Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2821 0 пікір 2 Тамыз, 2012 сағат 18:21

Оңтүстікте оңды іс көп

Мақтанғанымыз емес, Оңтүстікте оңды іс көп. Соның бірі - ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен облыстың 80 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында «Оңтүстік-Цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының пайдалануға берілуі. Еліміздегі қалаларда жұмыс істейтін цирктер санаулы ғана екенін ескерсек, бұл айтулы оқиғаға куә болуға Ресейден атақты Ю.Никулин атындағы цирктің өнерпаздары арнайы келіп қатысқан болатын.

Шыны керек, жазғы демалыс күндерін оңтүстіктің балақайлары өте қызықты өткізіп жатыр. Өйткені 14 шілдеден 5 тамызға дейін бүлдіршіндер цирк ғимаратындағы Қазақстан мен Ресейдің «Жануарлар әлемінде» атты қойылымын тамашалауда. Бұрындары гастрольге келген цирк өнерін шатыр астында тамашалайтын жұртшылық енді оны ғажап ғимараттың ішінде емін-еркін отырып көруге мүмкіндік алды.

Мақтанғанымыз емес, Оңтүстікте оңды іс көп. Соның бірі - ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен облыстың 80 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында «Оңтүстік-Цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының пайдалануға берілуі. Еліміздегі қалаларда жұмыс істейтін цирктер санаулы ғана екенін ескерсек, бұл айтулы оқиғаға куә болуға Ресейден атақты Ю.Никулин атындағы цирктің өнерпаздары арнайы келіп қатысқан болатын.

Шыны керек, жазғы демалыс күндерін оңтүстіктің балақайлары өте қызықты өткізіп жатыр. Өйткені 14 шілдеден 5 тамызға дейін бүлдіршіндер цирк ғимаратындағы Қазақстан мен Ресейдің «Жануарлар әлемінде» атты қойылымын тамашалауда. Бұрындары гастрольге келген цирк өнерін шатыр астында тамашалайтын жұртшылық енді оны ғажап ғимараттың ішінде емін-еркін отырып көруге мүмкіндік алды.

- Шымкент шын мәнінде еліміздегі үшінші шаһарға айналды. Бұған дейін балаларды жазғы демалысында «Қиял әлемі» техносаябағында серуендетуші едік. Өзімізде цирк ашылғалы бері небір кереметтердің куәсі болып келеміз. Жас цирктің «Балақай, алақай!» атты бағдарламасына бес немеремді ертіп келіп тамашалатып едім. Енді бүгін немерелеріммен бірге Қазақстан мен Ресей сиқыршыларының ғаламат өнерінің куәсі болдық. Балаларға осындай базарлық жасаған облыс әкімі Асқар Мырзахметовке аналық алғысымды білдіремін, - дейді отыз жыл бойы мектепте ұстаздық етіп, бүгінде зейнеткерлікке шыққан Саудаш Нұрдәулетова.

- Өнер атаулы адамды жақсылыққа, ізгілікке баулиды. Әсіресе, баланы жас кезінен мәдени ошақтарға апарып, өнердің сан алуан түріне баулыса, оның болашақта жақсы жолды таңдауына, ұлтжанды азамат болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. «Тәрбие - тал бесіктен» демекші, кішкентайларымыз өнерді көрсін, тамашаласын, соған қызығып, өздері де өнерлі болсын деген ниетпен үш немерем мен қызымды әдейі ертіп келіп отырмын. Оңтүстікті өнерлі өлке етуге үлесін қосып жүрген облыс басшылығы жұмысының жемісті болуына тілектеспін, - дейді қала тұрғыны Кенжегүл Нұрмаханова.

Иә, ердің бағасын елі береді деген осы! Тұсауын Елбасының өзі кесіп, ақжолтай тілегін арнаған жас ұжымда өнер мектебі қалыптасып келеді. Республикаға танымал «Степные маки» цирк ұжымы, Мұстафиндер отбасылық труппасы, эквелебрист Наталья Дерновая, сайқымазақ Дәурен Файзуллаев, шапито «Ringo star» «Оңтүстік-Цирктің» бетке ұстар өнерпаздары. Туылғандарына небәрі үш ай толғанда аренаға шығып «Қара жорғаға» билеген Маймақ, Жайнақ, Мойнақ атты үш қонжық пен сегіз айлық арыстанның күшігін цирк өнерпаздары қазан айында өтетін Халықаралық фестивальге қызу дайындауда. Салмағы 40 келі, ұзындығы 4 метр африкалық Каролина атты әбжылан мен үйретілген иттерді де аң үйретушілер аталмыш өнер байқауына әзірлеу үстінде.

Хайуанаттарды үйретуші мамандарға келер болсақ, арнайы «дресировщик» деген мамандығы жоқ. Дегенмен, қазақта атадан балаға мирас болған құсбегі, атбегілер аз емес қой. Таңдау осындай азаматтарға түсіп, олар хайуанаттардың тұратын жерін тазалап жүріп-ақ олармен дос болып, психологиясын меңгеріп алады. Үш айлық қонжықтарды да осындай жергілікті азаматтар үйреткен көрінеді.

«Денсаулық» тобының сегіз жігіті бұған дейін халықаралық фестивальдерде өнер көрсетіп жүрген «Эксклюзив» брейк данс би тобының бишілері болатын. Цирк ашылғалы бері өнерлілердің басын қосып ортақ бағдарлама аясында даярлап жатқан жоба жетекшісі, еңбек жолын әйгілі Юрий Никулинмен бірге бастаған цирк әртісі, әбжылан үйретуші В.Айтенов. Кір тастарын ұршықша иіріп, бармағымен көтеретін, «темір тұлпарды» тісімен сүйрейтін нарғасқа палуан Бахтияр Түйебаевтың өнері де балақайлардың есінен кетпейтін ғажап құбылыс.

- Астана күні қарсаңында өткен «Азия жаңғырығы» атты цирк өнерінің дәстүрлі V халықаралық фестивалінде өнерпаздарымыз Бекберген Бауыржан, Бағлан Ережепов, Махмуд Ахмедов және Нилуфар Халықбердиева «Факир» нөмірін көрсетіп, 3-орынды жеңіп алды. Отпен өнер көрсету қойылымындағы жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен мейірімділік, ақ пен қара тартысында жақсылықтың жеңіске жетуінің балаларға беретін тәрбиелік маңызы ерекше. Осы орайда, Астана циркінің бас директоры, ҚР еңбек сіңірген әртісі Е.Жолжақсыновтың облыс әкімі А.Мырзахметовке Алғыс хат жолдауы есте қалатын оқиға болды, - дейді гастрольдік жарнама, шетелдік байланыстар және көрермендермен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Арман Әлиев.

Бүгінде «Оңтүстік-Цирк» ұжымында 198 адам еңбек етеді. Жыртқыш хайуанаттарға күтім жасаудың өзі оңай шаруа емес. Алда атқарылар тірліктерді тізбелесек, хайуанаттарды ұстайтын арнайы аңғарлы ғимарат, әкімшілік, қонақүйлер салыну үстінде. Ол біткен соң цирктің штат көлемі тағы ұлғаймақ.

«Оңтүстік-Цирктің» алғашқы қойылымын облыстағы балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүгедек балақайлар, сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылардың 870 баласы тегін тамашалапты. Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы кезде де ұйымдастырылатынын айтады мамандар. Облыстың 80 жылдық мерейтойына арнап жас ұжым қазан айының соңында цирктің барлық жанрлары бойынша халықаралық фестиваль өткізуді жоспарлап отыр. Алғашқы қадамы сәтті басталған өнер ұжымының бағындырар биіктері әлі алда.

Асылнұр Орынбек

«Абай-ақпарат»

0 пікір