Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4692 0 пікір 9 Тамыз, 2012 сағат 06:42

Серік Ерғали, мәдениеттанушы. «Айың тусын оңыңнан…»

Қазақтың осы бір тіркесі «Қыз Жібек» филміне қатысты жазылған әннің өлеңімен бірге туғандығына күмәндіміз. Ай мен Күнді аспандық қана емес, рухани бағдар, нышан еткен ата-бабаларымыз бұл тіркесті әлдебір жағымды астрологиялық жоралғыға қатысты бейнелеп кетсе керек.   
Шынында да, айдың оңынан тууы болса, ол қандай тұрпатта? Ол үшін айдың «тууынан» «өлуіне» дейінгі мерзімдегі оның үш пошымына назар аударайық:
1.    айдың «арқасын» (дөңес беті) солға беріп, «жүзін» (ойыс беті) оңға бере туылған жаңа айдың жартыкеш сияғы;
2.    айдың толысқан дөңгелек жүзі;
3.    айдың «арқасын» (дөңес беті) оңға беріп, «жүзін» (ойыс беті) солға беретін жартыкеш сияғы.

Айдың бұл үш фазасы да қазақтың сәйкес түрдегі «туған ай», «толған ай» және «өлген ай» ұғымдарымен берілген. Алайда, соңғы тіркес мейлінше қолданыста жоқ, себеп, қазақтың айды «өлтіруге» тырыспауында.
Қазақтың жоғарыда келтірілген танымдарынан қол үзе бастаған бүгінгі ұрпақ айдың аталмыш үш сияғын (аналог) «жарты ай», «толық ай» деп тұрпайы атайтын болды. Мәселен, «қызыл жарты ай» деп соғатын болдық, оны қазақы ұғыммен «туған ай» немесе сәйкес түрде «толған ай» десек жетіп жатыр.Тіпті, соңғысы қыздарымыздың есімі болғалы неше ғасыр: Толғанай!

Қарастырып отырған тақырып аясында бір мәселеге тоқтамай кете алмаймыз. Ол бүгінде бейіттер мен мешіттерге қадалып жүрген айшықтар қақында. Әдетте бейіттің құлыптасына, төрт құлағына айшық орналастырады, бірақ көбіне оған «өлген ай»  қойылады, дұрысы о баста қойылып келген. Бүгінде оны қалай болса солай қойа салу дәстүрге енді.
Айдың бейіт басына қойылуының өзі халқымыздың иман-сенімінен туындайды.Және де бейітке айшық қойу тікелей исламға қатысты дегенге күдікпен қараған жөн, шамасы бұл ежелгі түркітекті халықтардың танымынан туындаған нышан болса керек. Оған бойлайтындай, талай мысалды келтіретіндей жағдай бар.Міне, сол танымнан туындайтын тұжырым мынау: «өлген ай» - одүниелік нышан, ал «туған ай» - бұдүниенің проекциялық бейнесі, бұлар - бір біріне ішінара қарама қарсы, полярлық ұғымдар.
Ендеше, бейіттің басына оңынан туған айды ата-бабамыздың қойуы тіпті де мүмкін емес. Керісінше, түркілік танымнан бастау алатын, оның нышандарын, атрибуттарын исламға бейімдеген сопылық негіздер бойынша мешітке тағылар ай «оңынан туған» айшық болып табылады. Бұл жайтты араптар оп-оңай шешкен: оларда айды шалқалай қойады, себеп - түркілік күрделі аспандық таным оларға жат. Жағымсыз ауарайды білдіретін шалқалай жатқан айды түркілер ешқашан орнатпас еді!
Бір қызығы, 2001 жылы Таяу Шығысқа сапарымда ол жақта айдың жазда да шалқалай туатынын байқадым. Ендеше әр халық өз жағырапиясына сай айдың пошымын да таңдаған болып шықты.
Айдың оңынан тууын қазақ жақсылыққа балайды және ол аспанған қарай, жүзін оңға бере туылған ай пошымы. Иманымыздың да оңынан болуын қаласақ, танымымызға да бір ауық назар аударып, дүниетаным аспанында адаспау жағын ойластырғанымыз абзал. Иман,мешіт,туған ай - бәрі де оңды құбылыстар мен таным нышандары, абай болайық. Оңды пошым жағымды жайтты, теріс пошым жағымсыз жайтты тартады...

«Абай-ақпарат»

0 пікір