' деген әріп қазақша Ә десек, тиістісінше G '(Ғ), K' (Қ), N' (Ң), O' (Ө ) т.с. деп белгілеуге болады.

Қазіргі қазақ әліпбиін қолданып Интернетке кіру, ұялы телефонмен  СМС   жіберу қиындығы бәрімізге аян. Осы мәселені аз да болса жеңілдету мақсатында, латын әліпбиі негізінде жасалған мына жаңалығымызды жұршылық талқысына  салуды жөн көрдік.

ХХ ғасырдың басында кемеңгер Ахаң (Ахмет Байтұрсынов)  араб   әліпбиін қазақшаға бейімдеп, төте жазуды жасағанда, қазақ тіліне тән, бірақ арабшада жоқ әріптерді шекесіне дәйекше қойып белгілеген болатын.

Қазіргі қазақ әліпбиін  Интернетке  бейімдеу мәселесіне келгенде, біз де Ахаңның сол ұстанымына сүйенсек, қателеспейтін шығармыз.

Әріптің үстіне қос нүкте, немесе апостроф (дәйекше)  қойған  әліпбилер әлем тілдерінде көптеп кездеседі. Кейбір елдер ұлттық әліпбилеріне түрлі шартты белгілер енгізіп, Интернетке бейімдеген.

Біз де сол Ахаң әдісімен, қазіргі қазақ әліпбиінің  латында жоқ әріптерін   жазылуы да  дыбысталуы да ұқсас латын әріптерімен оң жақ шекесіне апостроф (') белгісін қойып таңбалауды ұсынамыз. Мысалы, латын әрпімен берілген,оң жақ шекесінде апостроф (') белгісі бар А' деген әріп қазақша Ә десек, тиістісінше G '(Ғ), K' (Қ), N' (Ң), O' (Ө ) т.с. деп белгілеуге болады.

Енді нақтылай қазақ әліпбиінің әрбір әрібін латынша таңбалау мәселесіне келгенде, кейбір жаңалықтар енгізуге тура келді. Енді соларға тоқталайық.

Ресми түрде қабылданып, бекітілмесе де, соңғы кездерде қазақ әліпбиінің  Ж,Ш,Ч әріптері латын әріптерімен, тиістісінше  Zh, Sh,Ch түрінде жазылып жүр. Бұл енді көпшіліктің өзі қабылдаған, мақұлдаған нұсқасы десек қате кетпейміз. (Әуежайларда, жол көрсеткіштерде тағы да басқа жерлерде бұған мысалдар жеткілікті-ақ). Сондықтан да қазақ әліпбиінің Ж,Ш,Ч әріптері Интернетке бейімделген нұсқада Ж (Zh), Ш (Sh), Ч (Ch) түрінде таңбаланса, көпшіліктің ойынан шығатыны анық.

Қазақ тілінде санаулы сөздерде ғана келетін құйрықты  Щ-ға келсек,  мәселені қиындатпай  оны кәдімгі Ш сияқты, бірақ шекесіне апостроф қойып таңбалаймыз, яғни Щ (Sh').

Латынның С әрпі қазақша  Ц деп оқылады. Бұл осы әріптің латын грамматикасында (фонетикада) көрсетілген дыбысталуы.

Біздің негізгі мақсатымыз қазақ әліпбиін Интернетке неғұрлым оңтайлы,      мейлінше қарапайым түрде бейімдеу болғандықтан, тосындау бір жаңалық енгізбекшіміз - қазақ әліпбиінің екі әрпін, яғни  Й (қысқа и) мен І әріптерін, латынның бір әрпімен (J j) (латынша дыбысталуы - йот) таңбалауды ұсынамыз.

Оған қарсы болатындарға айтарымыз: бұл екі әріптің бірі дауыссыз (й), бірі дауысты (і) болғанына қарамастан, сөз мағынасын шатыстырмай түсінуге,

тіпті артикуляция жағынан алғанда да  ешқандай да қиындық туғызбайтынына іс жүзінде көзіміз анық жетті. Мысалы: бай (baj), айран (ajran), іні (jnj), білім (bjljm); бейім (bejjm), бейбіт (bejbjt), зейін (zejjn), киім (kijm).

 

2

 

Бұл әріп ( j ) ағылшын  тілінде (джи) деп те дыбысталады. Ал біз             латын грамматикасындағы байырғы дыбысталуын ( йот) алдық.

Сонымен қатар, бұл әріп ( j ) айыру белгісінің (Ъ) және дауысты дыбыстың қасында келіп, айыру қызметін атқарып тұрған жіңішкелік  белгісінің  (Ь) де қызметін атқарады, мысалы: разъезд (razjezd),  съезд (sjezd), бульон (buljon), лосьон (losjon), карьер (karjer).

Ал басқа жерде жіңішкелік белгісінің ) орнына ешқандай әріп жазылмайды, мысалы: повесть (povest), фильм ( film ), руль (rul).

Қазақ тілінде өте жиі қолданылатын Ы ы әрпін латынша Y y (ипсилон) түрінде таңбалағанды жөн көрдік. Бұл да практикада жиі кездесетін, көпшілік қабылдаған нұсқа деуге болады.

Таңбалануы өзара ұқсас, қатар келген үш бірдей У, Ұ, Ү әріптерінің  латынша баламалары, тиістісінше У(U), Ұ (U '), Ү (Y ') түрінде жазылады.

Орыс тілінен енген дифтонгтар Ё, Ю , Я екі әріппен таңбаланады, яғни          Ёё (Jo,jo) ,(Юю (Ju,ju), Яя(Ja, ja) . Бұл тіпті де дау туғызбайтын әңгіме.

Басқа айтылмаған әріптердің латыншасы сірә көпшілікке аян: В (V), Д (D), C (S), Г(G), Р( R) деген сияқты және олар төмендегі  кестеде толық келтірілген.

Басқа ешқандай  да өзгеріс енгізілмейді және айтылған жаңалықтар әліпбиді пайдалану барысында ешқандай  қиындық туғызбайды.

Сонымен, қазіргі қазақ әліпбиінің дыбыс қатарына жататын барлық             әріптері түгел латынша таңбаланды. 32 әріптен тұратын Интернетке және ұялы телефонға  бейімделген қазақ әліпбиінің үлгісі көпшілік көңілінен шығар деген үміттеміз. Енді ешқандай қиындықсыз, емін-еркін Ғаламторда қазақша сайрандай аласыз.

Осы әліпбиді пайдалана отырып ұялы телефондарымен де ешбір қиындықсыз қазақша СМС-тер жіберуге болады.

Латын әріптерін қолданғанда тіл панелінде «EN» деген жазу болуы керек.

(ЕN  - Английский США). Апостроф таңбасы клавиатураның әріптер блогының төменнен санағанда екінші қатарының ең шеткі  батырмасы, бейнеленуі  -", э

Төменде Интернетке бейімделген қазақ әліпбиінің толық нұсқасының кестесін назарыңызға ұсынамыз.

 

Рүстем АБДЫҚАДЫРОВ

Maңғыстау облысы

e-mail: abdrust@mail.ru

Mak'ala turaly  o'zderjnjn' oj-pjkjrlerjn  bjldjrgjsj  keletjn  azamattar osy  a'ljpbidj pajdalana otyryp, avtorg'a  ko'rsetjlgen  elektron- pochtag'a  xat zholdajmyn dese, shyn  ko'n'jlden rizashylyg'ymyzdy bjldjremjz. R.A.

(Мақала туралы өздерінің  ой-пікірлерін білдіргісі келетін азаматтар осы әліпбиді пайдалана отырып, авторға көрсетілген электрон-почтаға хат жолдаймын десе, шын көңілден ризашылығымызды білдіреміз. Р.А.)

3

ИНТЕРНЕТКЕ ЖӘНЕ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНҒА  БЕЙІМДЕЛГЕН

ҚАЗАҚ  ӘЛІПБИІ

(Рүстем  АБДЫҚАДЫРОВ нұсқасы)

Рет

саны

Қазіргі қазақ

әліпбиі

Интернетке

бейімделген

қазақ әліпбиі

Дыбыс -талуы

Ескерту:

1. Қолданыстағы қазақ әліпбиінің  Ж, Ш, Щ, Ч әріптері латын үлгісінде Ж (Zh), Ш (Sh), Щ (Sh'), Ч (Ch) түрінде жазылады. Мысалы: Жаркент (Zharkent), Шымкент (Shymkent), ащы (ash' y), чемпион (chempion).

 

2. Қазақ әліпбиінің Й (қысқа и) және І әріптері латын үлгісінде бір әріппен (J ) таңбаланады, мысалы:  айран (ajran), іні ( jnj ), кейін (kejjп), бейбіт ( bejbjt ), киім ( kijm).

 

3. Айыру белгісінің (Ъ) орнына және жіңішкелік белгісі (Ь) дауысты әріптің қасында тұрып айыру қыз-метін атқарып тұрса, латынша  ( j ) жазылады, мысалы: разъезд (razjezd), подъезд (podjezd), съезд (sjezd); бульон (buljon), лосьон (losjon).

Басқа жағдайда жіңішкелік белгісінің (Ь) орнына ешқан- дай таңба қойылмайды, мысалы: повесть (povest), фильм (film), руль (rul).

 

4. Орыс тілінен енген дифтонг әріптер Ё, Ю, Я латын үлгісін-де екі әріппен жазылады: Ё(jo), Ю (ju), Я (ja). Мысалы: ёлка

( jolka), аю (aju), сия (sija).

Рүстем  АБДЫҚАДЫРОВ

Маңғыстау облысы

E-mail: abdrust@ mail.ru

1

А а

A a

а

2

Ә ә

A' a'

ә

3

Б б

B b

бэ

4

В в

V v

вэ

5

Г г

G g

гэ

6

Ғ ғ

G' g'

ға

7

Д д

D d

дэ

8

Е е

E e

е

9

З з

Z z

зэ

10

И и

I i

и

11

К к

K k

ка

12

Қ қ

K' k'

қа

13

Л л

L l

эл

14

М м

M m

эм

15

Н н

N n

эн

16

Ң ң

N' n'

ң

17

О о

O o

о

18

Ө ө

O' o'

ө

19

П п

P p

пэ

20

Р р

R r

эр

21

С с

S s

эс

22

Т т

T t

тэ

23

У у

U u

у

24

Ұ ұ

U' u'

ұ

25

Ү ү

Y' y'

ү

26

Ф ф

F f

эф

27

Х х

X x

ха

28

Һ

H h

Һа

29

 

Ц ц

С с

цэ

30

2929

Ы ы

Y y

ы

31

Йй және І і

J j

й (қысқа), және  і

32

Э э

E' e'

э

Құрастырушы Рүстем АБДЫҚАДЫРОВ   e-mail: abdrust@mail.ru

"Абай-ақпарат"

0 пікір