Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2798 0 пікір 22 Тамыз, 2012 сағат 08:09

Түркілік таскітаптар жаңаша «сөйлемек»!

Астана қаласы түркі әлемінің мәдени бас қаласы болып жариялану жылында ұйымдасқан ерекше ғылыми экспедиция құрамында Түркі академиясының жас ғалымдарынан жасақталған топ ғылыми сапарға шығып келді. Оның құрамында   Қайырбек Кемеңгер, Ырысбай Әбдіжаппаров, Ернар Несіпбаевтар болды. 2012 жылдың  11-22 шілде аралығында жүрілген ғылыми сапаржол Оңтүстік Сібір (Хакасия, Алтай өлкесі,Тыва) аумағын қамтыды.

Экспедиция Түркі академиясының ғылыми жобаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Сапар барысында көрмелер өткізіліп, академияның ғылыми басылымдары таныстырылды, түркітанушы әріптестермен кездесу өткізілді, этнографиялық материалдар жыйналды, т.б.

Қазақстандық ғылыми делегацияны Түркі академиясы жобасына қатысушы,тарих ғылымдарының докторы,Хақас мемлекеттік университетінің  профессоры Виктор Яковлевич Бутанаев ертіп жүрді. Әріптестерді аса қызықтырған кездесулердің бірі 1877 жылы негізі қаланған Н.М.Мартьянов атындағы Минусин өңірлік өлкетану мұражайында болды. Бұл мұражай қорында әлемдегі ең мол ежелгі түркілік жазба ескерткіштері сақтаулы.

Жас түркітанушыларды, әсіресе, Хақасиядағы алуан өлшемдегі балбал тастар шоғырланған Салбық үйігі (қорған) қайран қалдырды. Мұндағы кейбір ежелгі ата-бабамыз орнатқан тастың салмағы 70 тонна,ұзындығы 10 метрге дейін жетеді.Бүгінде бұл ашық аспанасты мұражайы ретінде мемлекеттің күзетінде. Салбык үйігі  ежелгі түркілердің тылсым құпиясын ішіне бүккен күйі өз зерттеушісін күтуде.

Зерттеу сапарының маңызды оқиғаларының бірі  Ресей гуманитарлық ғылымдар академиясының (RussianAcademyofNaturalSciences) корреспондент-мүшесі, профессор, Түркі академиясының жобасына қатысушы академик Д.Д.Васильевпен кездесу болды.

Васильев Дмитрий Дмитриевич - белгілі шығыстанушы ғалым, түркі руна жазбаларын зерттеуші, «Оңтүстік Сібір түркі руна жазындылар ескерткіштерінің тұтасымы» еңбегінің авторы. Аталмыш еңбектің алғашқы бөлігі биыл Түркі академиясының қолдауымен жарық көрмек.

Д. Васильев  Тұтасыммен (корпус) жұмыс барында табылған табындылар  мен Оңтұс Сібір ескерткіштері қақында әңгімелеп берді. Таулы Алтай ескерткіштеріне арналған Тұтасымның бөлігі аяқтала келді. Биыл басылатын бұл басылымға жаңа табындылар жөніндегі ақпарат та енетін болады және де қалпына келтірілген мәтіндер көшірмесі мен бірізденген дереккөздік  атрибуциялары да енгізіледі. Жиналған  материалдарды жүйелеу барысында шығыстық эпиграфиктерді зерттеуге дәстүрлі әрі түпнұсқаның дәл көшірмесін жаңғыртатын сыйпырлық жаңа әдістемелер қолданылды. Себебі, ежелгі түркі өркениетінің эпиграфикалық ескерткіштерін зерттеу кейде жалғыз ғана жазынды дереккөздерге сүйенеді.

В ходе полевых исследований в 2011 жылғы далалық зерттеу жұмыстары кезінде түркілік жазындылары бар бірнеше жаңа эпиграфикалық ескерткіштер тіркелді. Атап айтқанда,Хакасиядағы Өргенек шатқалынан табылған түркілік тасжазбалар түркітанудағы ерекше жаңалықтардың бірі болмақ. Д. Васильевтың айтуынша, оларды солтүстік маңайдағы жазындылар деуге болады, өйткені, олар  әйгілі Орхон жазбаларынан сол тұсқа қарай 1000 шақырым жерде жайғасқан. Бұл табындылар мәтіні кәзір оқылу үстінде.

Ежелгі түркі жазбаларының бұл жаңа оқындылары , түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі жаңа парақтар болып ашылатыны сөзсіз. Осылайша Түркі әлемінің мәдени мұрасы біртұтас тағы бір тарихи  дерегімен толыққалы отыр.

Түркі академиясының баспасөз қызметі

Тел.(7172)744-785

E-mail: erser61@mail.ru

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525