Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3479 0 пікір 15 Тамыз, 2012 сағат 12:36

Асылнұр Орынбек. Бабаларымыз балқытқан Ащысай қорғасыны

Бұрынғы Кеңестер одағы аумағында қорғасынның негiзгi қоры Қазақстанда орналасқан. Соның iшiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының аумағы қорғасынның кенiне айналған. Кентау қаласындағы Ащысай қорғасын-мырыш кенiшiнiң тарихы әрiден басталады. Бұл кен орны ежелгi замандарда-ақ мәлiм болған. Ащысай қорғасыны XVII ғасырдан бастап орыс, ағылшын кәсiпкерлерiнiң көз құртына айналғаны белгiлi. Қазақ елi  Ресейге қосылғаннан кейiн Ащысай кенiнен қорғасын алу түпкiлiктi жолға қойылып, тұрақты жұмыс күшi ұйымдастырылды. Патша әскерiн оқ-дәрiмен қамтамасыз ету үшiн 1864 жылы Қаратау қойнауының кенi Түркiстан әскери губернаторлығының басқаруына өттi. Кен орыс көпестерiнiң басшылығымен жүргiзiледi. 1882-1885 жылдары Ащысай кенiнде 200 шахтер жұмыс iстеп, 7000 пұт (1 пұт =16 кг) таза қорғасын өндiрiлген.

Кеңес өкiметi орнағанда Ащысай кенi ағылшын Л.Лесманның қолында болған едi. Кенiш 1918 жылы Қызыл армияны да оқ-дәрiмен қамтамасыз еткен. Бұл кезеңдерде Ащысай руднигiнде 300-ге тарта қазақ, орыс және басқа ұлт өкiлдерi жан аямай еңбек еткен. Дәл осы кезеңде Түркiстан өлкесiнде ұрыс жүргiзген Қызыл армия үшiн Ащысайдың маңызы айрықша болды.

1934 жылы Шымкент қорғасын зауытының iргесi қаланып, 1936 жылдан бастап қорғасын өндiрiле бастады. Кен орнының ұзындығы 500 метр болса, енi 100 метр, ал тереңдiгi 450 метр. Бұдан басқа Бәйдiбек ауданында Байжансай кенiшiнде қорғасынның мол қоры бар. Бұл кен орнын алғаш рет 1904 жылы орыс зерттеушiлерi В.Н.Вебер мен М.М.Бронников ашқан. Геология барлау жұмыстары Байжансай қорғасын кенiнiң құрамы шөгiндi тау жыныстарына жататынын көрсеттi. Кен шоғырланған конгломерат құмтас пен әктастан тұрады, оның қалыңдығы 200-250 метр. Байжансай қорғасын кенiшi Шымкент қорғасын зауытының негiзгi шикiзат көзiне айналды. 30-шы жылдары Шымкентте қорғасын зауыты КСРО-дағы өндiрiлген қорғасынның 70 пайызын өндiргенiн бiреу бiлсе, бiреу бiлмеуi мүмкiн.

Бүгiнде ардагер кеншiлер Ұлы Отан соғысы жылдары Ащысай руднигiнен қазып алынған қорғасын рудаларының қалай оқ-дәрiге айналғанын жыр етiп айтады. Соғыс жылдары Мәскеудегi түстi металл және алтын институтының, тау-кен академиясының түлектерi Шымкент қорғасын зауытына жұмысқа жiберiлген. 1938 жылдың өзiнде зауытта өндiрiстiк жоспарды 300-600 пайызға дейiн орындады, мұнда 484 «стахановшы» жұмыс iстеген. Осылайша Ащысай кенiшiнiң толық игерiлуi және Шымкент қорғасын зауытының қарқынды жұмыс iстеуi КСРО-ның  қорғасынға деген мұқтаждықтан  құтқарды. Ал 1941 жылы 22 маусым күнi фашистiк Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашқанда Ащысай тұрғындары мен шахтерлер жиналып, олардың бәрi бiр ауыздан «Жау шабуылына қарсы жан аямай еңбек етiп, қорғасын өндiрудi бiрнеше есе көбейтемiз. Отан қорғауға өз үлесiмiздi қосамыз» деп ұрандатқаны тарихтан мәлiм. Соғыс жылдары Қызыл армияға азық-түлiк жетiспегенiмен, майданға оқ-дәрi уақытында жеткiзiлiп тұрды. Ащысай руднигiнiң арқасында кеңес әскерi оқ-дәрiден  тапшылық көрген жоқ. Соғыс жылдары Ащысай фашистерге қарсы атылған оқтың сарқылмас бұлағы, Ұлы Жеңiстiң тұрақты тiрегi болды десек артық айтқандық болмас. Жауға қарсы атылған әр 10 оқтың 7-еуi Ащысайдың қорғасынынан құйылғанын қазақ халқы әрқашанда зор мақтанышпен еске алуы орынды. Сондықтан жеңiстi жақындатуда Ащысай руднигiнiң тарихтағы орны ерекше.

«Абай-ақпарат»

0 пікір