Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 2174 0 пікір 31 Шілде, 2012 сағат 03:10

Елбасы жұмыс сапарымен еліміздің Шығысында болды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болды. Елбасы сапарының басты мақсаты - өңірдің индустриалдық даму бағытымен танысу.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болды. Елбасы сапарының басты мақсаты - өңірдің индустриалдық даму бағытымен танысу.

Аймақ дамуы

•    Шығыс Қазақстан индустриалды-инновациялық жобаларды іске асыруға инвестиция құю бойынша алдыңғы қатарда. «Казцинк» ЖШС-нің электролизді мыс балқыту зауыты құрылысының өзінеғана 124, 5 млрд теңге көлемінде инвестиция бөлінді;
•    Жалпы облыста 612 млрд теңгені құрайтын 39 инвестициялық жоба бар;
•    Облыста жалпы өңірлік өнім көлемі соңғы үш жылда 58%-ға өсті және 2011 жылы  1,6 триллион теңгеге жетті;
•    Өнеркәсіп өнімінің көлемі2009 жылмен салыстырғанда 64,1%-ға өсті және  791,1 млрд. теңгені құрады;
•    Облыс республикада төменгі көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда:
-    Табиғи көлем индексібойынша - 155,0%;
-    «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы»  аясында  шағын несиені игеру бойынша, 2011 жылы - 1,2 млрд, 2012 жылы - 1,95 млрд теңге бөлінді;
-    Тірек ауылдарын және шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 50 елді мекен мен 4 шағын қалаға қолдау көрсетіледі;
•    Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 82,3 % құрайды. Ағымдағы жылы 24 елді мекенде су құбыры желілерін салу жоспарлануда.

Мемлекет басшысы Өскемен қаласына жасаған жұмыс сапары аясында «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «КЭМОНТ» ЖШС-де, бизнестің жауапкершілігі аясында ашылған хоккей модулінде болды.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енген «Өскемен Арматура зауыты» АҚ - Қазақстан Республикасында кең спектрлі мұнайгаз өнімдерін шығаратын бірден-бір кәсіпорын болып табылады.
Өңірде Индустрияландыру картасы бойынша  2010-2011 жылдары 154 млрд. теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылды. 8 кәсіпорынның  жобалық қуаты 50 пайыздан 100 %-ға өсті.
2012 жылы Индустриаландыру картасының аясында облыста 7  жобаны іске асыружоспарланған, олардың жалпы құны 36,3 млрд теңге.
Арматура зауытында  2009 жылдан бастап «Өндіріс қуатын қайта жаңғырту» жобасы іске асырылуда. Оның жүзеге асуы өнім қуатын арттыруға, өндірілген өнім санын 8900 данаға жеткізуге, жылына 6500 млн теңгені құрайтын сауда өнімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Италия мен Чехиядан өнімнің сапасын артыруға мүмкіндік беретін 9 техникалық қондырғы сатып алынды.
Кәсіпорынның қуаттылығымен танысқан делегация назарына Үдемелі индустриалды-инновациялық даму, шағын қалаларды дамыту және қолжетімді тұрғын үй мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы жөніндегі көрме ұсынылды. Ал екінші көрмеде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты және Сервистік орталықтың жұмысы таныстырылды.
Елбасының кәсіпорындағы қадамы Шемонаиха ауданымен орнатылған тікелей байланыспен жалғасты. «Камышенское» шаруа қожалығының басшысы Владимир Акулов қожалықтың бүгінгі табысы және ауданның әлеуметтік дамуы жөнінде баяндады.
Соңғы үш жылда шаруа қожалығы 900 млн теңгеге толығымен ауылшаруашылық көліктері мен қондырғылар паркісі жаңартылды.
Жылына 11,5 тонна сүт өндіріледі. Жалпы өнім бір жұмысшыға шаққанда 22 мың АҚШ долларын құрайды.
Жыл сайын қожалық аудан мен ауылдың әлеуметтік дамуына 40 миллион теңге бөледі. Жас отбасыларға 40 тұрғын үй салды. Шаруа қожалығының жұмысшыларына 3-5 млн теңге көлемінде пайызсыз несие беріледі. Сауыншылардың жалақысы 120 мың теңгеге, механизаторлардың жалақысы 200 мыңға дейін жетеді. 7 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты.
Камышенка тірек ауылын дамытуға 53 жаңадан жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 136,7 млн теңге бөлу қарастырылуда. Өз кезегінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға  «Камышенское» ЖШС 97 млн теңге бөлмек.
«КЭМОНТ» ЖШС-де делегация электротехникалық құрал-жабдықтарды құрастыратын кәсіпорын цехының қуаттылығымен танысты.
Кәсіпорын жоғары және төмен вольтты реверсор, кешенді трансформатор сияқты электр қондырғыларын өндіреді.  Олар - металлургия, атом, химия, тау-кен, мұнай және газ, энергетика, ауылшаруашылық, тұрғын үй өндірісінде қолданылады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақмыс» ЖШС-мен әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі меморандумы ( 275 млн теңге) аясында салынған жасанды мұз айдыны жабық хоккей модулінде болды.
Талғат Жайлауов - спорт шебері, хокейден Қазақстан ұлттық командасының капитаны Президентке өз алғысын жеткізді.
Мемлекет басшысы өскемендік хоккей мектебінің тәлімгері Сағымбаев Русланға (11 жас) хоккей клюшкасын сыйға тартып, өз қолтаңбасын қалтырды.
Бүгінді таңда облыста хоккеймен мыңдаған адам айналысады, олардың ішінде 3 әйелдер командасы бар. Аталмыш хоккей модулінде 320 жасөспірімдер спортпен айналысуға мүмкіндік алды.
Аймақта хоккей спортын дамытуға барлық жағдай жасалуда. Өткен жылдың өзінде ғана спорт сарайы толығымен жөнделіп, облыс орталығында екі хоккей модулі бой көтерді. Алдағы уақытта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Семей, Зырян, Риддер, Шемонаиха қалаларында хоккей модульдерін салу жоспарланып отыр.

Дерек көзі -Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір