Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2827 0 пікір 10 Тамыз, 2012 сағат 08:18

Нұрлан Сәдір. Малдар

(Зооертегі)

Баяғыдан бері малдар малшылардың қарауында тұрып жатты. Былай бәрі жақсы: малшылар малға белгілі бір мезгілде әлсін-әлсін азығын беріп тұрады, қыста жылы жерде ұстайды, айдағанымен жүрсе, бостан-босқа ақырып ұрып-соқпайды. Былай айтқанда мал сияқты қарайды. Бірақ малдың да түрлі-түрлісі болады ғой, кейбіреулері «осы малшылардың бізге осылай қарауға қандай құқығы бар?» деген әңгіме көтере бастады. Кездесуге қол жеткізілген Үлкен Малшының кіші көмекшісінің кезекті күйеу баласына сол малдың бір тобы барып осы сұрағын қоймай ма?!.

- Енді, сендер мал болғасын біз сендерді асыраймыз, сондықтан білгенімізді істейміз.

- Шындығында сіз бізді асырап осырған жоқсыздар. Ішкен-жегеніміздің бәрі түптеп келгенде - Табиғаттың сыйы.

- Біз де кезінде адам болғанбыз, - деді топ ішінен бір мал. Сосын іле-шала: «Иә, мал болғанымызға бір жағынан өзіміздің де кінәміз бар - мынау кезінде адал-арамды таңдамай шошқа болды, мына біреу шошақайлығынан ешкіге айналды, ал ...»

- Тоқтат! Мал екендігіңді дәлелдейтін белгілерің толып жатыр: өздерің не десе де көне бересіңдер, қораға кіргізсек, кіре бересіңдер, ішкен-жеген жуындыларыңа ризасыңдар, ұрсақ та, тіпті өлтірсек те қыңқ деген дыбыстарың шықпайды. Осыдан соң енді мал емей, несіңдер? Мал еместіктеріңді дәлелдеңдер, міне, сонда әңгіме басқа! Әйда пошел, кет!

(Мен осы әңгіменің еріксіз куәсі болып, малдарды қатты аяп кеттім. Бір жағынан мал болғаны үшін өздеріне де обал жоқ. Негізі, мал болмаудың жолын мен тым жақсы білем, бірақ қорқам. Әй, өзім де малмын-ау!...)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2282
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618