Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3058 0 пікір 3 Тамыз, 2012 сағат 08:47

Өмірзақ Ақжігіт. Дала мен қала: бүгінгі бейне

(жолсапар күнделігінің жалғасы)

Әулиеде дәрет сатқан...

«Ақшаның иісі болмайды»

Веспасиан, Рим императоры

Уәде еткендей сапарнамада Қызылорда облысы жайлы әңгімеге көшпестен бұрын нағыз бұрынғы қазақы қалыпты барынша сақтап қалған, бір көргенін қағып алатын барынша алғыр да қабылетті, бейімделгіш те еліктегіш, сол себепті жақсыдан да, жаманнан да, әсіресе соңғысынан  тек бірінші орында жүретін өзіміздің туған өлкеміз Оңтүстік Қазақстандағы қандастарымыз жайлы бір-екі ауыз сөз айта кетуге мәжбүрміз. Мәселе әулиелі орындар басындағы ...дәретханалар жайлы. Бұл айтатын сөз қалмағандықтан емес, айтпасқа амал қалмағандықтан екенін оқырман қауым түсініп отырған шығар деген ойдамыз.

(жолсапар күнделігінің жалғасы)

Әулиеде дәрет сатқан...

«Ақшаның иісі болмайды»

Веспасиан, Рим императоры

Уәде еткендей сапарнамада Қызылорда облысы жайлы әңгімеге көшпестен бұрын нағыз бұрынғы қазақы қалыпты барынша сақтап қалған, бір көргенін қағып алатын барынша алғыр да қабылетті, бейімделгіш те еліктегіш, сол себепті жақсыдан да, жаманнан да, әсіресе соңғысынан  тек бірінші орында жүретін өзіміздің туған өлкеміз Оңтүстік Қазақстандағы қандастарымыз жайлы бір-екі ауыз сөз айта кетуге мәжбүрміз. Мәселе әулиелі орындар басындағы ...дәретханалар жайлы. Бұл айтатын сөз қалмағандықтан емес, айтпасқа амал қалмағандықтан екенін оқырман қауым түсініп отырған шығар деген ойдамыз.

Сансыз бабы бар Сайрамдағы Ибрагим атаның, бабтардың бабы Арыстан баптың, түмен бапты Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың басына барғанда мұсылмандық ғұрыппен әдеттегідей дәрет алдық. Сонда байқағанымыз беті-қол дәретін алатын жер әжетханадағы іш дәрет алатын жермен бірге екен. Бұның мұсылмандыққа қаншалыққа сай келетінін біз білмейміз, бірақ этика мен тазалыққа сай емес екендігі анық. (Тек Маңғыстаудағы Бекет атаның басында ғана ол екеуі екі бөлек жерде). Мейлі, онысына да көнейік, бірақ, Арыстан бап жатқан Шәуілдір кентінде дәретханаға вокзалдардағыдай ... ақша төлеп кірдік. Жалпы, осындай адам қажеттігін алыпсатар саудагерлікке салу - сол елдің өркениеттік деңгейінің көрсеткіші. Бірінші рет бұл дәстүрді римдік император Веспасиан енгізген. Және оны «ойма тазға - он теңге, қырма тазға - қырық теңге, сиса да бер - бес теңге, симаса да бер - бес теңге, сал к... іңді керсенге» деп, қазынаға ақша табу үшін небір салық түрін салған қазақ эпосы «Мұңлық-Зарлықтағыдай» амалының таусылғандығынан, соғыс жүргіземін деп қаржысы қалмағаннан кейін істеген. Ал, біз ешкіммен соғысып жатқан жоқпыз ғой! Қазынамыздағы қаржымыз да жетерлік. Жыл сайын орта есеппен 40 млрд.теңге игерілмей қалып жатады. Ендеше осы дәретханаларды ақылы ететіндей басымызға не күн туды?! Сол вокзалдар мен базарлардың табысы осы бизнеске қарап қалып па? Олар да мейлі, Шәуілдірдегідей әулиенің басындағы дәретхананы ақылы еткен не сұмдық? Түркістан одан да асып түскен - мұндағы туалет бірнеше айдан бері бітпейтін-қоймайтын жөндеуде, ал сіз дәрет алу үшін көшенің қарсы бетіндегі ақылы әжетханаға барасыз. Оның ақысы Қазақстанның еш жерінде жоқ - 50 теңге.

Әкімшіліктердегілердің құлағына алтын сырға. «бізде әр басшы - өзі қожайын, не істесе де өздері біледі» деп, елді бұрынғыша жайып жіберіп қарап отыра бере ме, жоқ әлде «бұнымыз масқара екен» деп, олардың ұятын оята ма...

 

«Қазақ ұйықтап жатқан жоқ»...

Қызылордада екі кездесу болды. Біреуі партия ұйымдарының жергілікті басшыларымен, екіншісі ғылыми-зерттеу орталық болып саналатын Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханың керемет ғимаратында оқу орындарының оқытушыларымен, шаруашылықтардың бұрынғы басшыларымен. Әсіресе, екінші кездесу ғибратты  өтті.

Әңгіменің түйіні «қазақ ұйықтап жатқан жоқ» дегенге сайды. Бірақ.. Баяғыда биліктегілер бір басшыны тікелей жазалауға батпай, тоғай ішіне апарып, талға жалаңаш байлап тастапты. Ертесіне жанашыр бір адам барып, әлгінің денесіне жабысып тұрған қалың масаны қуайын десе жазаланушы қудыртпапты. «Көрмейсің бе, бұлар әбден тойды. Оларды қусаң, орнына аш масалар келеді» депті. «Халық билікті осы себепті «жақсы көреді» деді сөз алған шешеннің бірі.

«Дегенмен, қазақ ұйықтап жатыр» деуге келмейді. Тек ол төзімі шектен шығатын кезді ғана күтіп отыр. Мысалы, осы Қызылордада тоқсаныншы жылдары «базар көтерілісі» орын алды. Ел ереуілге шықты. Оған себеп не еді? Себеп базар басшыларының тойымсыздығы болды. Олар жалға беріп отырған орнының бағасын бір көтерді, халық шыдады. Екі көтерді, халық шыдады. Үш көтерді, шыдады. Оған да тоймай, енді жол бойында жаймасын жайып, болмашы затты сатып отырғандардан ақша жинауға кіріскенде халық дүр көтерілді. Міне, бүгінгі билік те осындай бір оғаш, шектен шығар шешім қабылдайтын бола қалса, бүкіл ел көтеріліп кетуі мүмкін».

Кеңес Одағы кезінде одақтық бәйгенің алдын бермеген, атақты  «Қармақшы» кеңшарының 25 жыл директоры болған  Исағали ақсақалдың пікірінше бүгінгі игерілмей жатқан жерге салық салынатын болса, «сіріңкенің» рөлін сол шешім ойнауы мүмкін. «Ел жерді игере алмайды. Игеру үшін қаржы, техника керек. Жеке шарауға айналып кеткен халықтың қолында ол жоқ. Оны сатып ала қояйын десе несие алу да азап. Мен 1997 жылға дейін кеңшарды таратпай, ұстап келдім. Ақыры, қысымға шыдай алмадым. Бүгін сол гүлденген кеңшарыма барсам, жаным ауырады».

Зиялы қауым өкілдерінің пікірінше халықтың рухын көтерер қадамдарға бармаса, бүгінгі билік ауысар кезең елге ауыртпалық алып келуі әбден мүмкін... Ал, әзірге ондай пиғыл билік тарапынан байқалар емес. Ең болмағанда өзі барлық жағынан ұқсауға тырысып жатқан, үлгі тұтып, айтқанын екі етпей отырған Ресей басшылығы секілді «ана капиталын» көтерудің орнына, ел басымыз «көп баланың керегі жоқ, одан-дағы тиімділігі (?!) жоғары 3-4 баланы асырап-жетілдірген жақсы» дейді. Бүгін осылай десек, ол сөзіміз ертең іс жүзінде батыс елдеріндегідей жалғыз балаға айналып шыға келері сөзсіз.

Ойпырмай, қазақты көгертпес үшін біздің билік енді не ойлап табар екен?..

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505