Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2506 0 пікір 14 Тамыз, 2012 сағат 12:27

Асылнұр Орынбек. Қартын қадірлеген қоғамың құрметі артады

Оңтүстiк Қазақстан облысында жыл сайын өткiзiлетiн «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумы биыл Түлкiбас ауданындағы таңғажайып тау баурайында жалғасын тапты. Өзге аудандарда, Шымкент қаласында бұл iс-шара әдетте Наурыз мейрамымен астасып жататын. Форумның бұл жолы кешеуiлдеуi көктемгi су тасқыны салдарынан болды. Дегенмен, игiлiктiң ерте-кешi жоқ, халыққа пайдалы жиынның мәртебесi әрқашан биiк, нәтижесi мол болмақ.

Жиынға облыс әкiмi А.Мырзахметов қатысып, сөз сөйледi.

Биылғы форум «Ақсақалдардың абырой-беделiн көтеру - уақыт талабы» тақырыбына негiзделдi. Мұнда ел iшiнде адамгершiлiк, имандылық, инабаттылық, мәдениеттiлiк, сабырлылық, iзеттiлiк сынды қасиеттердiң ортаймауында ақсақалдардың рөлi үлкен деген мән жатыр. Шынында да ұлтымызға тән асыл қасиеттер бүгiнде толық сақталып келедi деу қиын. Себебi ұлтжандылық қасиеттерiнен алыстай бастаған жандар аз емес. Ақсақалдардың абырой-беделi мен ықпалын қалай көтеремiз? Елдiң тәлiм-тәрбиесiне қариялардың септiгiн қалай тигiземiз? Осындай өзектi мәселелер ортаға салынған қоғамдық форумға облыс орталығынан және барлық аудан, қалалардан ақсақалдар мен арнайы делегациялар, депутаттар, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, мекеме басшылары қатысты.

Жиынды қоғамдық форумның хатшысы, белгiлi жазушы Мархабат Байғұт жүргiздi. Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Берiк Оспанов баяндама жасады. Форумның тақырыбы «Әлеуметтiк жаңғыртылу мұраттарына сәйкес ақсақалдықтың абырой-беделiн биiктету - уақыт талабы» екенi жеткiзiлдi. Ол биыл атқарылған оң iстердi саралай келе форумның мақсатына тоқталды. Халықты еңбекке баулып, жастарды тура жолға тартуда ақсақалдықтың маңызы зор. Жарыссөзге шыққан кәсiпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Әбiлқасым Досболов елiмiзде тұрақтылық қалыптасып, мемлекет даму жолында келе жатқанын сөз еттi. Ол кiсi еңбек жолынан өткен, өнегелi өмiр сүрген қазiргi ақсақалдардың беделге лайық екенiн айтады. Дегенмен де еңбек ету арқылы әлеуметтiк жағдайды көтеру жағына кеңiрек тоқталды. Еңбек адамдарды жақындастырады, оның тәрбиелiк маңызы басым. Ә. Досболов еңбек еткiсi келетiн азаматтарға кәсiпкер ретiнде қолайлы жағдай жасай алатынын жеткiздi. Өзiнiң басқаруындағы кәсiпорынның маңдайшасына үлкен әрiптермен «Қадамыңыз құтты болсын!» деп жазып қойғанын айтады. Кәсiпкер құс фабрикасының жабдықтарын жасайтын зауыт ашыпты.

Жұмыртқаны ашып шығаратын жабдыққа деген сұраныс жоғары. Бiрқатар ауданда кiшi құс фабрикалары ашылған. Кәсiпкер екi түрлi жұмысты ұсынады. Бiрi - жабдықты алып, жұмыртқадан балапан шығару, екiншiсi -- өскен балапанды одан әрi жетiлдiру. Осы шаруамен айналысамын деушiлер болса кәсiпкерден қолдау көредi әрi еңбектенiп, өзiнiң әлеуметтiк жағдайын жақсартады. Ә. Досболов отбасылық шаруашылықпен тұрмысты түзеуде Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылының тұрғындарынан үлгi алуға шақырды.

Ал ОҚМПИ-дiң ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшев Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамалық мақаласы мен бүгiнгi «Ырыс алды -- ынтымақ» жиыны уақытпен үндесiп жатқанына тоқталды.  «Бүгiнде жұмыс iстегiсi келмейтiн жастар көп. Олар жақсы көлiк мiнiп, әдемi киiм кигiсi келедi. Жалқаулық, кертартпалық ақсақалдар арасында да кездеседi. Дүниеге, еңбекке деген мұндай көзқарас пен ауытқушылықты жоюға қазiрден әрекет жасамасақ, соңы жақсылыққа апармайды», -- дедi ол.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Дербiсәлi Сексенбаев денсаулықты күтудiң бәрiнен де маңызды екенiн алға тартты. Қарттықтың мағыналы, қадiрлi болуы да, еңбектегi жасампаздық та бiрiншi кезекте денсаулыққа байланысты. Ғалым-дәрiгер көпшiлiктi жастарға  ақыл айтып, бiлгенiн үйретiп отырудың әсерi үлкен болатынын айтты. Жарыссөзге шыққан азаматтар өз ойлары мен тiлектерiн көпшiлiктiң талқысына салды.

Қорытынды сөз облыс әкiмi, «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумының төрағасы Асқар Мырзахметовке берiлдi. Ол бүгiнгi тақырыптың бұған дейiнгi жиындарда қозғалған ұлт бiрлiгi, ұрпақ тәрбиесi мәселелерiнiң жалғасы екенiн еске салды.

-- Иә, «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумын құрдық. Аудан, қалаларда оның филиалдары бар. Ардагерлер кеңесiмен бiрлескен жұмыс жоспарын бекiттiк. Дегенмен, алға қойған мақсат әлi толық орындалған жоқ. Жиындарда жақсы ойлар, әдемi сөздер айтылды, айтылып та келедi. Бiрақ оның көбi сөз жүзiнде қалып жатқан сияқты. Сөзiмiз шындыққа қаншалықты сәйкес келедi? Мәселе сонда. Егер сөзiмiз басқа, шындық басқа болса бұл форумның қажетi қанша? Мiне, осы жағын ойланайық. Ащы да болса шындықты айтайын. Күнi кеше «Бекжан» базарында болған өрт ненi көрсеттi? Иә, 5 мыңнан астам адам зардап шектi. Миллиондаған теңгенiң тауары отқа оранды. Оның артында адамдардың тағдыры тұр. Мұның бәрi қалпына келтiрiлуi тиiс. Солай болады да. Бiрақ әңгiме онда емес. Мәселе осы зардап шеккен адамдардың мәдениетiнде. Тас лақтырып, шашын жұлып, байбаламға салынып отыр. Олардың талабын заңсыз демеймiн. Бiрақ талап етудiң де мәдениетi бар. Дұрыс түсiнiңiздер, мұны мысал ретiнде айтып отырмын. Осының өзi қоғам мен адамның қалай өзгергенiн көрсетпей ме? Баяғы сабырлы, инабатты, төзiмдi қазақ әйелдерi қайда? «Айналайын, сабыр ет, қазақ бұдан да қиын нәубеттердi, зұлмат замандарды бастан өткiзген. Сонда да сабыр еткен» деп басу айтар ақсақалдарымыз қайда? -- дедi облыс басшысы.

Қасиеттi Рамазан айында, ұлы Абай Құнанбаевтың туған күнiнде бас қосқан облыс жұртшылығы  жан-жақты ой бөлiсiп, өзар пiкiр алмасты. Жиын соңынан халыққа арналған Үндеу қабылданды. Қоғамдық форумның көпшiлiкке оң әсер етiп, ондағы айтылған ойлар қатысушыларды iзгiлiкке жетелейтiнi анық. Ал кешке облыс әкiмiнiң атынан жиынға қатысушыларға ауызашар берiлдi.

«Абай-ақпарат»

0 пікір