Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4777 0 пікір 3 Тамыз, 2012 сағат 08:38

Арон Атабек. Қазағым мені ұмытпаса екен

Алматы қаласының етегіндегі шырғалаңы мол Шаңырақ оқиғасына қатысты істі болып кеткен азамат, күрескер ақын Арон Атабектің Алаш жұртына мұң шағып жазған хатын жариялап отырмыз. Хат негізінен Қызылорда қаласында тұратын белгілі қоғам қайраткері, ұлт азаттығының ұраншысы Сағат Жүсіпке арналған екен. Біраздан бері Abai.kz ақпараттық порталының тұрақты авторы болып келе жатқан Сағат ағамыз хатты біздің редакциямызға жолдап, жарық көруін, Арондай азаматтың арман тілегі қалың қазаққа жетуін қалапты. Біз де ол тілекті құп көрдік.

«Абай-ақпарат»

Армысыз, аса қадірлі Сағат аға!

Хатыңызды алып бек риза болдым. Өзіңіздей азаматтар мені ұмытпаса,  қазақ халқы мені ұмытпайды деп білемін.

Сәке! Өзіңізді қарапайым адам, интернет оқушысы ретінде таныстырғаныңыз онша келіспейтін сияқты. Сіздің беделді қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат екеніңізді бүкіл Қазақстан сонау «Перестройка» кезінен жақсы таниды. Мен өзім де Сіздің өткір мақала, сұхбаттарыңызды оппозициялық газеттерден оқып тәнті болған едім. Ар жағын айтпай-ақ қояйын....

Алматы қаласының етегіндегі шырғалаңы мол Шаңырақ оқиғасына қатысты істі болып кеткен азамат, күрескер ақын Арон Атабектің Алаш жұртына мұң шағып жазған хатын жариялап отырмыз. Хат негізінен Қызылорда қаласында тұратын белгілі қоғам қайраткері, ұлт азаттығының ұраншысы Сағат Жүсіпке арналған екен. Біраздан бері Abai.kz ақпараттық порталының тұрақты авторы болып келе жатқан Сағат ағамыз хатты біздің редакциямызға жолдап, жарық көруін, Арондай азаматтың арман тілегі қалың қазаққа жетуін қалапты. Біз де ол тілекті құп көрдік.

«Абай-ақпарат»

Армысыз, аса қадірлі Сағат аға!

Хатыңызды алып бек риза болдым. Өзіңіздей азаматтар мені ұмытпаса,  қазақ халқы мені ұмытпайды деп білемін.

Сәке! Өзіңізді қарапайым адам, интернет оқушысы ретінде таныстырғаныңыз онша келіспейтін сияқты. Сіздің беделді қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат екеніңізді бүкіл Қазақстан сонау «Перестройка» кезінен жақсы таниды. Мен өзім де Сіздің өткір мақала, сұхбаттарыңызды оппозициялық газеттерден оқып тәнті болған едім. Ар жағын айтпай-ақ қояйын....

Біз бәріміз саяси күресті ертеректе бастасақ та (1986 жылы стихиялық түрде, 1989 жылы  саналы ұйымдастырушы ретінде)  жеткен жетістіктеріміз аз.  Оған объективті және салмақты себептер көп. Айталық, Ресейде революциялық процесс  1 ғасырға жуық созылды (1825 ж. - декабристер, 1917 ж. - революция!). Ал, қазаққа бар болғаны 5 жыл бұйырды (1986-1991жж!). Баяғы «Алаш-Орда» кезеңін есепке алмай отырмын  -  себебі сабақтастық (преемственность) болған емес. Біз өзіміз жаңғыртамыз деп талпынған «Алаш» партиясының күні  әлі де бұлыңғыр (1990).

Бұған қоса, сол «Қайта құру -Перестройка» кезінен аты шыққан ұлтжанды күрескер буынның да мерзімі аяқталып келеді!  Өкінішке орай, әрине. Мен өзім келесі жылдың қаңтарында 60 жасқа толамын. Сіз өзіңіз менен үлкендеусіз. Өзіңіз жақсы танитын Ғазиз, Дос, Жасарал және басқалар жас жағынан сол шамада. Және саяси практикалық әрекеттері  әртүрлі:  Сөз бен  Істің алшақтығы бар. Қазаққа осы кезеңде аса қажетті РАДИКАЛИЗМ қасиетінен олар жұрдай! Ал Радикализм болмай, Сөз бен ІС қосылмай - қалғанының бәрі мылжың сөзге, малта езуге айналып кетеді.

Менің жағдайымды қиындататын тағы да бір жәйт  -  бүгінгі билік бүтіндей жаңармай, мен бостандыққа шықпаймын! Шансон (блатная песня) әнінде айтқандай: «На двоих у нас один звонок!».

Осы тар қапаста отырған жағдайымда менің күрес жолын жалғастыруыма қандай амалдар бар? Меніңше, 2 ғана жол бар:

1.      Тарихта  нағыз қазақ азаматы, ұлт патриоты, күрескер және революционер кейпінде қалу. Ол үшін мен бұрын да РЕЖИМ алдында ешқашан еңкейген емеспін, қазір де ғұмырымның соңына дейін, сынбай, сатылмай өтемін деп сенемін. Себебі, келесі буындарға  ӨНЕГЕ, ҮЛГІ, ИДЕАЛ тұтатын адамдар керек. Мен болайын, басқалар болсын,  -  көбірек болғанымыз дұрыс. Сонда ғана Исатай-Махамбет, Кенесары-Наурызбай  РУХТАРЫ  жанданады!

2.      Саяси күрес процесі кезінде жинақталған САЯСИ және ӨМІРЛІК  тәжірибемді кітап ретінде келесі буындарға мұра ретінде қалдыру.

Айтпақшы,  «Мәңгүртстан» деген кітаптың авторы мен емеспін. Мүмкін болса, интернет-распечатка күйінде маған беріп жіберерсіз.

Дегенмен, мен өзім оннан  аса кітап жазып шығарған адаммын. Оның толық тізімі интернетте бар.  Кітаптарымның тізімі интернетке шыққан бойда мені Арқалықтың түрмесіне («крытка»), оның ішінде ПЛС учаскесіне («Пожизненное лишение свободы») аударған еді!

Қазаққа, әрине, фундаменталдық тұрғыда жазылған да кітаптар керек. Айталық, менің «Шаңырақ   -  Восстание бездомных» және «Сердце Евразии или Великий Арииский Қағанат Алтын Орда» атты еңбектерім де бар. Бірақ, онша кітапқұмар емес қарапайым халыққа шағын Брошюра-кітаптар, ең бірінші кезеңде қажет беп ойлаймын. Кезінде (1991ж) Москвадан мен «Алаш и Казахская нация» кітапшамды 100 мың тиражбен шығарып, оны жігіттер бүкіл Қазақстанға таратып жіберген еді. Меніңше, ұлттық және саяси-күрескерлік сезімді ояту үшін бұл қажет шара болды.

«Каждая книга имеет свою судьбу»  - деген даналық сөзді жақсы білеміз. Жоғарыда аталып кеткен «Сердце Евразии...» кітабым (қолжазбам!) жөнінде арнайы айтқым кеп тұр. Осы кітапты мен Арқалық түрмесінде, одиночка камерада отырып жазып шықтым. Оны «бостандыққа» шығаруға ешқандай мүмкіндік болған жоқ. «Крытка» деген түрме  -  ол лагерь емес, шыбынның өзі еркін кіре алмайды да, шыға алмайды да. Сондықтан мен осы кітапты (қолжазбаны!) ҚР Бас Прокуратурасына жібермекші болдым. Талап  - осы кітапқа  Саяси-Праволық экспертиза жүргізілсін: ҚР Конституциясына осы еңбек сай ма,  сай пе? Менің бұл сауалыма мынандай екі жауап болуы мүмкін еді:

1.      САЙ  емес  -  яғни кітапта антиконституциялық тұжырымдар . Онда мені қайтадан СОТТАП, тағы да 18 жыл мерзім берсін!

2.      САЙ  -  яғни осы кітапта ешқандай антиконституциялық тұжырымдар жоқ. Бар болса САНАЛЫ СЫН («разумная критика») бар, жалпы демократия заңдарына сәйкес! Бұл жағдайда маған кітабымды интернетке жеткізіп, баспаханадан шығаруға рұқсат берілсін!

Бірақ, әрине, бұл өтінішім де орындалған жоқ. Сөйтіп, 2 жыл ПЛС-е өте шықты.  Этапқа 1 сағат қалған кезде (21 февраль,  2012 ж.) мені оперлер кабинетіне шақырып алып сөйлесті. Мағынасы  -  ақсақал, осы Сіздің кітабыңыз біз үшін пәле болды. Астана тексеріп СИЗО-да бұл қолжазба шығатын болса,  шмон («обыск») кезінде, біз жоғары жақтан сөз еститін боламыз.

Мен әрине, Заңға сәйкес, қолжазбаны Бас Прокуратураға кезінде жіберу керек еді, ал енді өз обалдарың өздеріңе дедім. Сөйтіп қарауылдар менің 2 қоржынымды ("кешари") көтеріп, мені вагонзакқа салып жіберді. Поезд зәулім жылдамдықпен алға тартты. Бір кезде конвойшылар обыск жасауға келді («Армейский шмон»). Менің сумкамды ашты да  - есікке қарай  «Взрывчатка!» деп айқайлай қашты.  Қарасам, сумканың ішінде шынында да  взрывное устройство -жарылатын зат сияқты, бір үлкен нәрсе жатыр. Шығарып қарасам  -  бұл менің Самоделка Гантелім, яғни 15-шақты 1-литрлік бөтелкелер, іші толған су, бір біріне шүберекпен байланған, маталып қойылған! Мен өзім спортты жақсы көретін адаммын, жаттығуды түрмеде де тоқтатқан емеспін. Бірақ, бұл гантелімді  мен камерада қалдырып кеткен жоқпын ба?!

Гәп басқада екен. «Сердце Евразии» деген қолжазбам Бас Прокуратураға кетпесін деп  - менттер   сумкада жатқан 2 дәу пакет (іші толған қолжазба!) пен бір  іші кітапқа толы дорбамды және канцелярканы (дәптер, ақ қағаздар) ұрлап әкеткен екен! Орнына, салмағы білінбесін деп  -  осы самоделка-гантелімді салып жіберіпті!

О, тоба! Қазақ, әрине, тентек халық  - мал ұрлайды, қыз ұрлайды! Бірақ, біреудің қолжазбасын ұрлау деген қайдан шыққан «мода»?!  Тем более, ұрлық жасамай-ақ, «изъятие» деген заңды әрекет жасауға болар еді ғой! Кәдімгідей, протокол жасап, тәркіленген заттардың аттарын жазып, қол қойып, маған осы «протокол-изъятие» деген құжатты қолыма ұстатып! Ал, «ұрлық»  - бұл ҚК-ң 175 бабы ғой, 10 жылға шейін мерзім беріледі! Ал, Заң қорғаушылардың өздері ҰРЛЫҚ істесе  -  тіпті МАСҚАРА емес пе?

Қысқасы, Қарағанды СИЗО-на жеткен бойда Бас Прокуратураға осы оқиға жайында Арыз-Шағым жібердім. Қаражал лагеріне келген соң Бас Прокуратурадан жауап келді: Менің арызым Қостанай облыстық прокуратурасына, ал одан Қостанай облыстық Ішкі істер басқарамсына (ІІБ), одан Арқалық ІІБ-е тексеру үшін жіберілген екен. Жауаптың авторы  -  Заместитель начальника управления по надзору Генпрокуратуры РК  К.Малдыбаев (02.03.2012 ж. № 2-0109-12-11358).

Бірақ, баяғы жартас - сол жартас. Одан кейін не болғаны белгісіз. Сөйтіп, жауапты мекемелер бір біріне «Отписка» жазып, істі ҚҰРДЫМҒА айналдырып жіберді, білем!

Әрине, осы іске ОБСЕ және БЮРО по правам араласқанда  - бәлкім нәтиже басқаша болар еді. Бірақ, оларға Арызды жеткізу үшін  -  алдымен интернетке шығу керек. Ал менде мұндай мүмкіндік жоқ. Правозащитниктер маған 2 жылда 1 рет ғана келді. Журналистер болса қарасын да көрсетпейді. ОППОЗИЦИЯДАН нақты көмек күту  -  бұл нағыз  «наивняк» (балаша сену) болар еді. Ал ЮРИСТЕРГЕ жүгінсек  - «Шаңырақ» процесінде топырлап жүрген 30 шақты қорғаушылардың өздері жоқ болып кетті! Ең болмаса,  Бас Прокуратураға Надзорный жалоба жазуға шамалары жетпеді. Ал, мен өзім жазған арыздар түрме қабырғасынан шығып бірден ҰҚК-нің архивіне жеткізіледі.

«Рукописи не горят» деген тағы да бір дана сөз бар. Дегенмен, әрбір кітабым,  - туған баламдай ғой! Бір баламды жоғалтып алғандай болдым. Әрине, керек болса, мен осы кітабымды қайтадан жадымды жаңғыртып жазып шығамын. Бірақ, әзірше творчестволық жұмыспен айналысуға жағдай жоқ.

Мен Қаражал лагеріне 4 мартта оралдым. Ал, 9 апрель күні КИЧА (карцер) деген жазалау жеріне апарып қамап тастады. Тымау тиіп және  пневмония ауруым қозып, ауыр халде төсек тартып жатқаныма қарамай  -  осы КИЧАҒА тағы да кіргізді. Екі жыл бұрын осы Кичада 6 ай өткізіп -  Арқалыққа кетіп едім. Енді сол сценарий қайталанатын сияқты. Осы жолы маған 3 ай ПКТ ("помещение камерного типа") берілді. Оның  үстіне 24 күн рет ретімен қосылып (ни за что) келе жатыр  -  ол ШИЗО («штрафной изолятор»). Бәрін тұтас есептегенде - 3 августа шығуым керек. Оған дейін мені нақты қайда  жіберетіндері де айқындалады.

Мінеки, қысқа қайырғанда жағдайым осындай. Әрине, бүгінгі таңда мен сияқты белгілі политзекке (саяси тұтқынға.-ред) Сталин заманындағы  пыткалар, яғни тәнді қорлап, қинау тәсілдері қолданбайды. Бірақ, ПСИХИКАЛЫҚ пыткалар  -  өте көп. Мысалы, Арқалықта 2 жылда бірде бір рет телефон арқылы үймен сөйлесу, бірде бір свиданка берілген емес! Үйден 1-ғана хат алдым, олар менен 2 хат алған екен. Және ПРОВОКАЦИЯЛАР көп. Мақсаты  -  қалай болса да КИЧАДАН  лагерьге шығармай ұстау! Байқасам, 6 жыл болыпты отырғаныма, соның ішінде бір жарым жыл ғана лагерьде қара жер  басып, ауа жұтып жүріппін. Қалған 4,5 жыл  - үнемі «под крышей», яғни қамауда өткізіппін.

P.S.

2008 жылы күзде, Қаражалға келгенімде Қызылордадан бір «Сәке» деген кісі қомақты қаржыны (единицаны») телефоныма салып жіберіпті. «Оу, сіз кім боласыз?» деген сұрағыма: «Жәй, қазақпыз ғой!» деген жауап алдым.  Сол кездің өзінде осы «Сәке» - белгілі қоғам қайраткері Сағат Жүсіп емес пе деген ой келді! Егер осылай болса, Сізге Сағат аға, шын жүректен ризашылығымды білдіремін! Мәселе, әрине, тек ғана ақшада емес,  -  адамның көңілінде ғой! «Солидарность духа!»  -  орысша айтсақ. Ал, егер басқаша болса, бұл «Сәке» Сіздей ардақты «Сәкеңе» сай келед екен!

Әйтеуір, айналайын  ҚАЗЕКЕМ мені ҰМЫТПАСА болды ғой! Ал,  ҚАЗАҚ үшін біз әрқашан  «ЖАН  ПИДА!»  деймін.

Хат жазушы ініңіз  Арон  АТАБЕК.

18 шілде, 2012 ж

Қаражал қаласы.  КИЧА

Уч. АК 159\2.

0 пікір