Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3338 0 пікір 21 Тамыз, 2012 сағат 09:55

Әсел Назаралы. Ақын. Шенеунік. Оқырман

Ақын жүрген ұлы әлем - агент.

Сіз бен біздің күнделікті көріп, араласып жүргеніміз қазақ тілді орта, ғаламторды ашсаңыз бір топ журналистер мен ақындар, оқырмандар...

Ақындар шабыты келсе ішкі эмоциясын агенттің «көк бұлтына» өлең жазып ұшырады. Солардың блогқа жазғанына қарап, әйтеуір жансыз дүниеге көз ілестіріп жан сарайыңызды ашқандай боласыз. Күнделікті жұмысқа барып-келіп уақыт өтіп жатыр. Түнгі өлең жазу шабыты бір бөлек.

Иә... бұл адам санасын оятудың әлсіз бір ғана ұшқыны. Сол ортаға қарай бейімделіп кеткенбіз, қолдаймыз, мақтаймыз. Сол ортада өмір сүріп жүргенімізге риза болып қазақы рухымыздың танымдық деңгейін сонымен шектейміз де қоямыз.

Ақындар арасында өзімен-өзі күн кешіп жүрген тым қарапайымдары, арқасы бар асаулары, әр сөзге мән беретін салмақтылары, адамға шынайы жаны ашып, қолынан келгенше жан аямай көмектесетіндері, ақылгөйсіп, көсемсіп, бөсіп сөйлейтіндер, данышпансып, болмайтын сөзді құрастырып ақыл айтатындар, өсекшілер мен көре алмайтындар, «ақынбыз» деп мастанып, амандаспай көкірегін көтеріп кергитіндері де бар әрине. Әнші, композиторлармен жұмыс жасайтын кәсіби ақындар да кездеседі. Біздің бәсекелесер ортамыз осы ма деп ойлайсың кейде.

Ақын жүрген ұлы әлем - агент.

Сіз бен біздің күнделікті көріп, араласып жүргеніміз қазақ тілді орта, ғаламторды ашсаңыз бір топ журналистер мен ақындар, оқырмандар...

Ақындар шабыты келсе ішкі эмоциясын агенттің «көк бұлтына» өлең жазып ұшырады. Солардың блогқа жазғанына қарап, әйтеуір жансыз дүниеге көз ілестіріп жан сарайыңызды ашқандай боласыз. Күнделікті жұмысқа барып-келіп уақыт өтіп жатыр. Түнгі өлең жазу шабыты бір бөлек.

Иә... бұл адам санасын оятудың әлсіз бір ғана ұшқыны. Сол ортаға қарай бейімделіп кеткенбіз, қолдаймыз, мақтаймыз. Сол ортада өмір сүріп жүргенімізге риза болып қазақы рухымыздың танымдық деңгейін сонымен шектейміз де қоямыз.

Ақындар арасында өзімен-өзі күн кешіп жүрген тым қарапайымдары, арқасы бар асаулары, әр сөзге мән беретін салмақтылары, адамға шынайы жаны ашып, қолынан келгенше жан аямай көмектесетіндері, ақылгөйсіп, көсемсіп, бөсіп сөйлейтіндер, данышпансып, болмайтын сөзді құрастырып ақыл айтатындар, өсекшілер мен көре алмайтындар, «ақынбыз» деп мастанып, амандаспай көкірегін көтеріп кергитіндері де бар әрине. Әнші, композиторлармен жұмыс жасайтын кәсіби ақындар да кездеседі. Біздің бәсекелесер ортамыз осы ма деп ойлайсың кейде.

Қалқаман ағамызша айтсақ, «Ақынның ақындығын сыйлама, адамдығын сыйлаңыз». Жүрегіңізге иман нұрын ұялатып, бықсыған ойдан арылып, өзіңіздің жан-дүниеңізге жаңалық, тұла бойыңызға қарапайымдылық енгізіңіз дегім келеді ақындарға.

Кезінде Лұқпан Хакімге сұрақ қойған екен, «осыншама әдептілікті қайдан үйрендіңіз», деп, ол «әдепсіздерден үйрендім», депті. Сол айтқандай, бір жақсысы агенттегі «қуғынбайлардың» өзінен де жақсы нәрсе үйренуге болады. Мұндайда оларға қосыла шуламай, тынышы өзіңізге қажетті ақпаратты санаңызға сіңіріп алып отыра бергеніңіз жөн.

Монитордың арғы жағында отырған адамдар әртүрлі. Біреу мұңын айтады, біреу сырын айтады, солардың көңіл-күйіне сай өлең жазасыз, ол жүрегіне дөп тиіп ойландырып жатады. Біреулері «сол оқиға сіздің басыңыздан өткен бе?», деп сұрап жатады. «Маған арнап өлең жазыңызшы, дейтіндер де бар арасында. Оған өлең жазу үшін оның ішкі әлеміне енуің керек. Оқырманның қас-қабағына қарап мұңайып, соларға қарап қуанып отырамыз. Кейде осындайдан да шаршайсың, тіпті басқа бір әлемге кетіп қалғың келеді.

Айтпақшы, ортамызда расымен де сыпайы, саламатты жолмен жүретін, намаз оқитын, ішпейтін, шекпейтін таза киінетін, артық қылық көрсетпейтін «бренд» ақындар бар. Оларды «халал ақындар» деп қалжыңдап қоямыз. Әсіресе, ол топтағылар Астанада жақсы орта құрып, қалыптасып келеді. Анда-санда қымызханадан табылады. Жиналып алып қымыз ішіп, таңға өлең оқитындары бар. Тіпті, ол ортадан әншілерді де көруге болады кейде.

Қарап отырсаңыз агентте не көп ақын көп. Қайсысы шын ақын, қайсысы ұлы ақын екенін адам ажыратып болмайды. Алды алпысты алқымдаған, соңы кейінгі толқын ақындар. Солардың ішінде әлі бала болса айтар ойы салмақты, білімдері жан-жақты, көзге ұрып тұратын өткір ойлы ақындар бар. Олар қай ортадан тәрбие алып жүр? Таңқаласың. Жас ақындардың әлі бала болса да өзіндік қоғамға қосар үні бар, ойлары тап-таза, мөлдір-тұнық, өлеңдері тастай. Қолмен құйылған мүсіндей.

Оның ішінде Серікзат ағамыздың тілімен айтқанда, «жасамыс ақындар» да бар. Сондай-ақ әркімнің өз оқырманы бар, өз жанкүйері бар дегендей...Оқырман демекші, олардың ақындарға деген ойлары тап-таза, тұнық және өлеңді жаны сүйіп қабылдайды. Біразымен әңгімелесіп көрдім, айтатындары - «ақын өлеңдерінде жарқ еткен жаңалықтар аз, махаббатты жырлайды, ана, Отан, ел деген тақырыптарда жазса екен. Кейбір ақындар Алла деген сөзді бетімен қолдана береді. Өлеңдері қасиетті болсын деп жапсыра береді ме екен түсінбейміз, өлеңдерін оқып отырып не айтқысы келгенін ұқпай қаламыз, бір сарынды, бірін-бірі қайталайтын ақын көп», - дейді жанкүйерлеріміз. Бұл нені көрсетеді? Бұл біздің аудиториямыз агенттегі блогпен шектеулі және олардың ортақ тақырыбы - махаббат мұңы деген сөз.

Сонымен...

Ақындарда не бар өзі? Бағытымыз дұрыс па?

Қазір өлең оқуды қойдым дейді бір ағам, неге десеңіз, бәрінің жырлайтыны бір сарын, бір әуен. Тақырыптары баяғы таптаурын махаббат. Өлеңге жаңаша стиль, жаңаша модернисттік сарын, жаңаша формат әкелу керек. Оны және осы отырған БІЗ ЖАСАУЫМЫЗ КЕРЕК дейді. Сөзінің жаны бар. Орта аға буын ақындардың өздері де осындай пікірде.

Негізі қазақ мұңға жақын болғандықтан, біздің әдебиетті мұң жаулап алған. Бар уайымымыз - жауапсыз махаббат, ғашығына жете алмау, сағыныш, армандау... Жылауық өлең. Бұл не нәрсе? Қазақ поэзиясының жалпы құрылымы қайда бағыт алып барады?

Бәріне бірдей жылауық ақын деп айдар тағуға болмайды. Ішінде көненің тілімен көсемнің сөзін терген, адам жанын ұғынып, табиғатпен үйлестіріп жаза алатын, ата-ана, жер, тіл мен діни тақырыптарды да жақсы жазатын ақындар да бар арамызда. Байырғы Абайлар сөйлеген тілмен, өзіңіз бұрын-соңды естіп көрмеген сөздерді қолданып, ғажап буын құрайтын, тілі шұрайлы қандас ақындар да бар.

Кешегі аға-апаларымызға еліктеп, ескі сарынмен әйтеуір бір образды алып, қиялдан құрап шығамыз. Сөздерді ұйқастырсаңыз болды, ақынсыз дейді ел. Түнгі толқында өлеңіміздің радиодан оқылып жатады. Оның өзі тыңдарманды бір рахатқа бөлейді. Бар жарыққа шыққанымыз сол, оған да шүкір дейміз. Ақынды танытып, шалғай ауылдардағы халықты сусындататын жолдың бірі бұл да.

 

Өлеңнің бақ сынар жері немесе мен «мүшайрист» емеспін...

 

Мүшайра деген ол тіпті, шалдардың ойыншығы болып кеткен. Мүшайраның өлеңін шалдар түзеп, шалдар жазсын жазғанда.

Қазіргі жас буындардың санасы сол мүшайраны жарып шығуға шамасы жетпейді емес, тіпті асып түседі. Әттең, аңғал да көңілшек, одан қалса атақұмар. Мақтап қойса жүлде мен атақ үшін сатылып та жатады. Олардың өзін көкелері «шатыр» болам деп мәжбүрлеп алған. Адал оймен бағын сарапқа салғысы келіп баруын барады-ау ақын, бірақ жүлдені тегін берем деген «жемтартарлардың» алдында дәрменсіз күй кешіп қала береді. Ол жүлдені шын мойындалып алды ма, жоқ көкесі көмектесті ма әйтеуір алады. Алған соң ақынның өзі де ұялады, ішіне іштей қынжылыс, комплекс қалыптасады. Сөйтіп ақындардың арасында бөлінушілік пайда болады. Үлкен қоғамдық дерт осы. Қысқасы ақындардың бағын кабинетінде қарнын сыйпап отырған абыз көкелеріміз ашады. Ақынды «мықты ақын» қылатын халық емес шалдар.

Қыздардың жағдайы тіпті қиын. Кәдімгідей қатысайын деп құжат ұсынсаң, сөз емес, алып берем, маған сен, өлеңің жарамаса түзетеміз деген әңгіме айтады шалдар. Сол айтқан сөздерінің астарына үңілмей-ақ та қойыңыз. Кімді кім қалай ақын қылып жүр? Өлеңіңді түзетіп, жүлделі болып елдің бетіне қалай жарқырап тура қарайсың содан кейін. Ел оны білер-білмес, бірақ өз ортаң ол жайлы не дейді? Екі ортада өзің жүрген ортаңнан адасасың. Достарыңды жоғалтасың, адамдық қадірің кетеді.Намысыңа тырысып өйтіп атақты ақын болмай-ақ қойдым, «мүшайрист» емеспін дейсің ақыр соңы. Сондағы әдебиет, өлең деп жүргендегі бар жиған арымыз бен барымыз осылай өлшене ме? Міне осы біздің әдебиет. Сұмдық қой!Оқырманымыз аман болсын дейміз іштей, осылай жабырқағанда арқадан қағып алатын...

Ең болмаса әдеби орта таза болсашы... саясатты былай қойып. Мүшайра, айтыс, жарыс, сөз сайыс дегенің өзара бөліс, өзара ымы-жымы бірдеңе. Алдын ала белгілеп алған кімнің орын алатынын. Сондағысы өткіздік деген аты ғана,олар кімге есеп береді. Жүлдегердің өлеңін кім оқып көрген, азар болса мемлекет бір, екі кітап шығартар. Кітаптың өзін жүгіріп жүріп ақынның өзі шығартады. Ол қаншама қаражат. Сол үшін де мүшайраға қатысуға мәжбүр. Оның өлеңіншенеунік тұрмақ, базардағы халықтың өзі оқымайтын бір белгісіз жерге жариялай да, сол күйі ұмытылып қалады. Атыңның таныс болмағаны жақсы, жаңадан ақын шығыпты деп елдің көзіне бірден түсесің дейді шалдар. Сөйтіп атын да естімеген, түрін көрмеген бір ақынсымақтың қолына береміз жүлдені. Ол байғұстың тарихта аты немен қалды белгісіз(осындай атымен тарихта қалуы керек па?). Оны мұңын тек өз ортасы ғана ұғынып, өз ортасы ғана күйініп жатады. Әдебиеттің барар жер, басар тауы осы ғана. Бұдан келіп сана шектеледі. Ақындардың санасында «ақыры орын алып еңбегің еленіп жатқан жоқ, әркім өз танысына тартады, маған бәрібір, бағымды мүшайрамен сынамай-ақ қойдым, «мүшайрист» емеспін» деген сарсаңға түсіп, шаршаған ой қалыптасқан. Мүшайра қатысасың ба десе, «жемқорлыққа» қатысасың ба дегендей атынан үркіп қашады. Бірдеңеге қатысып, бағыңды сынағың келеді. Сенің мүшайрадағы бағынды сынайтын кім?

Жұрттың кәдімгі ұлы ақыны деп есептеп жүрген, ақындығынан арамдығы басым, ақылы жетіп тұрып бықсыған дүниелермен айналысатын, парықсыздарға қарап, үкілеген әдемі жыр дәптеріңді еріксіз қолды бір сілтеп жаба саласыз... Ей, ұсақталған дүние-ай!

Айтыскер ақындарды мүшайраға қатыстырмайды да. Сонда айтыскер ақын емес па дейді, бір айтыскер ағам өткенде. Бақ сынайтын орта қайда? Сынды да, мұңды да блогтардан ғана естиміз. Әйтеуір бір тылсым терең үнсіздік. Ешкім ешкімді мақтамайды да, ешкім ешкімді жамандамайды да, әйтеуір үнсіз ұғамыз да қоямыз.

«Шабыттың» мұңын тіпті қозғамай-ақ қояйын біраз ақын жылап қалар... Жоғары жақтың бекітіп қойған әділ қазысы биыл кімнің тағдырын шешер екен дейсіз іштей. «Шабытқа» жыл сайын шапталған қазыларға біраз ақындардың көңілі толмай, іштерінен бықсып жанады.

Осы ақындардың жылына бір рет келетін «Шабыттын» неге басқаша стильде өткізбеске!? Оны өткізердегі жыр тыңдармандары тағы осы аудиториямен шектеледі. Аудиторияны кеңейтіп, «Шабыттың» жүлдесін негізі оқырмандар таңдауы тиіс. Бір жыл бойына кімнің кім екенін білетін әділ қазы емес, оқырман-халық.

Халық қайдан білсін «Шабыт» фестивалі өтіпті ғой, е-е, кім алыпты, а, сол ма? Алса алды да деп қояды ел «Шабыт» біткесін қазақбайшылыққа салынып. Керісінше халықтың осындайда көзін ашуымыз керек емес пе, ал біз осыған бейімделіп, көніп  алғанбыз. Үн шықпастан мейлі, деп қол сілтей салу қанымызда бар. Оны кәдімгі елдің ортасына ақынды шығарып қойып, тегін түрде, бір апта бойы кең аудиторияны алып неге көпшілік дауысқа, талқыға салмасқа! Ел жинала ма, жиналады. Жарнама жасап та керегі жоқ. Жанкүйерлердің өзі-ақ жинап береді оқырманды. Шіркін біраз ақынның тыныс ашылар еді. Жұрттың рухына дем болар еді жырлары. Жыл бойғы сарапты осылай жасасақ күшті болар еді.

Нағыз өлеңді сүйетіндердің бірі - шенеуніктер...

Журналист келмесе қозғалмайтын шенеуніктерге ақынның қажеті де жоқ деп ойлайсыз ба? Олар ақындарды танымайды. Олардың кімнің күйін күйттеп, кім үшін жыр жазып жүргенінен де бейхабар. Халқым аман болсын, әркім керегін іліп алар деп «блогқа» жазып жүре береді. Меніңше бұл ағымға ілесіп, «блог ақыны» болып кете беруге болмайды. Басқа шешім шығару керек ақындарға. Ақындардың бәрінің тізімін алып, апта сайын он шакты акыннан шенеуніктердің ортасына жіберу керек. Апта сайын болмаса да ай сайын жинап алып өлең оқып отырса тіл дамиды, сана жаңғырады, қоғамдағы проблемалардың шешілуіне септігі тиеді. Бізде мынандай да орта бар екен ғой деген ой қалыптасады оларда. Шенеуніктердің әдеби ортаны іздеуге құлқы да, уақыты да жоқ. Тіпті, өресі де жетіп, ойына да кірмеген әлі. Сана ұйқыда. Өлең жазу еріккеннің ісі деген пиғылмен миығынан күліп, әрмен қарай жұмысын жасап жүре береді. Халық пен билік арасы алшақтап барады. Халық мұңын билікке жеткізер орта осы ақындар деп ойлаймын.

Өзім қызмет атқарып отырған жердегі басшылар мен ұжымдағы әріптестерім орыс тілді орта болса да әдеби ортаны ұнатады. Өлең жіберші деп отырады. Тіпті кабинетіне барып өлең оқып берсең риза болатындар бар. Олар ресми ортада жүрсе де әдеби ортаны сағынады. Рухани ләззат алады. Таңғаласың, олар өлеңнің құдіретіне бас иеді. Осындайда агенттегі ақындарды ертіп әкеп өлең оқытқың келеді.

Әдеби орта оларды ресми түрде, қолына папка ұстап, қол қоюдан басқаны білмейтін, суық адамдар деп қабылдайды. Ол дұрыс емес. Оларда да жан бар, жүрек бар, сезім бар. Олардың да ортасында өлең жазатындар, домбыра тартатындар жеткілікті.  Орыс тілді ортадан қашамыз, қате сөйлеп қоямыз ба деп ұяламыз. Сол ұялуымыздың кегін қазақ тілін білмейді дегенге әкеп тірейміз. Әрине бұл бір жағынан тілді басындырмау саясаты. Олар өлең түсінбейді деп ойлаймыз. Тіпті менсінбейді деп ойлайтындар да бар. Олар сізді менсіну үшін сіз олар менсінетіндей түр жасаңыз. Ой олардың көлігі керемет, үйі бар бізді қайтсін, қарабайыр деген ұғымнан аулақ болу керек адам. Сіз бәрін табиғи түрде қарапайым қабылдаңыз.

 

Соңғы түйін немесе «патшасы ақынын іздеген ел  - бақытты».

Астанадағы Ұлттық кітапхана жанынан «Жансусар» деген ақындардың әдеби ортасы қалыптасып, жан-жақтан келген ақындардан жыр тыңдап, араласып жап-жақсы болып қалып едік (онда да аудиториямыз сол агенттегі әдеби орта), қазір біраз тоқырауға ұшырап тұр ма қайдам, мен сол ортаға шенеуніктерді тартқым келген. Бірақ мемлекеттік жұмыстың күрмеуінен шыға алмай, өкініп қаласың бара алмай. Бір-екі рет жұмыстан қашуға тура келді сол үшін. Осындай дүниелерді жұмыс уақытынан тыс жасасаңыздар құба-құп болар еді, әрі аудиториямыз кеңейер еді... Ақындардың құны мен сапасы артар еді, бәсеке күшейер еді. Кімнің кім екені танылар еді. Тіпті әр министрлік ақындарға таласып, қолдау көрсетер ме еді... кім білсін?

Осындай көкірек көзін ашарлық шынайы дүниені тегін жасауға болады ғой деп ойлаймын. Сенбі күні түстен кейін немесе жексенбі күндері ұйымдастырып, шенеуніктерді шақырып, немесе олармен келісіп алып жұмыс орнына баруды ұйымдастырып (әдейі орыс ортаны) өлеңмен рухтандырсақ жақсы болар еді. Кейін кітапқа деген қаржы жағын шенеуніктер ойластырып шешер, ақындардың еңбегі сол кезде еленер. Мүшайра мен «Шабытқа» әділ баға беретін орта осы болар еді...

Өлеңдердің жүретін жолдары - ғаламтор, блог, радио, газет-журналдар... Бақ сынар жері - мүшайралар, «Шабыт», айтыс-жарыстар... Оқырмандары - қазақтілді орта ғана. Неге? Шенеуніктер мен бизнесмендер нені оқып, ненің күйін күйттеп жүр? Қоғамның мұңы мен жырын жоғарғы жаққа жеткізушілер сөз құдіреті емес пе дейсің осындайда. Айналып соғатын проблема баяғы тіл. Тілді қалай дамытасың, егер қазақ тілін жетік меңгеруді қажетсініп отырған, сөз жеткізер аудиторияңыз сізді танымаса. орыс тілді ортаға еркін ене алмасаңыз.

Өлең сөзінің жүрек түбінен орын алу, алмауы оқырманға аян. Саны мен сапасына, сәні мен мәнінен мән бермек түгілі ақындар кім деп жоғарыда отырғандарға сұрақ қойсаңыз, өзіңіз ұяласыз. Бізде ақын бар ма қазір дейді шімірікпестен. Шенеуніктердің «ақынтану» білімі мектеп қабырғасымен шектеулі. Бар атын атап, түсін түстеп таныры - Абай, Мұқағали. Оның өлеңдерін де жарытып жаттамаған. Тіпті, біздің  қазіргі қоғамдағы ақындардың бар-жоғын да білмейді. Қоғамға мынау мынандай деп нақты көсіп айтар ешқандай шешімі жоқ шырматылған толқынға үнсіз ілесіп, жүйесіз бей-берекетсіздікпен кетіп барамыз. Сырт көзге керемет болып көрінген АҚЫН деген халықтың іші мұңы осы, материалдық жағын айтпағанда. Осылардың бәрін жинақтап, іріктеп, талдап, ақындардың жеке шоғырын қалыптастыратын заманды кім орнатар екен деп әлі жүрміз. Қай жерде қанша ақын жүргені де белгісіз. Олардың ең болмас тізімін жинап, жазып алуға «Жазушылар одағының» қатысы бар ма, жоқ па білмедім. Әлде жаңадан сондай қоғам құру қажет пе? Қысқасы ақындар көзге іліккені ілігіп, ілікпегені ілініп-салынып, әйтеуір бір көлеңке қалтарыстарда еңбегі еленбей, сөзді шығын қылып, жан-жақта шашылып жүр.  Қысқасы, «Патшасы ақынын іздеген ел  - бақытты, ақыны патшасын іздеген ел - бейшара»,  деген мақалаға сайып отыр біздің бұл жүрісіміз.

Астанамызды рухани түркі орталығына айналдыратын, ортақ ой бөлісіп, болашаққа нақты қадам жасауға ықпал ететін, «жасамыс буындар» жас буындарға көрген-түйгенін айтып, қоғамдағы жағдайды жоғарғы жаққа (сондай-ақ басқа қалаларға да шығып отыратын) нақты шешімдермен жеткізіп халықпен тығыз байланыс орната аларлықтай жанды әдеби орта құрсақ деген ой.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525