Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4706 0 пікір 27 Шілде, 2012 сағат 10:06

Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам

Елбасының   Таяуда ғана жарық көрген «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы ел болашағына қуатты серпін беретін маңызды құжат деп есептейміз. Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында «Нұр отан» ХДП-ның  «ГНПФ» бастауыш партия ұйымы аталған құжатты талқылаған жиын өткізді. Оған партияның 58 мүшесі толықтай қатысты. Ұжым мүшелері бағдарламаға өзек болған тақырыптарды кеңінен талқылап, өз ойларын ортаға салды.  Көпшіліктің көңілінен шыққан алдағы болашаққа бағдар болатын мақалада ең алдымен еңбек адамының ролі, жайлы тұрмыс пен жарқын болашақтың басты негізі - еңбек екені айқын да дәлелді тұжырымдармен көрсетілген. Мысалы, мемлекеттің стратегиясы әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске бағытымен құрылатындығы бүгінгі қоғамда орын алып отырған масылдық пиғылдан құтылуға жол ашады.  Осы орайда бастауыш партия ұйымының хатшысы Абай Бақытбек бағдарламада айтылған әр адамды «мен өз басымдағы инерцияны жеңу үшін не істедім?»  деген сауал төңірегінде ойлануға шақырды.

Елбасының   Таяуда ғана жарық көрген «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы ел болашағына қуатты серпін беретін маңызды құжат деп есептейміз. Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында «Нұр отан» ХДП-ның  «ГНПФ» бастауыш партия ұйымы аталған құжатты талқылаған жиын өткізді. Оған партияның 58 мүшесі толықтай қатысты. Ұжым мүшелері бағдарламаға өзек болған тақырыптарды кеңінен талқылап, өз ойларын ортаға салды.  Көпшіліктің көңілінен шыққан алдағы болашаққа бағдар болатын мақалада ең алдымен еңбек адамының ролі, жайлы тұрмыс пен жарқын болашақтың басты негізі - еңбек екені айқын да дәлелді тұжырымдармен көрсетілген. Мысалы, мемлекеттің стратегиясы әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске бағытымен құрылатындығы бүгінгі қоғамда орын алып отырған масылдық пиғылдан құтылуға жол ашады.  Осы орайда бастауыш партия ұйымының хатшысы Абай Бақытбек бағдарламада айтылған әр адамды «мен өз басымдағы инерцияны жеңу үшін не істедім?»  деген сауал төңірегінде ойлануға шақырды. Әр қазақстандық еліміздің ертеңі, Қазақстанның гүлденуі үшін қолынан келген іспен айналысып, Отанына пайдалы азамат болуды  басты мақсат тұтынуы қажет,- десе, операциялық залдың бастығы Ләйлә Тыныкина Елбасының болашақты қалай бағдарлайтыны жайлы тоқталып, халықты әлеуметтік қорғау және бейімдеу жүйесін дамыту жобасын қуаттайтындығын айтады. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру, демек- зейнет жасындағы, бірақ еңбекке қабілетті жастағы адамдар санын аттыру - денсаулық сақтауды дамытудың нақты нәтижесі екендігін Елбасы атап көрсеткен. Осыған орай бірқатар елдерде зейнеткерлік  жасын қайта қарау жайлы да көзқарастар да қарастырылуда. Бағдарламада  Нұрсұлтан Назарбаев әйел-аналарға  қамқорлықты да  естен шығармайды. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп жүрген көпбалалы отбасыларына қолдау көрсету, декреттік демалыстан соң мемлекет есебінен кәсіптік оқу да әйел-аналар үшін көп жеңілдік. Міне, осындай алға ұмтылдыратын бастамашы бағдарлама халық қолдауына ие деп есептеймін.

Дариға Дайырова,

«Нұр Отан» ХДП

Семей қалалық филиалы

тексеру комиссиясының төрайымы,

«ГНПФ» бастауыш партия ұйымының төрайымы

 

0 пікір