Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2498 0 пікір 18 Тамыз, 2012 сағат 12:47

Асылнұр Орынбек. Экономикалық дамудың нәтижесi — әлеуметтiк жағдайдың жақсаруы

Жыл басында өткен Парламент сайлауында халық «Нұр Отан» партиясына зор қолдау көрсеттi. Жетекшi саяси ұйым жылдар бойы атқарған жұмысы мен сол арқылы қалыптасқан беделiнiң арқасында осындай биiктен көрiндi. Демек, «Нұр Отанға» деген халық сенiмiн нығайта түсу үшiн саяси додадан бұрын алға қойылған мiндеттер уақтылы әрi толық орындалуы тиiс.

«Нұр Отан» ХДП ОҚОФ төрағасының бiрiншi орынбасары А.Мамытбековтiң жетекшiлiгiмен партияның саяси кеңесi бюросының кезектi отырысында партияның «Қазақстан. 2017. Мақсаттар. Ұлттық iс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасында айтылған мiндеттердi облыс көлемiнде жүзеге асыру жоспары бекiтiлдi. Онда өңiрдi дамыту мәселелерi бiрнеше бағытқа бөлiп көрсетiлген. Ең алдымен бiлiм беру саласы. 2016 жылдың соңына дейiн жеке сектормен бiрлесе отырып 61 балабақша ашылады. Сондай-ақ, республикалық бюджет есебiнен - 80, облыс қазынасының қаржысынан 40 мектеп салынады. Алдағы төрт жылда бiлiм ұяларының 90 пайызы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады.

Екiншi бағыт - денсаулық сақтау саласын жетiлдiру. Алдағы бес жылда партия филиалы жергiлiктi атқарушы билiкпен бiрлесе отырып медициналық қызметтiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыруға, денсаулық сақтау мекемелерiн қажеттi құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етуге, дәрiгерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға күш салады. Сөйтiп, өлiм көрсеткiшiн 15 пайызға азайтып, халықтың орташа өмiр сүру ұзақтығын 70 жасқа жеткiзу жоспарланған.

Сондай-ақ, келесi жылдан бастап барлық медициналық ұйымдарға шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мәртебесiн беру жұмыстары басталады.

Экономикалық дамудың қарқынын арттыра түспейiнше жаңа әлеуметтiк саясатты толық жүзеге асыру мүмкiн емес. Сондықтан партияның сайлауалды тұғырнамасында жалпыұлттық iшкi өнiмнiң жан басына шаққандағы мөлшерiн 15 мың АҚШ долларына жеткiзу жоспарланған. Бұл алдағы бес жылдың еншiсiндегi iс. Межеге жетуде шикiзат экспортын арттырумен шектелмей, экономиканы әртараптандыру мiндетi де жүктелiп отыр. Мiне, осы тұста өңiрлердiң экономикалық әлеуетiн арттырудың маңыздылығы көрiнедi.

Партияның облыстық филиалы бекiткен iс шаралар жоспарында өңiр экономикасының өсiмiн жылдық 7 пайыз деңгейiне көтеру көзделген. Ол үшiн алдымен Оңтүстiк экономикасының инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытында жұмыс iстейтiн арнайы кеңес құрылмақ. Оған қоса инвесторларға қызмет көрсету орталықтары жұмыс iстейтiн болады. Тағы бiр маңызды мәселе - әрбiр ауданда экономикалық және индустриялдық аймақтар ашу. Қазiрдiң өзiнде жергiлiктi билiк әрбiр ауданнан  осы мақсатқа кемiнде 100 гектар жер бөлудi қарастырып жатыр. Осындай нақты қадамдардың арқасында 2016 жылдың соңына дейiн жалпы өңiрлiк iшкi өнiм көлемi екi есеге,  нақтырақ айтқанда 109 пайызға артады. Бүгiнде бұл көрсеткiш 1 трилллион 300 миллиард теңгенi құрайды.

Кез келген экономикалық дамудың басты нәтижесi - халықтың табысының артып, әлеуметтiк жағдайының жақсаруы. Сол себептi алдағы бес жылдықта жұмыссыздықты мейлiнше азайтып, кедейшiлiк шегiнде өмiр сүретiн адамдардың санын халықтың 9,4 пайызына дейiн азайту мақсат етiлдi. Бүгiнде бұл көрсеткiш 10,7 пайызды құрап отыр.

Жиында аталған мәселелер төңiрегiнде облыстық экономика және бюджеттi жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Ә.Сапарбеков пен облыстық туберкулезге қарсы диспансердiң бас дәрiгерi С.Сахыбаева баяндама жасады. Осыдан кейiн бюро мүшелерi iс-шаралар жоспарын бiрауыздан мақұлдады.

А.САЙЛАУҰЛЫ.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522