Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3211 0 пікір 14 Тамыз, 2012 сағат 09:25

Ақсай шатқалынан сегіз адамның мүрдесі табылды

Іле Алатауының етегіндегі (Алматы облысы) Ақсай шатқалынан сегіз адамның мүрдесі табылды. Бұл адамдар Ақсай шатқалындағы орманшының үйінде болған көрінеді. Кеше қатты соққыға жығылып пышақталған екі адамның сүйегі шатқалдағы орманшының үйінен, тағы екі ер адам мен бір әйелдің денесі орманшы үйінен  әрірек жерден табылғанын полицейлер хабарлаған болатын. Кеше сондай-ақ белгісіз себеппен және екі адам: орманшы Панайот Захаропуло мен оның ұлы да қаскөйлердің қолынан қазаға ұшырапты. Бүгін полиция қызметкерлері тағы бір адамның мәйіті Ақсай шатқалында жатқаны туралы жедел хабар таратып отыр. Жиыны сегіз адамның неліктен өлім құшқаны әзірге белгісіз. Оларға кімдердің тарапынан қастандық жасалғаны да анық болмай тұр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір