Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2623 0 пікір 6 Тамыз, 2012 сағат 09:01

Алтын жауып жатыр!

ХХХ жазғы Олимпиада ойындары орта шеніне жетіп қалды. Бейресми есеп бойынша, Қазақстан ұлттық құрамасы алтыншы орында тұр. Велошабандоз Винокуров бастап берген жеңіс жолын ауыр атлеттер - Чиншанло, Манеза, Подобедская, әйгілі Ілия Ильиндер жалғастырып әкеткен болатын. Кеше, жексенбінің кешінде жеңіл атлет Ольга Рыпакова Қазақстан қоржынына алтыншы алтынды салды. Үш қарғып секіруде 14 метр 98 сантиметрге секірген жерлесіміз жүзден жүйрік шықты. Ал, шындығына келсек, біздің Ольгамен жарыс жолына түскен он екі спортшының осалы жоқ еді. Афина олимпиадасының чемпионы ресейлік Татьяна Лебедева, әлем біріншілігінде топ жарған украиналық Ольга Саладуха. Немесе Колумбия сенім артқан Катерина Ибаргуен... Бұлардың қай-қайсысы да болмасын садақтың оғындай атылатын саңлақтар-тұғын. Сондай саңлақтардың алдында дара келген қазақтың Ольгасы: - Олимпиада чемпионы атансам ғой деп бұрын армандаушы едім. Енді, міне, дегеніме жеттім. Ойындарға бір апта қалғанда сәл сырқаттанып қалып едім. Сол дұрыс болған сияқты. Біраз тынығып алдым. Өткенде Елбасы қабылдады. Батасын берді. Тілегі қабыл болды, - деп жатыр журналистерге ағынан ақтарылып.

Әнұранымызды әуелетіп, көк байрағымызды Тұманды Альбионның көгіне көтеруді  енді сайыпқыран балуандарымыз бен былғары қолғап шеберлеріміздің маңдайына жазсын.

Алтын жауып жатыр! Үміт еткен спортшыларымыз Алаштың даңқын асырып жатыр. Бәрі айналып келгенде, қазақтың мерейін үстем етуде. Елге еге болдық деген - осы. Мейірлен, алаш! Ұранда, Алаш баласы!

«Абай-ақпарат»

0 пікір