Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2768 0 пікір 21 Тамыз, 2012 сағат 11:42

ЖАЛАДАН ЖАНЫП КЕТКЕН

Биыл қазақтың басына дойыр қамшыдай тиген, ұлт қаймағын қынадай қырған 1937-1938 жылғы репрессияға тұп-тура 75 жыл толып отыр. Алайда боздақтарымыздың тізімі әлі де толық жарияланған жоқ, атаусыз, сұраусыз жатқан азаматтарымыз қаншама? Тіпті сол кездегі жазалаушылар тарапынан да әлі баға берілмей отыр. Біз бүгінгі материалымызда залал заманның зарын тартып, жазықсыз жазаланып, қитұрқы саясаттың бұғауына түсіп, бір ғасырға жуық уақыт із-түссіз, еш дерексіз жоғалған Рамазан Тайлыбаев жөнінде айтпақпыз.

Сталиннің қандықол саясаты талай жазықсыз жандарға жапа шектіріп, қыршынынан қиды. Мақаламызға өзек болып отырған Рамазан Тайлыбаев да сол зобалаң жылдардың қанды тырнағына ілініп, жазықсыз жазаланғандардың бірі. Арада ғасырға жуық уақыт өткеннен кейін атасы Рамазанның қабір топырағын немересі Нұрлан Сәметұлы Рамазанов туған еліне жеткізген.
Өкініштісі, жат топырақта қалған қаншама қаракөздеріміздің іздеу-сұрауы табылмай дерексіз кетті. Ал дерегі табылғандардың бірі Алматы облысының тумасы Рамазан Тайлыбаев. Ендігі сөзді марқұмның немересінің аузынан жазып алған шағын әңгімемен таратайық.

Әке аманаты

Биыл қазақтың басына дойыр қамшыдай тиген, ұлт қаймағын қынадай қырған 1937-1938 жылғы репрессияға тұп-тура 75 жыл толып отыр. Алайда боздақтарымыздың тізімі әлі де толық жарияланған жоқ, атаусыз, сұраусыз жатқан азаматтарымыз қаншама? Тіпті сол кездегі жазалаушылар тарапынан да әлі баға берілмей отыр. Біз бүгінгі материалымызда залал заманның зарын тартып, жазықсыз жазаланып, қитұрқы саясаттың бұғауына түсіп, бір ғасырға жуық уақыт із-түссіз, еш дерексіз жоғалған Рамазан Тайлыбаев жөнінде айтпақпыз.

Сталиннің қандықол саясаты талай жазықсыз жандарға жапа шектіріп, қыршынынан қиды. Мақаламызға өзек болып отырған Рамазан Тайлыбаев да сол зобалаң жылдардың қанды тырнағына ілініп, жазықсыз жазаланғандардың бірі. Арада ғасырға жуық уақыт өткеннен кейін атасы Рамазанның қабір топырағын немересі Нұрлан Сәметұлы Рамазанов туған еліне жеткізген.
Өкініштісі, жат топырақта қалған қаншама қаракөздеріміздің іздеу-сұрауы табылмай дерексіз кетті. Ал дерегі табылғандардың бірі Алматы облысының тумасы Рамазан Тайлыбаев. Ендігі сөзді марқұмның немересінің аузынан жазып алған шағын әңгімемен таратайық.

Әке аманаты

Рамазан Тайлыбаев  1895 жылы Алакөл ауданы Қарасу ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Орта жүздің уақ руынан шыққан Рамазан шаласауатты, шаруа отбасының баласы бола тұрса да, өзінің өжет мінезді, пысықтығымен шаруаның қай түрі болса да тез игеріп, дөңгелентіп алып кете алатын еті тірі жан болған екен. Сол ептілігінің арқасында Алакөл аудандық кеңесіне нұсқаушылыққа қабылданады. 1935-1937 жылдары Жайпақтағы Сталин атындағы колхозда басқарма бастығы болып қызмет атқарады. Әйелі, яғни апамыз Күлсін екеуі - Сәмет, Ерік, Сұлтан, Мәрия атты төрт бала тәрбиелеген. Үлкені Сәмет менің әкем. 
1937 жылы атам Рамазанға «Сен жапондықтардың шпионысың» деп, үкіметке қарсы әрекет еткен «Халық жауы» деген айып тағылып қамауға алынып, Алматы түрмесіне жіберілген. Сол жақта тергеуге алынып, 1937 жылы желтоқсан айында он жылға сотталған. Атамның одан кейінгі өмірі туған-туыстары үшін  мүлдем беймәлім қалпында қалған екен. Артында қалған төрт баланың үлкені Сәмет (әкем) ол кезде 10 жаста, Ерік 9 жаста, Мария 1 жаста (Сұлтан ертеректе қайтыс болғандықтан, жасы көрсетілмеген екен) болған. Содан бері артынан ерген балалары  атамды  72 жыл бойы іздеп, еш дерегін біле алмай дүдәмал ой жетегінде жүретін. Әкем дүние саларында маған: «Балам, атаңды табу сенің міндетің, қалай болған да тап. Бұл сенің ұрпақтық парызың» деген еді. Өзі көзін жұмғанша сол әкесінің ұсталғаннан кейінгі тағдырының қалай болғандығын біле алмай қайғырып өтті.

Иоссерге жерленген

Біз, ұл-қыздары, атамызды үнемі іздестіріп жүрген едік. Әйтеуір табылады деген үміттің жетегіне еріп, бармаған жеріміз қалмаған. 2006 жылы Талдықорған қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқармасына барып, ондағы мұрағат қызметкеріне жолығып мән жайды сұрастырған едік. Олардың нұсқауымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облыстық департаментіне арыз жаздық. Сондағы алған жауабымыз, «ҚР ҰҚК  Алматы облысы бойынша департаментінің мұрағатында Рамазан Тайлыбаев туралы мәліметтер жоқ» делінген хат болды. Одан кейін ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне хат жаздық. Олардың берген жауап хатында «Рамазан Тайлыбаев 1937 жылы 31 желтоқсанда Алматы облыстық Халық комиссариаты үштігінің қаулысымен 10 жылға бас бостандығынан айырылған.  1940 жылы 11 қазанда жазасын өтеп жүрген Солтүстік теміржол лагерінде қайтыс болған. Басқа деректерді іздестіру үшін Алматы облыстық ҰҚК департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз» делінген. Ал онда барғанымызда «Рамазан Тайлыбаев 1895 жылы туылған, 1937 жылы 31 желтоқсанда Алматы облыстық Ішкі істер халық комиссариаты үштігінің шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылған» деген ғана жауап алдық. Содан шарамыз таусылып, бар үімітімізді Астана қаласына ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және есепке алу жөніндегі комитетіне артып арыз-хат жаздық. Бірақ олар: «Тайлыбаевтың қай жерде жерленгені туралы, жазасын өтегеннен кейінгі тағдыры туралы еш мәлімет жоқ» деген жауап алдық. Бірақ хатта көрсетілген сілтеме бойынша Петропавл қаласы ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығына хат жолдадық. Одан «ҚР ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде және ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасында 1895 жылы туылған Рамазан Тайлыбаевқа қатысты мәліметтердің жоқ екендігін хабарлаймыз. Жазасын өтеу жерін нақтылап білу үшін, Ресей Федерациясы ІІМ Бас ақпараттық орталығына хабарласуыңызды ұсынамыз» - деп астына толық мекенжайы көрсетілген  жауап алдық. Біз барынша нақты әрі мұқият қарастырылып жазылған өтініш хатты Ресей Федерациясының ІІМ Бас ақпараттық орталығына жолдадық. Олардан мардымды жауап ала алмаған соң, 1937-1938 жылдары қуғын-сүргін құрбаны болған адамдардың көбінің жазасын өтеу үшін Краснояр өлкесіне Үркіт облысына кеткенін ескере отырып, сол жаққа хат жаздық. 2008 жылы 19 наурызда  Краснояр өлкесінен келген жауапта «Сіздің өтінішіңіз бойынша қосымша іздестіру жүріп жатыр, нәтижесін кейін жолдаймыз» депті. Оның алдында айтып кеткенімдей, ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және есепке алу жөніндегі комитетінің берген жауап хатында «Рамазан Тайлыбаев 1940 жылы 2 қазанда жазасын өтеп жүрген жері Солтүстік теміржол лагерінде қайтыс болған» деген жауабына қайта оралып, оларға нақты мәліметті Үркіт облысы берген деген болжаммен сол жаққа өтініш хат жаздық. Онда «1895 жылы туылған Рамазан Тайлыбаев Солтүстік теміржол лагері Коми републикасы, Сыктывкар қаласында еді» деп, толық мекенжайын көрсетіпті. Сол көрсетілген мекенжайға өтініш хат жаздық. Екі хат жазып бірін,  Коми Республикасы, Сыктывкар қаласындағы Ресей Федерациясы ІІМ министрлігінің Бас ақпарат орталығына, екіншісін Коми республикасы Печера қаласындағы Мемлекеттік мұрағатқа жолдадық. Сондағы алған нақты жауабымыз «Рамазан Тайлыбаев 1940 жылы 11 қазанда Солтүстік теміржол лагерінде, (Коми АССР-ы, Сыктывкар қаласында) жазасын өтеп жүргенде қайтыс болған» деген хат болды. Мен атам туралы мұрағатта сақталған мәліметтердің көшірмесін алғанымда, онда Рамазан Тайлыбаев туберкулез ауруынан қайтыс болды деп көрсетілген. Соның қаншалықты шындық екеніне көзімді жеткізбекші болып, айдауда жүргендегі барлық тоқтаған бекеттерде тексеріліп отырған дәрігерлік анықтамаларды қарастырып шықтым. Бірақ бірде-біреуінде атамның ағзасында қандайда бір аурудың болғандығы туралы анықтамаларда жазылмаған. Иоссерге барған соң бір жарым айдан кейін дүние салған. Соған қарағанда, атамның құдайдың ақ өлімімен өлмегеніне көзім жетеді.

Атамды қыран қорғап жүргендей...

Атамның жатқан жерін көріп, әкемнің топырағынан апарып, атамның топырағын туған ауылына жеткізу үшін, мен 2012 жылдың мамыр айында Мәскеу арқылы Коми республикасы, Сыктывкар қаласына қарасты Иоссер деген елді мекеніне бардым. Атам сол Иоссер деген елді мекеннің маңындағы орманда жерленіпті. Кезінде бұл жерде «халық жауы» деген жаламен сотталғандардың жазасын өтеу лагері болған екен. Ал, ит тұмсығы өтпейтін орман мен сасыған балшықты далада өмір сүру мүмкін еместей көрінді. Дегенмен сол 1937-жылдары айдалып барғандардың өлгені өліп, тірі қалғандарының ұрпақтары сол жерді мекендеп қалғанға ұқсайды.
Біз Мәскеуге, одан ары Сыктывкарға ұшақпен бардық. Сыктывкардан Иоссерге дейін машинамен бардық. Іздеген елді мекенге барған соң, жердің қыр-сырын білетін қарияларды іздестіріп, біреуіне кездесіп, лагерьді және ондағы үлкен зираттарды іздеп жүргенімізді айттық. Содан қарияның айтуы бойынша жолдың жиегімен лагерьге апаратын жолды іздеп келе жатқанбыз. Әңгімелесіп отырып межелі жерден өтіп кетсек керек. Содан артқа қайтамыз, алға жүреміз - таба алмай әлек болдық. Бір уақытта жанымдағы жүргізуші «Қараңыздар, бүркіт отыр» деп айқайлап жіберді. Ол бүркітті көріп таңғалып тұр. Мен болсам «отырса отыра берсін, суретке түсіріп алайын» деп жақындап келіп суретке түсіріп алдым. Артыма бұрылып жүрейін десем, атам Рамазанның бейіті тұр. Мен бұл жағдайды жай ғана бір сәйкестік деп ойлаған жоқпын. Егер сол бүркіт болмағанда, мен сол сапарда атамның бейітін таба алар ма едім, білмеймін. Бұл дәл бір Алла тағаланың нұсқауы іспетті болып көрінді. Оның үстіне, кірпияз, тау еркесі  бүркіт те мұндай орманды жерде әншейін жүрмес деп ойладым. Мүмкін атамның аруағы қыранға айналып ұшып жүр ме? - деген ой келді басыма. Атамның бейітінің басына отырып, құран оқып, бет сипаған соң әлгі бүркіт ұшып кетті. Содан елден алып барған әкемнің топырағын сол жерге салып, атамның топырағынан алып, туған ауылына, баласы Сәметтің жанына әкеліп қойдым. Мен әкемнің аманатын орындағаныма бір қуансам, мұрағатта сақталған атам туралы ісқағаздарды  көрсеткенде солардың ішінен атамның өз кінәсін мойындамағаны туралы  жазылған мәлімдемені оқып төбем көкке жеткендей болдым. Бұл мен үшін ең маңызды жағдай болатын. Өз еліне деген ыстық сезімін ештеңеге айырбастамай, өзін құрбан еткен ерлік ісі мен үшін ғана емес, бүкіл қазақ халқы үшін де мақтаныш жағдай деп ойлаймын.

Жазып алған -
Гүлжанар АМАНТАЙҚЫЗЫ

 

1937-38-жылдары 125 мыңдай адам репрессияға ұшыраса, оның ішінде 25 мыңға жуығы ату жазасына кесілген. Мәскеу архивтерінен алған «Әділет» қоғамының берген тізімінде 1938 жылы атылған 631 адамның 80 пайызы қазақтың маңдай алды азаматтары. Алаш арыстары болған. Тізімде қай арыстың қай күні зұлымдықтың құрбаны болғаны туралы жазылған. Мәселен, 25 ақпан күні Санжар Асфандияров, Құдайберген Жұбанов, Сейітқали Мендешев, Ізмұқан Құрамысов, Сәкен Сейфуллин, ал 27 ақпанда Бейімбет Майлин, Ілияс Қабылов оққа ұшқан. Сонымен бірге 28 ақпанда Ораз Жандосовтың көзін жойған.

«Жас қазақ» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3515