Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3044 0 пікір 17 Тамыз, 2012 сағат 15:57

Мырзан Кенжебай. Отаршылдықты дәріптеу және қазақтың жеті қасіреті

Әрине,  біз арғы-бергі тарихымызда орыстан ешнәрсе үйренген жоқпыз дей алмаймыз. Әттең, орыстар: «Бір кезде біз орманда таяқпен аң қуалап, тұз балық жеп жүрген жартылай жабайы болдық. Бүкіл ілім-білімді Шығыстан, қала берді Еуропадан үйрендік дегенді өліп бара жатса да айтпайды. Ал қазақ «адамның күні адаммен» дейді. Сол айтқандай  осынау жұмыршардың бетінде қатар ғұмыр кешіп жатқаннан соң  «халықтың күні халықпен» десеңіз де қателеспейсіз. Жер бетіндегі алуан текті халықтардың тіршілік, тұрмыстық қажеттіліктері де, ілім-білімі де бірін-бірі толықтырып отырады. Мұны да Абай «... жетпесе біріңдікін бірің жеткіз» деп кеткен. Алайда, «жер бетінде жыбырлаған құрт-құмырсқадан бастап, Аллаһтағала ұшан-теңіз ақыл-ойдың кенішіндей қып жаратқан адам-пенденің де өзінің аз ғана ғұмырының өзі кілең алыс-жұлыс, айқас-шайқаспен өтіп жатады. Иә, біз ғана бәрін орыстан үйрендік деуден жағымыз талмайды. Ал орыстардың олардың кешегі Алтын Орданы былай қойғанда бүтін түркі жұртынан алған ілім-білімін, тағлым-тәрбиесін тізбелеп отырудың өзі ыңғайсыз.

Әрине,  біз арғы-бергі тарихымызда орыстан ешнәрсе үйренген жоқпыз дей алмаймыз. Әттең, орыстар: «Бір кезде біз орманда таяқпен аң қуалап, тұз балық жеп жүрген жартылай жабайы болдық. Бүкіл ілім-білімді Шығыстан, қала берді Еуропадан үйрендік дегенді өліп бара жатса да айтпайды. Ал қазақ «адамның күні адаммен» дейді. Сол айтқандай  осынау жұмыршардың бетінде қатар ғұмыр кешіп жатқаннан соң  «халықтың күні халықпен» десеңіз де қателеспейсіз. Жер бетіндегі алуан текті халықтардың тіршілік, тұрмыстық қажеттіліктері де, ілім-білімі де бірін-бірі толықтырып отырады. Мұны да Абай «... жетпесе біріңдікін бірің жеткіз» деп кеткен. Алайда, «жер бетінде жыбырлаған құрт-құмырсқадан бастап, Аллаһтағала ұшан-теңіз ақыл-ойдың кенішіндей қып жаратқан адам-пенденің де өзінің аз ғана ғұмырының өзі кілең алыс-жұлыс, айқас-шайқаспен өтіп жатады. Иә, біз ғана бәрін орыстан үйрендік деуден жағымыз талмайды. Ал орыстардың олардың кешегі Алтын Орданы былай қойғанда бүтін түркі жұртынан алған ілім-білімін, тағлым-тәрбиесін тізбелеп отырудың өзі ыңғайсыз. Оны айтсаң жоғарыда отырған қазақтарың-ақ: «Мынау пантюркист, панисламист бір бәле ғой» деп соңыңа түсуі де әбден мүмкін.  Орыс көршілеріміз өздері айта беретін «великий русский языктың», яғни, «Тургенев тілі» мен «Толстой тілінің ішінде түркі тілінен ауысқан сөздер өріп жүргенін өздері айтпаса да іштері біледі. Әңгіме бір ұлтты артық, екіншісін кем қып көрсетуде емес. Әңгіме жалған дүниеде жарық пен қараңғының, ақ пен қараның, шапағат пен кесапаттың қатар жүретіні сияқты қай халықтың да жақсы мен жаман үрдістері болатындығында. Біз қазақ елін отарлаумен бірге келген және бір ғана қазаққа емес адамзат атаулыға залалы мол кейбір жағымсыз қылықтар туралы айтуды жөн көрдік.

Кешегі Кеңес кезінде қазақты кемсітудің неше түрлі амал-айласы ойлап табылды. «Қазақ - жалқау», «қазақтың 2 пайызы ғана хат танитын еді», «қазақ мал бағудан басқаны білмейді» «ол жартылай жабайы халық еді» дегеннің бәріне қазақтың да, басқаның да  құлағы үйреніп, соған әбден иланып келді. Тіпті, қазекеңнің өзі солай дейтін болды. «Қазақ жалқау» дегенді дәлелдеу үшін жолдың екі бетіне орналасқан екі ауылдың орыстар тұратын жағына электр жарығы, су құбыры тартылып, көшелеріне асфальт төселді. Клубтар, спорт алаңдары ашылды. Әрине, электр, су келіп тұрғасын олар шарбағына, көшелерге ағаш отырғызды, бау-бақша салды, жолдың мына бетіндегі қазақ ауылдарында соның бірі де жоқ. Содан кейбіреулер әдейі сайқалдықпен, енді біреулер өзінің ақымақтығымен: «Анаң қараш! Орыстардың  үйінің алдында ағаш өсіп тұр, бау-бақша, үйлері әппақ! Ал  есігінің алдында бір тал ағашы жоқ анау азып-тозған үйлер қазақтікі. Жалқау бейшаралар ғой», - дейтін болды. Құдайшылығына келсек, сол кезде қыста арқасын аяз қарып, жазда күн ыстаған құлан өтпес, құс ұшпас қу медиен далада тұрмыстың ең ауырын тартып, бәдәуи болып жүргендер тек қазақтар ғана болатын. Оны айтасыз-ау, күні бүгінге шейін сахараның ең бір күн райы қолайсыз, табиғаты сұрықсыз, замана керуенінен шалғайда керең адамның күнін кешіп жүргендер де қазақтар. Олардың қалаға келген ұлдары, біреудің дүкені мен кеңсесінің есігін күзетіп, қыздары әркімнің кафесінің еденін жуып «күнелтіп жүр. Ал, «қазақтың 2-ақ пайызы хат танитын еді, орыстар келіп көзін ашты» дегенде олар біздің араб, парсы тілін білген, бүкіл шығыс мәдениеті мен әдебиетінен көбірек сусындаған ұлт екенімізді әдейі ескермей орысша оқыған-тоқығаны, орысша «нан сұрап жерлігі» бар қазақтарды ғана адам санатына алып айтқан. Бұл надандық «мобильный телефонды тастап, юртаға қайтадан кіруіміз керек пе, сонда» деп тапқырсып сөйлейтін Данияр Әшімбаев сияқты орысша оқыған мен орыстілді қазақтар арасында әлі де жиі кездеседі. Кеңестік орыс отаршыларының қазақтың жүрген-тұрғанын кемсітуінің жүздеген, мыңдаған түрлерін мысалға келтіруге болады. Соның бірі - олар «мы казахов научили стоя сс ...», яғни, «біз қазақтарға түрегеп тұрып дәрет сындыруды үйреттік» дейтіні. Оны айтасыз-ау, олар біздің ақсақалдардың дәрет алғанын, тіпті, әйелімен төсек қатынастан кейін жуынатынын да келекеге айналдырды. Оларға сондай бір сәтте «сендер осы сөздеріңмен-ақ өздеріңнің жабайы екендеріңді дәлелдеп тұрсыңдар. Ішкиімге несеп тамшысы тимеу үшін біздің әкелеріміз отырып дәрет сындырады. Бұл - гигиена. Әйелмен қатынас жасағаннан соң жуыну да - жеке бастың гигиенасы, яғни, тазайындық. Это вы позорите Европу, палцами вытирая ж...» деп айқайлаған ақтөбелік жігітті аға сержант пен екі орыс сарбазы тепкілеп тастағанын да көргенбіз әскерде жүргенде. Не қытай, не неміс, не француз өйтпейді. Мысалы, чукчалар мен қазақтар, өзбектер мен армяндар туралы орыстар айтатын анекдоттардың өзі бірнеше баспатабақ кітап болар еді.

Қазір осының бәрін жоққа шығармақ болып, Кеңес Одағы кезінде ешқандай отаршылдық болған жоқ дейтіндер де бар. Ол - ол ма Сергей Дуванов деген әлде оппозиционер, әлде саясаткер, әлде тәуелсіз журналист: «орыстар қазақтарға қалалар, зауыттар, жолдар, мектептер, кеніштер салып берді. Осылайша өркениет әкелді» деген сияқты баяғы «ұлыорыстық» аурудың «әлқиссасын» тағы қайталай бастады. О заманда да бұ заман, отаршылдықтың жағымды жақтары болды  дегенді де сол Дувановтан естіп отырмыз. («Жас қазақ». № 18. 11.05.2012). Бұл енді не тарихты білмеу, не әдейі қазақты кемсітудің бір түрі. Не надан, не ұлы орыстық ауруы әбден асқынған біреу болуы керек, әнебір жылы бір орыс журналисі қытай азаматынан «Сіздерде бұрын мәдениет болған ба?» деп сұрады. Сонда әлгі қытай: «Сіздер жалаңаш етіңізге тері жамылып, орманда таяқпен аң қуалап жүргенде біздің ата-бабаларымыз кілең жібек пен шәйі шапан киіп, алтын сарайлардағы алтын тақтың үстінде отырған» деп жауап берген еді. Өзіміз болсақ, сол жерде ұяттан өліп кетер ме ек, кім білсін, бірақ әлгі орыс журналисінің беті бүлк етпепті. Ал Дуванов Ресейдің қазақ даласын әртүрлі амал-айламен, қала берді қазақ ауылдарын өртеу, малын айдап әкету, қырып-жою арқылы басып алып, бекіністер салғанын жақсы біле тұра осылай аузына ерік беріп отыр. Егер осы Дуванов Қазақстаннан өзге бір елде осылай десе, қандай күйге түсірер еді... Олар сол бекіністерде өздері көшіріп әкелген орыс поселениелеріне арнап қана мектептер салды. Патшалық Ресей түгіл осы күнгі «демократияшыл», «өркениетшіл» Ресейдің өзі де қалың қазақ тұратын Астрахань (Хажы Тархан), Орынбор, Саратов (Сарытау) облыстарында бірде-бір бастауыш қазақ мектебін ашпай отыр. Орыс отаршылары кеніштерді де қазақтың игілігі үшін емес, қазақтың бүкіл жер асты байлығын өздеріне алу үшін ашты.

Кеңес заманында да солай істеді Мәскеу Қазақстанда құжынаған қорғасын, алюминий, мырыш, фосфор, цемент, химфарм және басқа зауыттарды қазақтар үшін емес тек қана Кремль басқаратын Ресей империясының күш-қуатын арттырып, соның қазынасын молайту үшін салды. Орысшамен ауызданған, орыстілді қазақтар мен әлі де саяси қайраңда қалған қазекемдер ғана қазақты жетістірген орыс деуден танбайды. Қалай дегенде де көзі ашық адам ғой бұл орайда Президенттің кеңесшісі Ермұхамед Ертісбаев: « Орыстар Қазақстанға өркениет әкелді деу дұрыс емес. Оларға орыс мемлекеті қалыптасуына ең алдымен викингтер сонан кейін татарлар басты рөл атқарды десең, өкпелейді»- деуі нағыз шындықтың шамшырағы дерсің. Бірақ Шындық, Ақиқат, Әілет деген үш бейбақтың үшеуі де  ұдайы қамқорлықты, қорғауды,   Әлпеш пен Көркешті қажет ететін жан-дүниесі нәзік, жүрегі сезімтал бір сәби сияқты. Бұл үш перизатқа ұдайы қамқорлық көрсетіп, қорған болып отыруға кім көрінгеннің жүрегі дауалай бермейді. Бір ғұлама «Әйтеуір бір өзгеріс болғанын жұрттың бәрі қалайды, бірақ бір бәлеге ұшырап қалармыз деп үндемейтін де сол жұрттың өзі» деген екен. Олай болмаған күнде қазақтар ұлы, данышпан деген анықтаманы қоспай атын атамайтын не бір жазушының, не бір ғалымның, не ел басқарған  бір көсем мен көсемшелердің

Орыс отаршылары әкелген жаман әдеттер

немесе орыс отаршылары қазақ санасын қалай улады деп  бір алқалы жиын, шарай топта шамырқанып сөйлегенін, «Правда» мен «Известия» түгіл ең болмаса, «Социалистік Қазақстанда» мақала жариялағанын көрдіңіз бе?! Жоқ! Шынында да қазақтар орыс отаршыларынан адамды азғындататын небір жиренішті әдеттерді үйренді десек, оған иманы бар пенде қарсы бола қоймас. Біріншіден, орыстар христиандықты 10-шы ғасырда ғана қабылдаса, қазақтар қасиетті ислам дінін олардан екі ғасыр ертерек 8-ші ғасырда қабылдаған. Орыс отаршылдары ең әуелі қазақты сол қасиетті дінінен айыруға күш салды. Талай қазақты алдап та, қорқытып та шоқындырды. Талай мешіт қиратылды, орнына шіркеулер салды. Олар Қожа Ахмет Иссауйдің кесенесін бір кездері атқораға айналдырды. Сөйтіп, қазақ орыстан дін силамауды, Құдайдан қорықпауды үйренді. Ұтыры келгенде айта кетейік, Шыңғыс хан да, жоңғарлар да өздері басып алған жерлерде орыс отаршылдарына ұқсап мұндай жабайылық, мұндай озбырлық, жасаған емес. Шыңғыс та, Бату да орыстың бір шіркеуін бүлдірген жоқ.

Екіншіден, орыстар қазаққа арақ ішуді үйретті. Қазақ халқы шөлдесе шөл қандыратын, әрі дертке дауа болатын қымыз, шұбат, айран, қымыран, шалап әрі кетсе шай ғана ішкені болмаса, аузына арақ алмаған, оның адамды азғындатып, малдың бір түріне айналдыратынын, арақ ішудің күнә екенін және өзін мұсылман деп білгендіктен оны қолына да ұстамаған. Өздері жаулап алған елді ең әуелі араққа үйрету орыстың ежелгі сұмпайы саясатының бірі. Олар Сібірдің ұсақ халықтарын осылай араққа салындырды.

Сөйтіп, арақ ішуді үйренген қазақ ұлттық намысынан, ұлттық рухынан ұлттық санасынан айрыла бастады. Ал мұндай басты қасиеттерінен айрылған ұлт құлдық бұғауына тез түседі, санасызданады. Оның тұлабойында әлгі қасиеттер мүлде өшіп, өзінде де ендігі ұрпағында да құлмінез қалыптаса береді, яғни тұқым қуалайды. Құлмінез ұрпақ өз ұлтын оны езіп отырған үстем ұлттан кем санайды. Отарлаушы яғни, колонизатор  ұлт не істесе, не десе сонікі  дұрыс, содан үйрену керек деп есептейді. Құлмінез әбден бойына сіңген ұрпақ сөйте-сөйте өз ана тілін,ұлттық мәдениетін силамайтын, өзге тілде сөйлесем мықты, білімді боламын деп ойлайтын рухани мүгедекке айналады.

Үшіншіден, қазақта бұрын кісі өлтіру деген ілуде ғана болмаса өте сирек кездесетін нәрсе еді. Ғайыптан біреуді біреу өлтіріпті деген хабар шықса, бұл хабар аржағы Алтайға, мына жағы Атырауға жетіп, қалың елдің тұлабойы тітіркенетін болған. Кейін арақ ішу қазақ арасына сіңісті болып кеткеннен кейін кісі өлтіру, ұрлық-қарлық уақиғалары жиілей берді, ақыры ол да үйреншікті нәрсеге айналды.

Төртінші. Рас, қазақта қыз алып қашу ертеден бар нәрсе, бірақ оның өзі қыз бен жігіттің өзара келісімімен ара-тұра ғана болатын. Ал пәлен жерде қыз зорлап кетіпті, біреудің әйелін зорлапты дегенді қазақ бұрын естімеген десе де болады. Өйтпек түгіл, айдалада қапшығын арқалап тезек теруге, бүлдірген теруге, бота-бұзауға барған бойжеткенге байдың ерке-шолжың баласы қылжақтап, дөрекі мінез көрсетсе, бұл да ел ішінде ерсі қылықты гу-гу әңгіме арқауына айналған. Қазақ араққа үйренгесін, әсіресе кешегі кеңес заманында қазақ арасында қыз, әйел зорлап сотталушылар көбейді. Яғни бұл да қазақ халқына отаршылардан келген «өркениеттің» бір түрі. Отаршылдар қазаққа әкелген бесінші қасірет нешетүрлі жыныстық аурулары. Бұл аурулар көбіне тазалық сақтамаудан, нас жыныстық қатынастардан болады. Ислам дінін ұстанған қазақ күніге дәрет алып та, әйелімен төсек қатынасынан кейін де жуынып-шайынуды берік тұтынған. Оның үстіне еркек атаулысы түгелдей сүндетке отырғызылған халықтарда мұндай ауру болмайтыны ғылымда дәлелденген. Соңғы жылдары америкалықтардың көпшілігі сүндетке отыруды үрдіске айналдыруда. Халқымызда болмақ түгіл атын естіп көрмеген сифилис, гонорея, триппер сияқты жыныстық аурулар, әсіресе, тың көтеруді сылтау етіп 3 миллионға жуық қашқан-пысқандарды, қылмыскерлер мен әртүрлі моральдық азғындарды Қазақстанға қойша тоғытқан 1950-ші жылдары обадай жайлап кетті. Қазір оған СПИД қосылды. Осының бәрі Қазақстанға не араб елдерінен, не парсы, не қытай, не жапоннан, яғни, Шығыстан емес Батыстан келіп жатыр.

Ал, қазір Қазақстанды жайлап баратқан педофил, гомосексуализм, еркекпен  еркектің жыныстық қатынасы дегендер қайдан, қай елдің телеарналары арқылы келіп жатқанын екінің бірі біледі.

Алтыншыдан, қазақ ата-ана силап, ақсақал силап өскен халық еді. Қазақ ата-ана, ақсақал силамауды да кеңес отаршыларынан үйренді. Өйткені сол кезде оның ұрпағына сенің ата-бабаң надан, сауатсыз қараңғы болған. әке-шешең де сол ескіліктің сарқыншағы,  олардың айтқанын тыңдама деген уағыз, насихат жүргізілді. Ақылы  толыспаған жас тән, жас сана еліктегіш болады. олар ораза-намаздың орнына ойын-сауық, жиын-тойға жиналып, ара-тұра арақ-шарап ішіп, темекі тартуды шен көретін болды. Сөйтіп, анадан безіп -қыз, атадан безіп  - ұл  кетті.  Олар  үлкеннің алдында ізет,  иба  сақтамақ түгіл  оларды   беттен алып,  төске  шабатын, болды.   Бұл көргенсіздік, яғни, әке, ата-бба силамау көркем әдебиеттің де «өзекті тақырыбына» айналды. Соның арқасында кешелі-бүгінгі ұрпаққа Абай сияқты ұлы ақынымыздың озық ойлылығын дәлелдеу үшін оны әулие дерліктей әкесіне қарсы шаптырып қойдық. Кейін байдың  құйыршығы  деп  өз  әкесін, өз  бауырларын ұстап  беретін  азғын,  санасыз,  намыссыз  ұрпақ  келді дүниеге.  Қазір біз  ара-тұра  неге   ұлтыңды, тіліңді,  салт-дәстүріңді силамай,  300 жыл  бойы құлдыққа салғандарды  пір  тұтасың деп өкпемізді айтып  жүрген мәңгүрттердің ішінде міне,  солардың  құлмінездердің ұрпақтары  көптеп кездеседі.   Оларға қазір  сен  қазақсың ғой мұның не десең, «какая разница?» - дейді. Бұл да сол  отаршылдар қалдырған мәңгүрттік аурудың басты  белгісінің бірі. Біз бұл жерде  қазақтың ана тілінен  айрылып, бір-бірімен орысша сөйлесуге қалай көшкені, ол зымияндық  қалай   жүзеге  асырылғаны  туралы әңгіме қозғасақ,  оның «мойны ұзаққа түсіп кетер» еді.

Жетіншіден өз-өзіне қол салу, өзін-өзі өлтіру  мұсылман атаулыға жат нәрсе. Өзін-өзі өлтірген адамның   жаназасын шығарудың  өзі күнә,  исламда. Қазір  қазақтың  қаршадай  ұл-қыздары арасында өзін-өзі өлтіру үйреншікті уақиғаға  айналды.

Мүмкін педофил, еркектің еркекпен жыныстық қатынас жасауы сияқты хайуандарда да кездеспейтін сұмдық Ресейден шықпаса шықпаған да шығар, бірақ, ол да  бізге не Ауғанстан, Пәкістан, Ираннан, не Қытайдан, не араб  елдерінен емес Батыс елдерінен Ресей арқылы  келді ғой.

Иә, бір ел екінші елдің, бір ұлт екінші ұлттың мәдениетін,  әдебиетін, өнерін дамытып отыратыны рас дей қоялықшы. Бірақ  соның өзінде қай ел күшті, қай ұлт сан жағынан басымдау болса, соның мәдениеті мен  өнері, тілі нашарлау елдің, саны аздау ұлттың мәдениетін де, өнерін де, ең сұмдығы тілін де жұтып қояды, жойып жібереді.  Ал мұндай киелілерінен айрылған, әсіресе өз тілінен аулақтап, алшақ қалған ұлт өзін отарлаған  елдің жақсысын да, жаманын да  талғамай бойына сіңіре бергенін өзі де  байқамай қалады. Отаршылдық  саясат жүргізген ел өзінің қарамағындағы  отарланған елді, отарланған ұлтты азғындататын, санасыздандыратын, намыссыздандыратын небір амал-айланың қай-қайсысын да қолданудан аянып қалмайды. Енді олар глобализация - жаһандану дегенді ойлап тапты. Аллаһ сақтап, қазақ ұлты түгелдей санасыз, намыссыз ұлтқа айналудан аман қалып келеді. Әйтсе де  сақтанғанды ғана сақтайтынын әр қаазақ естен шығармағаны дұрыс-ау!

«Абай-ақпарат»

0 пікір