Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3008 0 пікір 10 Тамыз, 2012 сағат 08:06

Өмірзақ Ақжігіт. «Жай жатқан жер жау шақырады»

(жолсапар күнделігі)

Мақала тақырыбын тырнақшаға алып отырған себебіміз, біріншіден, бұл сөз қазақ мақалы, екіншіден, осыдан біраз жыл бұрын баспасөз бетінде жазушы Смағұл Елубай ағамыздың осы атпен көлемді мақаласы жарық көрген болатын. Ал, оның нағыз өмірдің шындығынан туған сөз екеніне біз Атыраудан Көкшетауға дейін жүріп өткен сапарымызда тағы бір рет көз жеткізіп қайттық.

Екі жарым мың шақырымға жақын осы екі арадағы күре жолдың бойында, сенесіздер ме, елді мекен жоқ есебі. Барының өзі не себепті екені белгісіз жолдан үш-төрт шақырым алыс орналасқан. Елді мекен жоқ болғаннан кейін жол үстінде жүрген ел де жоқ. Біз Қостанайдан шығып, Солтүстік Қазақстан облысының аумағына енгеннен кейін бір жарым сағат жүргенде барып жалғыз жеңіл автокөлік қарсы ұшырасты.

Ел болмаған соң даланы жайлаған мал да жоқ. Осыдан үш жыл бұрын алғаш рет теріскейде Астанадан автокөлікпен Көкшетау, Петропавл, Қостанай бағытында жүріп өткен кезімізде малдың жоғына таң қалып, елден оның сырын сұраған болатынбыз. Олардан «мал ұстау өте тиімсіз, етін, сүтін апарып сатып келу - ақырет» дегенді естіп едік. Кәзір малдың одан да азайып кеткені байқалады. Солтүстіктегі елді мекендер арасына оңтүстіктегідей құжынап қатынап жатқан автобус, маршруткалар да болмайды екен. Ары кетсе облыс орталығынан аудан орталығына күніне бір рет шығатын көрінеді. Таңғртеңнен кешке дейін жүргенде жолда бір-екі аутобус қана көресіз.

Жол бойындағы ауылдың бәрі тозып кеткен. Салынған жаңа үй мүлдем көзге түспейді. Салмайтын себебі ондағы ел өспейді. Орыс жастары Қазақстанда мектепті, университетті бітіріп Ресейге кетіп жатыр, қазақ жастары қалаға кетіп жатыр. Қостанай, Рудный, Петропавл секілді қалалар оралмандардың арқасында әжептәуір қазақыланып қалған екен, олардарды  әкелуді өкімет ресми түрде тоқтатты. Бұл қазақша айтқанда өз кінәсін өзгеден көру, орысша айтқанда «сваливать с больной головы на здоровую».

Айналып келгенде, түгін тартсаң майы шығатын, шыбық ексең шынар шығатын дархан дала бос жатыр. Оралдан Павлодарға дейінгі алып аймаққа Қытай мен Ресейдегі, Өзбекстан мен Моңғолиядағы 5 млн. қазақты бес жылдың, ең арысы он жылдың ішінде алып келуіміз керек. Біздің бүгінгі ең күйіп тұрған мәселеміз осы болуға тиісті! Әйтпесе, «Еділдің бойы ен тоғай, ел толтырсам деп едім! Жағалай жатқан сол елге, мал толтырсам деп едім!» деп аҺ ұрған Махамбет атамыздың арманын патша өкіметі кескен еді. Кеңес өкіметі болса ресми түрде бізді атақоныс Еділден айырып тастады. Бүгінгі қауіп ол кездегіден де күшті. Осы бетімізден таймасақ, бұл жақтағы елдің еті үйрене берсін деп алдағы 20 жылда 20 млн.қытайды қазақ еліне сіңдіру жайлы жоспарын интернетке тастап отырған көзі қысық, ісі қисық көршіміздің қалай жерімізді иеленіп алғанын байқамай да қаламыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір